
- •1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
- •2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
- •3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
- •6) Бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:
- •4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/к), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
- •5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
- •6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
- •7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
- •8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
- •9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.(1б)
- •10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.(1б)
- •11.Кбтқ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер(1б)
- •12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.(1б)
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •II блок
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
- •7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
- •8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
- •III блок
- •3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
- •4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
- •5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
- •6. Кеден құқығы институттары.
- •11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
- •13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
- •14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
- •20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
- •22 Кедендік тасымалдаушы
- •23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
- •24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
- •25.Кедендік статистика.
- •26.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
- •27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •28. Әкімшілік құқық бұзушылық жүргізілетін жұмыстар
- •1.2 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізудің құқықтық тәртібі
Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
Біртекті тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау – сипаттамалары бірдей, ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, дәл сондай қызмет атқаратын бірін бірі алмастыратын заттарға қойылатын бағасы.
Бірдей тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау- тауарлардың негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, нарықтағы беделі,сапасы, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың бағасы жатады.
Құнды шегеру- бұл кезде тасымалдау, сақтандыру, т.б кедендік баж салығына қосылмайды. Құнды қосу- Кедендік құнды анықтау үшін материалдар мен шығындар, жалпы шығын және тауар жеткізу үшін келетін пайда жатады.
Резервтік әдіс егер тауарлардың құны жоғарыда аталған әдістер бойынша анықталмаған болса әлемдік тәжірибеде не бар сол бойынша анықталады.
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Кедендік рәсім – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығыболып табылады.
13.Жолаушының қол жүктері мен заттарын бақылау приборлары. Жолаушылардың жеке басын тексеру техникалық құралдармен бақылау тексерiсiнiң белгiлерi бойынша, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгi қызметi мен құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының дәлелдi шешiмдерi бойынша азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктер мен нәрселердi табу үшiн қажеттi шегiнде жүргiзiледi. Тексеру нәтижесi хаттамамен ресiмделедi, оған тексеру туралы шешiм қабылдаған адам, тексеру жүргiзушi және жолаушы қол қояды. Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Рентгендік тексеру техникасы - кеден органдары жолаушылар алып жүретін және алып жүрмейтін жүктерінің халықаралық почта жөнелтімдері мен кіші және орташа көлемдегі ыдыстардағы тауарлардың құрамын оларды ашпастан, рентгенге түсіру әдісімен көзбен көріп тексеру үшін пайдаланатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Аталған жүйелерде түсі бойынша монитордан қарау кезінде материалдарды органикалық және органикалық емес бөлу функциялары пайдаланылады. Кеден органдары стационарлық және жылжымалы жүйені қолданады.
2) Техникалық радиациялық бақылау құралдары - өткізілетін радиоактивтік және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды табуға, таратпауға және бірдейлендіруге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі. Оларға дозиметрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды табудың стационарлық жүйелері жатады.
3) Техникалық іздеу құралдары - жолаушылардың алып жүретін және бірге алып жүрмейтін жүктеріне, халықаралық почта жөнелтімдеріне, тауарларға және көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерге кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі. Мұндай техникалық құралдарға:
металлодетекторлар - қара және түсті металдардан заттарды табуға мүмкіндік беретін электрондық приборлар; портативті, жылжымалы және стационарлық болады;
тексеру айналары - ауыстырылатын әртүрлі нысандар мен мөлшердегі айналар жиынтығы бар телескопиялық ұстағыштар автокөлік құралдарының түптерін тексеруге арналған жарық түсіру қол аспаптарымен, сондай-ақ көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерден заттарды алуға арналған арнайы ілмешектермен бірге қолданылады;
тексеру қуыс бұрғылары - әртүрлі диаметрдегі және ұзындықтағы ерекше шыңдалған металл стержендер, шаншып тесуге болатын объектілерден (жұмсақ және картон орамдардан, көлік құралдарының отырғыштарынан, төгілмелі жүктерден және т.б.) сынамалар алуға арналған арнайы нысандағы тесігі барлары болады;
эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлер мен әртүрлі оның ішінде агрессиялы сұйықтар толтырылған ыдыстарды тексеруге арналған оптикалық приборлар. Үш модификацияда дайындалады: қатты»(бараскоптар) - оптикалық қатты бекітілген элементтер мен жарық талшықты жарық түсіру жгуты орнықтырылған әртүрлі ұзындықтағы және диамердегі металл түтіктер, талшықты оптика негізінде орындалған және жарықтандыру мен зерттелетін кеңістікті тікелей шолуға арналған екі жарық талшықты жгуты бар "иілгіш"»(флескоскоптар), сондай-ақ "жартылай қаттылар";
тексеру шамдары жатады.
