- •2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.
- •3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
- •6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.
- •11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.
- •12.Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз .
- •13.Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз.
- •15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?
- •17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
- •18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •19.Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.
- •20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
- •22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •23.Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.
- •24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
- •25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
- •26 Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
- •27.Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.
- •29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
- •30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
- •31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
- •33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
- •34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
- •35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
- •36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.
- •37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.
- •39.Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз
- •40. Инвестиция ұғымының экон-қ мәнін ашыңыз.
- •Жалпы ж/е бүтіндей инвестициялар;
- •Негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвес-я;
17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
Еңбек өнімділігі – еңбек шығындарының тиімділігін, нәтижелілігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігіне сәйкес келетін өндірілген өнім санымен немесе өндірілген өнім бірлігіне кеткен еңбек шығындарымен анықталады.еңбек өнімділігі тірі және қоғамдық еңбек өнімділігі болып бөлінеді. Тірі еңбек өнімділігі әрбір жеке өндірісте жұмыс уақыт шығындарымен анықталады. Қоғамдық еңбекті есептеу өте күрделі. Бұл барлық халық шаруашылығына тиесілі материалдық өндірістегі бір жұмысшыға келетін ұлттық өнім үлесі ретінде анықталады. Еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеу үшін ақпарат көзі ретінде ресми статистикалық есептілік деректері болып табылады. Шағын кәсіпорындардағы есептеулердің шиеленісті болуына, ресми түрде қызметкерлердің тіркелмеуіне байланысты еңбек өнімділігі көрсеткіштері тек ірі және орта кәсіпорындар бойынша есептелуде. Ауыл шаруашылығы бойынша еңбек өнімділігі көрсеткіші бұл салада негізгі өндірушілер үй шаруашылығы болатындықтан құрастырылмауда. өндіріс көлемін сипаттаушы көрсеткіштер ретінде жалпы қосылған құн пайдаланылады. Деректердің салғастырымдылығы үшін салалық деңгейде еңбек өнімділігін өлшеу барысында еңбек өнімділігі көрсеткіші жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың жалпы қосылған құнының негізгі персоналдардың нақты қызметкерлер санына қатынасы ретінде келесі формула ретінде есептеледі:
-
П = V / Ч,
Мұндағы П – еңбек өнімділігі;V – саладағы жалпы қосылған құн;Ч – саладағы орташа тізімдік қызметкерлер саны. Еңбек өнімділігіндегі құндық индексті есептеу үшін өндірілген өнім (қызмет) құнының тұрақты бағасы деректерін пайдалану керек. Өңірлер бөлінісінде экономиканың салалары бойынша (салааралық) еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің есептері төрт кезеңде жүргізіледі: Бірінші кезеңде тоқсандық негізде есепті айда бар болған өткен тоқсанның деректері негізінде салалар бөлінісінде жалпы өңірлік шығарымда аралық тұтыну үлесінің есебі жүзеге асырылады.
,
мұнда
– өткен кезеңнің жалпы қосылған құны;
–
өткен кезеңнің жалпы шығарылым;
–
өткен кезеңнің аралық тұтынуы. Бұдан
әрі, экономиканың сәйкес салалары
бойынша жалпы өңірлік шығарылымда
аралық тұтынудың үлес салмағы келесі
формула бойынша есептелінеді:
Екінші кезеңде әрбір өңір бойынша тиісті ЭҚЖЖ салалары бойынша ірі және орта өндірістік бірліктерден алынған салалық шығарудың негізінде ЖҚҚ бағалық есебі 3-ші формула бойынша жүзеге асырылады:
,
–
кезеңнің жалпы қосылған құны;
– кезеңнің салалық жалпы шығарылымы;
d пп – саланың жалпы өңірлік шығарылымында
арадағы қолданудың үлес салмағы.
18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді. Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі құндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалык объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері: •Баға; •Сапалық; •Жаңалық; •Жарнама; •Пайдалану сенімділігі; •Көркемдеу, мәнерлеу; •Буып-түю, т.б. Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықты жағдайдағы жұмыс философиясы.
Осыдан келіп біз өнімнің өзіндік құнына тоқталамыз. Әрине бұл көрсеткіште кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін танытады. Өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Және бұл жерде өнімнің өзіндік құнын өзгерту – бұл мақсат емес. Оның мәнін білу — көптеген экономикалық сұрақтарды дұрыс шешу үшін қажет, атап айтқанда, өнімбірлігіне келетін шығындарды төмендету резервтерін ашу үшін және өндіріс рентаьбельділігін жоғарылату жолдарын іздестіру үшін қажет.
Өнімнің өзіндік құны құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:
Жанды және затталған еңбек арасындағы қатынас;
Жеке элементтердің үлесі немесе толық шығындардағы баптар;
Тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы, негізгі және үстеме шығындар арасындағы, өндірістік және коммерциялық шығындар арасындағы, тікелей және жанама шығындар арасындағы және т.б. қатынасы.
Кәсіпорында шығындар құрылымын жүйелі анықтап, талдау ең алдымен кәсіпорындағы шығындарды төмендету мақсатымен оларды басқару үшін өте маңызды болып табылады. Шығындар құрылымы оларды төмендету бойынша негізгі резервтерді анықтауға және кәсіпорында оларды жүзеге асыру үшін нақты шараларды өңдеуге мүмкіндік береді.
