Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
keden_-_kopia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
135.39 Кб
Скачать

20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау

Кедендік декларациялау – декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі.

1. Декларант тауарлардың кедендік құнын декларациялауды осы Кодекстің осы тарауына және 32-тарауына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау шеңберінде жүзеге асырады.

2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.

Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер кедендік құн декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсаттар үшін қажетті мәлімет болып табылады.

Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау нысандары және оларды толтыру қағидасы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кедендік құнды декларациялау тауарға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Егер кедендік құн декларациясы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес болуы мүмкін не тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін белгілер анықталған кезде кеден органы кедендік құн декларациясын табыс етуді дәлелді түрде талап етуге құқылы.

4. Тауарлардың мәлімделетін кедендік құны және оны айқындауға қатысты табыс етілетін мәліметтер дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпараттарға негізделуге тиіс.

5. Декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі кедендік құн декларациясында көрсетілген дұрыс емес мәліметтер көрсеткені және осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Кедендік декларацияны беру мерзімдері

1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларға арналған кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

2. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олар кеден одағының кедендік аумағынан кеткенге дейін беріледі.

3. Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық қаруы, құралы немесе мәні болып табылған тауарларға, қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты кедендік декларация:

1) қылмыстық (әкімшілік) жауапкершіліктен босату туралы сот шешімі;

2) әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы кеден органының (лауазымды адамның) шешімі;

3) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) қылмыстық (әкімшілік) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі;

4) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік декларация белгіленген мерзімде берілмеген тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.Декларант:

1) кеден одағына мүше мемлекеттің:

сыртқы экономикалық мәміле жасасқан тұлғасы не оның атынан (тапсырмасы бойынша) осы мәміле жасалған;

сыртқы экономикалық мәміле болмаған кезде тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлғасы;

2) шетелдік тұлғалар:

жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтетін жеке тұлға;

осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;

кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған өкілдігі бар ұйым, – уақытша әкелу, кері экспорт кедендік рәсімдерін, сондай-ақ осы өкілдіктердің жеке мұқтаждары үшін әкелінетін тауарларға ғана қатысты ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімін мәлімдеген кезде;

кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мәміле тараптарының бірі болып әрекет ететін, мәміле шеңберінен тыс тауарларға билік ету құқығы бар тұлға;

3) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеу үшін – осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:

тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;

экспедитор, егер ол кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, декларант бола алады. Кедендік декларацияны беру және тіркеу:

1. Кедендік декларацияны декларант немесе кеден өкілі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына береді.

2. Кеден органы кедендік декларацияның, оның электрондық көшірмесінің және қажетті құжаттардың берілген күні мен уақытын, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, белгілеп қояды.

3. Кеден органы кедендік декларацияны Кеден одағы комиссиясының шешімінде айқындалатын тәртіппен кедендік декларация берілген кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.

4. Кеден органы кедендік декларацияны тіркеуден, егер:

1) кедендік декларация кедендік декларацияны тіркеуге құқылы емес кеден органына берілсе;

2) кедендік декларацияны уәкілетті емес тұлға берсе;

3) кедендік декларацияда осы Кодекстің 278 – 280-баптарында көзделген қажетті мәліметтер көрсетілмесе;

4) кедендік декларацияға қол қойылмаса не тиісті түрде куәландырылмаса немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаса;

5) декларацияланатын тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес кедендік декларация берілгенге дейін немесе берілуімен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаса, бас тартады.

5. Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды кеден органының лауазымды адамы жазбаша нысанда бас тарту себебін көрсете отырып ресімдейді.

Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартылған жағдайда кедендік декларация және табыс етілген құжаттар декларантқа не кеден өкіліне қайтарылады.

6. Егер кедендік декларацияны кеден органы тіркемесе, ондай декларация кедендік мақсаттар үшін берілмеген болып саналады.

7. Кедендік декларация тіркелген кезден бастап заңдық маңызы бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.

8. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялау кезінде қолданылмайды.

21 Кеден брокері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi) кеден брокерi ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алған және өзiнiң штатында Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң бiлiктiлiк аттестатын алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманы бар заңды тұлға кеден брокерi бола алады.

