Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOTOVYJ_kasiporyn_33.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.

Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандаға бөлінеді.

Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Ол қызметкерлерде еңбек нәтижесіне, оның өнімділігіне деген материалдық жағынан қызығушылық тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуға ынталандырады, жұмыс уақыты мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды. Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып табылады:

- шығарылымның натуралды өлшемдердегі сандық көрсеткіштері мен еңбек нәтижелерін дәл есепке алу мүмкіншілігі болған жағдайда;

- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;

- технологиялық процесті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;

- тоқтап қалуларды болдырмайтын жұмыс орындарына қызмет көрсетуді нақты ұйымдастырған жағдайда;

- өндіріске сапалы және уақытында техникалық жағынан дайындық жүргізілсе.Кәсіпорын алдында тұрған технико-ұйымдастырушылық жағдайлар мен міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама, ұжымдық және аккордтық.Еңбекақы төлеудің жанама-кесімді жүйесі өнім өндірісімен айналыспайтын, бірақ өз еңбегімен негізгі жұмысшылардың еңбек нәтижелеріне әсерін тигізетін жұмысшыларды еңбек өнімділігін ынталандыру үшін қолданылады. Бұл жүйе бойынша станок наладчиктерінің (жөндеушілердің) еңбегі, зауытішілік транспорттық, қондырғыға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбегі төленуі мүмкін.Негізгілердің еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызғанда жанама кесімді ақыны қолданған тиімді. Ұжымдық жалақы жеке мөлшері арасында олардың қосқан үлестеріне байланысты бөлінеді. Жеке жалақыны есептеудің бірнеше тәсілі бар. Ағымдық желілерде жалақы жеке баға мен соңғы операциядағы бригадамен шығарылған өнім көлеміне қатысты есептелінеді. Жеке баға шығарылымның бригадалық нормасы мен бір жұмысшының тарифтік ставканың негізінде есептелінеді. Екінші бір тәсіл – жұмысшының жалақысы бригаданың жалпы жалақысының, жұмысшының біліктілік деңгейі мен оның жұмыс жасаған уақытының негізінде анықталады.Жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан жеке үлесін толықтай есепке алу үшін бригада мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылуы мүмкін.Келесі түрі – аккордты еңбекақы жүйесінің мәні: жұмысшыға немесе топқа нақты жұмыс көлеміне берілетін жалақының көлемімен байланысты болады.Жалақының мерзімдік нысаны бойынша жұмыс жасаған уақыты есепке алынады, және жұмсаған уақыты мен біліктілік деңгейіне байланысты болады. Қызметкерлерге жалақысының тарифтік ставкасына сәйкес немесе нақты жұмыс жасаған уақытына бекітілген ақы бойынша есептелінеді. Оны кеңінен қолданатын жағдайлары: еңбекті детальды түрде нормалау мен есепке алу экономикалық жағынан тиімсіз болса, шығарылым қабылданған технологиялық режим бойынша анықталып, бастысы - өнімнің жоғары сапасы болған жағдайда қолданылады.Мерзімдік ақының екі түрі бар – қарапайым және мерзімді-сыйақылы. Қарапайым мерзімді жүйесі бойынша жалақы біліктілік деңгейін ескеру арқылы жұмыс жасаған уақытына төленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]