- •1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
- •2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
- •3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
- •6) Бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:
- •4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/к), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
- •5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
- •6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
- •7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
- •8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
- •9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.(1б)
- •10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.(1б)
- •11.Кбтқ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер(1б)
- •12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.(1б)
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •II блок
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
- •7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
- •8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
- •III блок
- •3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
- •4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
- •5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
- •6. Кеден құқығы институттары.
- •11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
- •13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
- •14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
- •20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
- •22 Кедендік тасымалдаушы
- •23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
- •24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
- •25.Кедендік статистика.
- •26.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
- •27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •28. Әкімшілік құқық бұзушылық жүргізілетін жұмыстар
- •1.2 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізудің құқықтық тәртібі
28. Әкімшілік құқық бұзушылық жүргізілетін жұмыстар
Арнаулы ереже бойынша кедендік ережелерді бұзған жеке және қызметтегі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Бұндай жағдайда Қазақстан Республикасының кедендік қызметкері тез арада бұл туралы хаттама әзірлеп, хаттамада төмендегі нәрселер көрсетілуі тиісті.
а) Хаттаманы әзірлеушінің аты, тегі, лауазымы.
б) Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер.
в) Ереженің қай уақытта, қай жерде бұзылғандығы туралы ескертпелер.
г) Ереженің бұзылуына сәйкес жауапкершіліктің жүгі туралы статья көрретілуі тиісті.
д) Егер куәгерлер болған жағдайда олардың аты, тегі жазылуы тиіс.
р) Кедендік ережені бұзған адамның осы туралы түсініктемесі алынуы
міндетті тұрде қажет.
к) Кедендік ереже бұзылған жағдайда алынған жүктердің тізімі.
к) Істі жүргізуге қажетті басқа да мәліметтер көрсетілуі қажет.
Хаттамаға оны құрастырушының, жауапты адамның, куәгерлердің қолы қойылуы міндетті. Жауапты адамның хаттамаға келіспеушілігі туралы өз пікірін білдіруге болады және оның хаттамаға қол қойылмағаны туралы мәлімет берілуі қажет.
Хаттамада жауапкершілікке тартылатын адамның құқықтары да көрсетіледі және хаттаманың көшірмесі (копиясы) оған жіберіледі немесе тапсырылады.
Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы хаттама жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда кедендік жауапты қызметкер айыпты тұлғаны арнаулы кедендік бөлмеге әкелуге құқы бар. Бұндай жағдайда кедендік қызметкер Қазақстан Республикасының кедендік ережелеріне сәйкес жанындағы қызметкерлерден жәрдем сұрауға да еркі бар.
Хаттамада жауапкершілікке тартылған адамның (тұлғаның) қарсылық көрсетілгені туралы да жазылуы тиісті.
Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы басқа да себептер болуы мүмкін және оларға төмендегі жағдайлар жатады:
1.Қазақстандық немесе шетелдік азаматтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша;
2. Құқық қорғау мекемелерінің хабарлауы бойынша;
3.Шетелдік мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың хабарлауы бойынша;
4.Басқа да Қазақстан Республикасының кедендік ұйымдарының мәліметтері бойынша.
Мұндай жағдайлар КК 291 бапта атап өтілген:
1. Кеден ережесінде заң бұзушылық оқиғаларының болмауы;
2. Кеден ережесінде заң бұзушылық құрамының болмауы;
3. 16 жас деңгейіндегі кеден ережесін бұзушылықта сол сәттегі тәртіп бұзушы жеке тұлғаның сол нәтижеге жетпеуі;
4. Кеден ережесін бұзушы тұлғаның өзгермеуі;
5. Жеке тұлғаның іс-әрекеті амалсыздан жасалғандығы;
6.Егер заң бұзушылықты бір мекеме, кеңсе немесе ұжым жасаса, сонымен бірге жеке тұлғаның кәсіпкерлік жұмыспен айналысқан адамның заңгерлік білімі болмаса;
7.Егер ол кеден ережесін бұзудағы іздену істерін қолдануды алып тастаса, кешірім беру актісін шығарады;
8.Кеден ережесін бұзудағы жауапкершілікті тіркейтін актінің алынып тасталуы;
9.Кеден ережесін бұзудағы жеке тұлғаның ісі бойынша іс қозғаудағы уақыттың өтуі;
10.Кеден ережесін бұзудағы жеке тұлғаның тиянақты тәртіппен тіркелген іс- әрекеттің қайта қозғаудағы дәлелдемеулердің болуы;
11.Жеке тұлғаның кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылудағы қылмыстық істің сол дәлелдемелер бойынша жүруі;
12. Егер кеден ережесін бұзған жеке тұлғаның өлімі туралы хабар келсе, оған айтылған іс тоқтатылады.
