Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOTOVYJ_kasiporyn_33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі бұл -инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық қызмет әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты бағыты. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры. Инвестициялық қызметті іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Кәсіпорында инвестициялық қызметті жүзеге асыру нәтижелері:1. Пайда табу.Инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады. 2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына; • Мемлекеттік зейнетақы қорына;• Аймақтық бюджетке;• Республикалық бюджетке; 4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өзара қатынастарына байланысты болады. Кәсіпорындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары: - жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу; - жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы; - отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ; - экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру; - ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану; - менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу; - жаңа жұмыс орындарын құру;- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?

Негізгі қорларды есептеу мен жоспарлау табиғи ж/е ақшалай формада жүргізіледі.

Табиғи бағалау кезінде машиналар саны, олардың өнімділігі, қуаттылығы; өндірістік алаңдар көлемі ж/е т.б. сандық көрсеткіштер есептелінеді. Бұл мәліметтер саланың ж/е кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын, бағдарламаның жоспарлануын, жабдықтардың өнімділігін арттыру резервтерін, жабдықтар балансын есептеу үшін қолданылады. Бұл мақсатпен жабдықтардың инвентаризациясы ж/е паспортизациясы, келу ж/е шығу есебі жұргізіледі.

Ал ақшалай есебі кезінде негізгі қорлар бағасы өндіріс көлемін арттыруын жобалау, тозу деңгейін ж/е амортизация аударымдарын, жекешелендіру көлемін есептеу үшін қолданылады.

Өндіріс процесіне ұзақ қатысуымен ж/е сатылы тозуымен б-ты негізгі қорларды бағалаудың бірнеше түрі бар: бастапқы, қайта құру ж/е қалдық құндары б-ша бағалау.

Негізгі қорларды толық бастапқы құн б-ша бағалау еңбек құралдарын қалыптастыру н/е иемденумен б-ты пайда болған нақты шығындарды есептеу болып табылады, яғни ғимараттар мен құрылыстарды салу, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, орнықтыру ж/е монтаж т.б. іс-әрекеттер. Негізгі қорлардың амортизациясы да толық бастапқы құн б-ша есептеледі.

Қайта құру құны негізгі қорлардың ағымдағы қайта бағалау нәтижесіндегі бағасын көрсетеді. Бұл баға қайта бағалау объектілердің сатып алуына н/е құруына кеткен нақты шығындарын көрсетеді.

Негізгі қорлардың қалдық құны бастапқы н/е толық қалпына келтірілген құнымен аударылған тозу арасындағы айырмашылықты көрсетеді, яғни белгілі мерзімге дайындалатын өнімге апарылмаған еңбек құралдардың ақшалай көрінісі. Қалдық құны арқылы қорлардың тозу дәрежесі туралы мәлімет береді.

Баланстық құн б-ша бух-к мәліметтерге қозғалысы негізделген негізгі қорлар кәсіпорынның балансында есептеледі. Кәсіпорын балансында негізгі қорлардың құны аралас бағада есептеледі: қайта бағаланған объектілер белгіленген мерзімге қалпына келтіру құны б-ша есепке алынады, ал қайта бағаланудан кейін сатып алынған еңбек құралдары бастапқы құн б-ша есепке алынады.

Негізгі қорларды қайта бағалау екі әдіс арқылы жүзеге асуы мүмкін: экспертті ж/е индекстік жүйесі арқылы. Эксперттік әдіс кезінде салалар мен кәсіпорындарда тәжірибелі ж/е маманданған инженерлер мен экономистерден тұратын арнайы комиссия топтары құрылады. Негізгі қорлардың қайта бағалау құнын еңбек құралдардың әр объектісі б-ша инвентаризация арқылы жүргізілетін эксперттік әдіс анықтау еңбек сыйымды ж/е қымбат шара болып табылады.

Индекстік әдіс кезінде қайта бағалау объектінің баланстық құны негізгі қорлардың берілген тобы үшін тағайындалған баға индексіне көбейтіндісі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]