- •1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
- •2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
- •3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
- •6) Бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:
- •4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/к), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
- •5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
- •6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
- •7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
- •8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
- •9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.(1б)
- •10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.(1б)
- •11.Кбтқ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер(1б)
- •12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.(1б)
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •II блок
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
- •7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
- •8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
- •III блок
- •3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
- •4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
- •5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
- •6. Кеден құқығы институттары.
- •11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
- •13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
- •14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
- •20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
- •22 Кедендік тасымалдаушы
- •23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
- •24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
- •25.Кедендік статистика.
- •26.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
- •27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •28. Әкімшілік құқық бұзушылық жүргізілетін жұмыстар
- •1.2 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізудің құқықтық тәртібі
22 Кедендік тасымалдаушы
Кедендік тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады. Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары:
1) заңды тұлғаның кеден органына өтініш берген күніне дейін кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді енгізу күніндегі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде екі мың евроға баламалы сомаға осындай қамтамасыз етуді ұсыну;
3) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың болуы;
4) тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында, жалға алынған болуы;
5) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
6) кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-407, 410-412, 414, 415, 427-429, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.
Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.
Кедендік тасымалдаушының міндеттері:
1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен табыс етуге;
3) осы Кодекстің 331 және 332-баптарында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;
5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезінде өзі мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі: Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