Егер жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кеден ережесін бұзу ісінде біреуі болса, онда іс қозғалмайды, ал басталған іс тоқтатылады. Кеден ережесін бұзушылық ісі жөніндегі жұмыстарды ҚР кеден басқармасының лауазымды адамымен жүргізіле береді, бірақ бұл істі ҚР кеден басқармасының бастығы немесе оның орынбасары сол кеден тәртібін бұзушылықта лауазымды тұлғаның қандай іс-шаралармен іс қозғап жатқанына қатысты болу керек (290 бап КК)
ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы 316 бапқа сәйкес кеден тәртібін бұзуда төмендегі шарттар бойынша іс қозғай алмайды, егер:
а) жауапқа тартылған адам бұрынғы іске немесе оны қарауда куәгер, маман, заңды тұлға ретінде қараса;
б) егер лауазымды тұлға мен жауапқа тартылған адамның немесе ақтаушының, сонымен қатар куәгердің, тексерушінің, мамандардың сол өндірісте істі қарауда қатысқан адамдардың туыстары болса;
в) егер сол істің жүруіне тікелей қызығушылық білдірсе;
Берілген лауазымды тұлғаның Кеден ережелерін бұзу істерін қарауда немесе өндірістің жүргізу мүмкіндігін тоқтататын жағдайлар болса, онда ол міндетті тұрде қайтарып алу жөнінде өтініш беруге міндетті. Көрсетілген жағдайларға байланысты ҚР кеден ұйымының лауазымды тұлғасына қайтарып алу өтініш жауапқа тартылған жеке тұлға, оның ақтаушысы мен куәгерлер береді. Мұндай өтініштерді қарау ҚР кеден ұйымының бастығымен немесе орынбасарымен қарастырылады.
КК 294 бабына сәйкес хабарландыруды, өтініштерді, басқа да кеден ережесін бұзуға әрекеттер әзірлеп жатқанын, жасап жатқанын немесе бұзушылық жасалып болғаны жөніндегі ақпараттар үш тәулік ішінде аяқтау керек, тек кездейсоқ жағдайларда 10 тәуліктен аспау керек. Мұндай хабарландырулар, өтініштерді және ақпараттарды тексеретін ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы кеден ережесін бұзу жөніндегі істі жүргізгенге дейін тауарларды және көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізуге құқы бар, сонымен қатар кедендік брокерден және басқа тұлғалардан тауарларды немесе көліктік құралдарын ҚР кедендік шекарасынан өткізу үшін тиісті тұрде сол тұлғалардан құжаттарды, түсініктемелерді және айқындама қағаздарын алу керек (КК 295-бабы).
Кеден ережесін бұзу жөніндегі істің өндірісі КК 292 бабына сәйкес істі жүргізгеннен бастап бір айдың ішінде аяқталуы тиіс. Бұл істі кеден басқарма бастығының одан жоғары ҚР кеден басқармасының рүқсатымен ғана үзартуға болады.
Қозғалып жатқан істі бір үйымнан екінші үйымға ауыстыру мәселесін ҚР кеден басқармасының бастығымен шешіліп, іске асады. ҚР жоғары түрған кеден басқармасы өзінің өндірісіне кеден ережесін бұзу жөніндегі кез келген істі өзіне немесе сол істі өндіру үшін басқа өзінен төмен түрған кеден үйымына беруі мүмкін. (КК 297-6).
Кеден ережесін бұзушылық жөніндегі істі біріктіруге немесе бөлуге КК мүмкіндік жібереді. Олар ҚР кеден ұйымының лауазымды тұлғаның қаулысымен өндіріледі. Егер жауапқа бір немесе бірнеше тұлға тартылған болса, сол істің барлығы бір өндірісте біріге алады.
Кеден ережесін бұзушылық жөніндегі хаттамаларда актілерде, сараптамаларда, сонымен бірге жазбаша немесе жеке тұлғаның істі жүргізуге барлық нақты дәлелдемелер болса, 303 бапқа сәйкес алдын ала кеден басқармасының бастығымен немесе оның орынбасарының келісімдері бойынша істі қозғауға болады.
Көрсетілген жағдайлар кеден басқармасы мен арнайы ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасы үшін аса маңызды. (баспасөз, радио және теледидар өкілдері)
Әрине, нарықтық экономика жағдайында алдын ала іске қаулы шығаруы кәсіпкердің тек өндірістік жұмысына ғана емес, сонымен бірге оның рухани жан дүниесіне әсер етеді.