4) техникалық бірдейлендіру құралдарды - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі, оларға:
кедендік және өзге де құжаттардың, пломбалардың, мөрлердің түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
қымбат бағалы металдар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
қымбат бағалы тастар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
есірткі және жарылғыш заттарды бірдейлендіру приборлары;
криминалистік кешендер;
микроскоптар, лупалар, ультракүлгін шамдар;
рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;
өлшеу приборлар жатады;
энергия ресурстарын есептеу құралдары;
озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.
5) Техникалық анықтау құралдары - олар бойынша анықтау жүргізу кеден органдарының құзыретіне кіретін қылмыстар туралы істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу процесінде құқық бұзушылықтардың іздерін анықтау мен бекіту үшін, сондай-ақ нақты істер бойынша қызығушылық білдіретін адамдардың берген жауаптарының дыбыс- және бейнежазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Бұл техникалық құралдарға: фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар мен диктофондар жатады.
6) Көзбен көріп бақылаудың техникалық құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі шұғыл жағдайларды бақылау үшін кеден органдары пайдаланады. Оларға: бақылаудың оптикалық аспаптары - дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру приборлары, сондай-ақ шолулық телевизияның жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады.
7) Аудио және бейнеақпараттар тасымалдаушыларды техникалық бақылау құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайдпроекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады.
8) Техникалық жедел байланыс құралдары - жақын ультрақысқатолқынды радиобайланыс (УҚТ-радиобайланыс) аппаратуралары кешенінің көмегімен кедендік бақылау процесін жедел басқару үшін кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі.
Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.
9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салу құралдары - контейнерлерді, вагондарды, цистерналарды, әртүрлі көліктер мен жүктерді рұқсатсыз ашудың алдын алу үшін қолданылатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі. Оларға - ілмекті пломбалау құрылғылары, мөрлер, пломбираторлар, пломбалар, акциздік маркалар, флуорэсценттік фломастерлер жатады.
14.Көзбен қарауға қиын жерлерде бақылауға қолданылатын портативті телевидениялық жүйенің жұмыс істеу принципі.Көзбен қарауға қиын жерлерде бақылауға қолданылатын портативті телевидениялық жүйенің қолданылу облысы:кедендік,транспорттық тексеру,өндірістік диагностика,қауіпсіздікпен қамтамасыз ету,құтқару операциялары болып табылады.Жүйенің құрамы:ықшамды видеокамералар,телескоптық штангалар,штангаға бекітілген монитор,әр түрлі ременьдер,басқару блогы,зарядтайтын қосымша аккумулятор,қосымша аксессуарлар жатады.Жүйенің эффективтілігі:жүйенің барлық элементтерінің аздаған габариттері арқасында,жеңіл және ыңғайлы телескопиялық штангалар арқасында,жарықтандыру жүйесі мен автономды қорек көзі және модификациясының әр түрлілігі-көзбен қарауға қиын жерлерде оперативті тексеруге мүмкіндік береді.Жүйе модификациясы:орындаудың 10 түрлі нұсқасы бар және видеокамераларды қорғау lәрежесінің әртүрлілігі,телескопиялық штангалардың ұзындығы,жарықтандыру нұсқалары,монитордың түрлері бойынша жұмыс атқарады.Кейбір модификацияларда фрадиоканал арқылы телефонға және стационар бақылау пункттеріне аудио немесе видеоақпараттар жіберуге мүмкіндік бар.Жүйе элементтерінің ерекшеліктері:мысалы видеокамера әр түрлі корпуста жұмыс жасайды.Видеокамераның диаметрі - 25-28мм,инфрақызыл жарық қарастырылған.Штанганың қозғалмалы бөлігі қарау бұрышын ауыстыруға мүмкіндік береді,видеокамераға айна жабыстыруға болады.Телескопиялық штанганың құрылымы жеңіл және мықты.Штанганың қозғалмалы бөлігін қоспағанда ең үлкен ұзындығы модификациясына байланысты 2-8м болады.Басқару блогы шағын сумкада орналасқан,оның ішінде қорек көзі,басқару органдары,радиоканалды модификациялар,аудио және видео каналдар жіберу блоктары болады.Радиоканал арқылы ақпарат жіберудің ұзақтығы 100м – 3км.Стереоканал жиіліктері – 920-940Мгц,телевизионды канал жиілігі -920, 940,1100,2465Мгц,телеметрия каналының жиілігі - 2465Мгц.Жүйе аккумуляторлық батарея және басқа қорек көздері арқылы 12В-пен қоректенеді.
