Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOTOVYJ_kasiporyn_33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.

Негізгі қорлардың құрылымы және техникалық деңгей мәліметтеріндегі өнім шығарылымын арттыр, өзіндік құнының төмендеуі және кәсіпорын жинақтарының өсімі тікелей пайдалану деңгейіне байланысты.

Негізгі өндіріс қорының колдану денгейінің тиімділігін айкындайтын негізгі бip жинақтаушы қөрсеткіш – қор қайтарымдылығы.

Қор қайтарымдылығы- дегеніміз жалпы өнім кұныньң орта жылдық негізгі өндірістік қордың кұнына катынасы.

Қор қайтарымдылық(Ққ) көрсеткішін төмендегі формуламен есептейді:

Мұнда: Фөө- жыл бойғы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай есептелгендегі кұны;

Нк - ортажылдық негізгі өндіріс кордың кұны.

Жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті - негізгі өндіріс қорының белсенді белімін пайдалану деңгейі уақытпен сипаттайтын көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады:

Мұнда: tнақ - машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақты;

tжoc - (жұмыс тәртібі) машина және жабдықтардың жұмыс атқару уақытының режім қоры.

Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың, экстенсивті тобында, темендегідей коэффициенттер қолданады:

• жабдықтарды алмастыру коэффициенті;

• жабдықтарды жүктеу коэффициенті.

• жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті. Өндірісте алынған қорытындыны екіншітоптағы негізгі қордың пайдалану- интенсивті көрсеткіштер мен есеп толтырылады, яғни оларды пайдалану деңгейі қуаттылық (өнімділік) арқылы бейнеленіп көрсетіледі.

Жабдықтарды пайдалануда интенсивті коэффициентінің маңызы өте зор.

Жабдықтарды пайдаланудың интенсивті коэффициенті, машинаны және жабдықтарды пайдалану денгейін қуаттылық пен сипаттайтын көрсеткіш.

Бұл көрсеткішті есептеу үшін төмендепгі формуланы қолданады:

Мұнда: Өн - машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;

ӨМ - машина және жабдықтардың техникалық мүмкінділік өнімділігі (жабдықтардың паспорт, мүмкінділігі негізі бойынша анықталады).

Yшінші топтағы интегралды жабдықты пайдалану коэффициенті машина және жабдықтарды пайдалану денгейін уақытпен және қуаттылықпен сипатталатын кешенді көрсеткіш.

Оны мына формуламен анықтауға болады:

Кинтег = КЭкс + Кинтен

11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.

Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны білдіреді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде.Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету.

Айналым капиталы – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]