2. Кеден брокерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Кеден брокерiнiң қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды өз атынан жасау және өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен және тапсыруы бойынша кеден iсi саласында басқа да делдалдық қызметтердi орындау болып табылады.

Кеден брокерiнiң мiндетiне:

тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялау;

Қазақстан Республикасының кеден органына кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi ұсыну;

декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органдарына ұсыну;

декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу;

декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiкке ие тұлға ретiнде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау үшiн қажеттi әрекеттердi жасау кiредi.

4. Алдын ала операциялар кезiнде кеден брокерi мынадай әрекеттердi:

Қазақстан Республикасының кеден органын Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге ниеттенiп отырғаны туралы хабардар етудi;

алдын ала операцияларды жүргiзген кезде кеден мақсаттарына керектi құжаттардың жобаларын жасауды;

тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймаларына орналастыруды жүзеге асыра алады.

5. Кеден брокерi өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде:

Қазақстан Республикасы кеден органының талабы бойынша өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен кедендiк ресiмдеуге жататын тауарларды тасымалдау, өлшеу немесе санын өзгеше анықтауды, тиеудi, түсiрудi, қайта тиеудi, бүлiнген орамасын түзеудi, орамасын ашуды, орауды немесе тауарлар мен көлiк құралдарын қайта орауды, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлiк құралдары қойыла алынатын үй-жайларды, сыйымдылықтарды және басқа да жерлердi ашуды жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының кеден брокерiнiң декларациялайтын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты жүргiзетiн мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық және мемлекеттiк бақылауының басқа да түрлерiн жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлейтiн тәртiпте тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты есеп пен есеп берудi жүргiзуге;

кеден брокерi пайдаланатын ақпараттары мен бағдарламалық өнiмдерiн автоматты өңдеу құралдарының Қазақстан Республикасының кеден органдары пайдаланылатын ақпараттары мен бағдарламалық өнiмдердi автоматты өңдеу құралдарымен үйлесуiн қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының кеден органдарына анықталынған кез келген өзгерiстер, кедендiк теңдестiру құралдарының өзгеруi, құруы, бүлiнуi немесе жойылуы, ыдыстар мен орамалардың бүлiнуi, тауарлардың көлiк, коммерциялық және құжаттардағы олар туралы мәлiметтерге сәйкес келмеуi, түрлi құжаттардағы тауарлар жөнiндегi мәлiметтердiң сәйкес келмеуi және кеден iсiне қатысты бар осыған ұқсас жағдаяттар туралы дереу хабарлауға;

өзi бiлдiретiн тұлғаларға Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын түсiндiруге;

Қазақстан Республикасының кеден органдарына кеден брокерiнiң штатында тұрған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ осындай мамандардың қолдарының үлгiлерiн ұсынуға мiндеттi.

Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде кеден брокерi:

Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртiпте тауарларды кедендiк ресiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiнде қатысып отыруға;

кеден органдары жүргiзген алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеудiң (сараптаманың) нәтижелерiмен танысуға;

алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеудi (сараптаманы) жүргiзуге не өз қаражаты есебiнен немесе өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай зерттеудi (сараптаманы) жүргiзудi қамтамасыз етуге;

Кеден органдарының рұқсатымен Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлеген тәртiпте осы органдардың құзыретiне жататын бақылау-қадағалау функцияларын қоспағанда жекелеген әрекеттердi (теңдестiру құралдарын өзгерту, жою немесе құрту және басқаларды) орындауға;

Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiмен кедендiк бақылау аймақтарына кiруге құқықтары бар өз қызметкерлерiнiң тiзiмiн бекiтуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аталған аймақтарда кедендiк ресiмдеу операцияларын жасау үшiн қажеттi қызметтiк үй-жайларының болуына;

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарынан кеден мәселелерi бойынша ақпарат пен консультациялар алуға;

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы кеден органдарының ақпаратты автоматтық өңдеу, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi деректердi электронды жолмен беру үшiн пайдаланатын ақпараттық желiлерiне енуге;

Қазақстан Республикасы кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетi мен әрекетсiздiгiне белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]