15.Кеденде қолданылатын металл детектордың түрлері,жұмыс істеу принципі,техникалық сипаттамасы.Металдан жасалған бұйымдарды, қару жарақ пен оқ дәрілерді анықтау үшін металл детекторлар қолданылады. Металл детектордың көмегімен тікелей адамның денесінде жасырылған қару жарақтарды , оқ дәрілерді, құнды металдардан жасалған бұйымдарды табу мынаған саяды: тұлғада металдан жасалған белгілі бір массадағы объектінің бар екендігін анықтау мен сол затты ерікті түрде беретіндей етуін немесе одан бас тартқан жағдайда оны жеке тексеріп қарау кезінде алудың шараларын қолдану. Егер өту кезінде дабыл сигналы туындаса, онда қол металл детекторы қолданылады, оны адам тұлғасының периметрі бойынша қозғай отырып, кеден қызметкері металдан жасалған заттың орнын мейілінше дәл анықтайды. Тұрақты металл детекторлар негізінен едәуір салмақты заттарды анықтауға қолданылады, ал жоғары сезісталдығы бар қол металл детекторлары жұмсақ металдан жасалған заттарды анықтауға арналған, олардың көмегімен бас киімдерге, сырт киімдерге, шалбарларға, аяқ киімдерге, фурнитура заттарына тығылған бұйымдар жақсы табылады. Металл детекторлардан басқа шет елдерге контрабанданың портативті детекторлары шығарылады және қолданылады. Әмбебаптары (ITMS Vapor Tracer ) есірткі және жарылғыш заттарды анықтау үшін қолданылады. Құралдың жұмыс істеу қағидасы детекторға сынаманың буын енгізуге негізделген, онда сынама жылытылып, иондалады, содан соң затты үйлестіру жүргізіледі. Құралды пайдалану оңай , небәрі басқарудың бес түймесі және сұйық кристалды дисплейі бар. Жарылғыш заттарды (ЖЗ) анықтаушы VIPER тасымалданатын құрылғысы. VIPER тасымалданатын құрылғының бесінші буынынан аспабы, тез арада, үш секундтан кем емес уақытта ЖЗ анықтауға мүмкіндік береді. МЕТАЛ ДЕТЕКТОРЛАР: 1) COMET - қолға ұстайтын жартылай өткізгіш металл іздегіш шағын аспап. Бұйым мынадай қызметтерді орындайды: адамның киім кешегіндегі , пошта корреспонденциясындағы, жиһаздағы , құрылыстық құрылымдардағы металдың бар жоғын анықтайды; металл емес тосқауылдардың арғы жағындағы ток өткізгіштерді сәйкестендіреді. Ықшам габаритіне, электр тұтынуының аздығына, сыртқы ортаға төзімділігіне байланысты аспап пайдалануға өте қолайлы . Металл заттарды анықтау индикациясы түсті және дыбысты. 2.»ПОИСК – 5» диэлектрикалық орталардағы әр түрлі металл заттарды анықтайтын, қолға ұстауға арналған сезімталдығы жоғары серпілісті әрі таңдамалы металл іздегіш. Аспап сонымен қатар ғимраттарды, жиһаздарды, топырақты зерттеу үшін қолданылады. Қандай металл түрінен жасалғанына және габариттік өлшемдеріне қарай анықталған объектілерді жіктеуге мүмкіндік береді, аспап құрамына кіретіңдер: электронды блок, үлкен іздеуіш датчик, ажыратқыш қарнақ, құлаққап, қуаттандырғыш құрылғы, құндақ. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: детекторлау қашықтығы, см - пистолет ПМ -50; жез табақша( 25 мм диаметрлі) – 20; консерві қалбыры – 80; болат қатпар (пластина) (1000*1000*1мм) – 180; салмағы, кг - 1,7; қуаттануы, В – 12; үзіліссіз жұмыс істеу уақыты, екі сағаттан кем емес. 3. «ПОИСК – 3М» тұрақты іріктемелі құйынды металл іздегіш бақылауға қол жетімді жерлерде ( әуе жайларда, арсеналдарда, қоймаларда) келушілердің киімі астынан ататын немесе суық қаруларын тексеруге арналған. Әр түрлі салмақтағы металдарға икемделе алады. Құрастыруы мен икемдеуі өте қарапайым, ағаштың құнды түрлеріне ұқсатылған және есік ойығына үйлесімді орналасады. Түстік және дыбыстық дабыл қаққыштары бар. «ПОИСК – 3МР» үлгісінде ионданушы сәулелену датчигі орнатылған, ол тек бұйымның негізгі қызметін орындап қана қоймай, күзетіліп тұрған объектіге радиоактивті сәулелендіру көздерін өткізбеуді де бақылауға мүмкіндік береді. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: Өткізілімнің ені, м – 0,8; Өткізілім арқылы өту жылдамдығы, м|сек – 2- ге дейін; Қаруды анықтау мүмкіндігі – 0,95; Жалған дабыл мүмкіндігі – 0,02.