Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOTOVYJ_kasiporyn_33.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.

Шығындарды төмендетудің дәстүрлі түрдегі маңызды жолы өндірісте қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеу болып табылады:еңбекті және материалдарды.

Өндіріс шығындарының құрылымында еңбекақы айтар- лықтай үлесті алады.Сондықтан,әкімшілік-қызмет көрсетуші қызметкерлердің санын қысқарту,еңбек өнімділігін арттыру,өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету өзекті міндет.

Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуге,еңбек өнімділігін арттыруға әртүрлі әдістермен қол жеткізуге болады.Олардың неғұрлым маңыздысы-өндірісті механизациялау мен автоматтандыру,озық,жоғары өнімді технологияны жасау және қолдану,ескі құрал-жабдықтарды жетілдіру және алмастыру.

Еңбек өнімділігін арттыру үшін маңызды нәрсе,оның ұйымдастырылуына тиісті:жұмыс орнын даярлау,оны толықтай қолдану,еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін қолдану.

Материалдық ресурстардың өнім өндірісіне жұмсалатын шығындардағы алатын үлесі 3/5 құрайды.Бұл ресурстарды үнемдеудің,оларды тиімді қолдану мәні осыдан-ақ түсінікті.Мұнда бірнші жоспар ретінде,ресурс жинақтаушы технологиялық үдерісті қолдану көрінеді. Жабдық- таушылардан келіп түсетін шикізаттар мен материалдарға,қосалқы бұйымдар мен жартылай фабрикаттар сапасына бақылау енгізу барлық жерде қолдану және талап-тілектерді жоғарылатудың маңызы аз емес.Негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы бойынша шығындарды азайтуға,оларды максималды жүк артып,ол қорларды жақсы пайдалану жолымен жетуге болады. Негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы бойынша шығындарды азайтуға,оларды максималды жүк артып,ол қорларды жақсы пайдалану жолымен жетуге болады.

Шетелдік кәсіпорындарда өнім өндірісіне жұмсалатын шығындарды азайтудың факторы ретінде,өнім өндірісіне жіберілетін серияның оңтайлы шамасын,сатып алынатын материалдардың партиясының оңтайлы шамасын сақтау мен анықтау,қосалқы бұйымдарды н/е жекелеген құрушыларды басқа өндірушілерден сатып алуы н/е өзінің өндіруі туралы шешімді қарастырады.

Сатып алынаатын шикізаттардың,материалдардың партиясы неғұрлым үлкен болса,соғұрлым қордың орташа жылдық шамасы да үлкен және сол шикізаттар мен материалдарды қоймалаумен байланысты шығындар көлеміде үлкен болады.Шикізаттар мен материалдарды ірі партиялап сатып алудың да өз артықшылығы бар.Сатып алынатын тауарларға тапсырыстың орналастырылуымен,ол тауарларды қабылдаумен,есептеулердің жүргізілуін бақылаумен байланысты шығындар төмендейді.Мұндай жағдайда,сатып алынатын шикізаттар мен материалдардың оңтайлы шамасын анықтау міндеті пайда болады.

37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.

Әрбір фирманың iс-әрекетінде маңызды сфера инвестициялық операциялар болып келедi. Яғни, әрбiр жобалардың icкe асуы үшiн салынған аiқша құралдары жыл iшiндегі фирманың пайда алуындағы бірден бiр жол болады. Коммерциялық тәжiрибеде келесi инвестиция типiн ажыратуға болады:физикалық активтерге инвестиция; ақшалай активтерге инвестиция; материалды емес активтерге инвестиция.

Физикалық активтерге өндiрiстiк ғимараттар және құралдар, және де басқа да машиналардың түрлерi жабдықтар және тағы сол сияқтылар болса.

Ақшалай активтерге жеке және заңды тұлғалардың ақшалай сомаларын алуға құқықтар. Бұл банктегi депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыз-қаражаттар, кепiл тағы басқалары жатады.

Материалды емес активтерге фирманын, қайта oқыту бағдарламасын жүргiзу нәтижеciнде алынған немесе өнеркәсiптiк меншiк құқығын беру лицензиясын алу, патент, тиiмдi модельдерге және өнеркәсiптік үлгілерiне куәлiгi, өндiрiстік технология және өнімгe сертификат және жердi қолдану құқығығын беретiн құндылықтар түсiндiрiледi.

Барлық инвестиция типтерi фирманың дамуына және қабiлетілiгiне көп маңыздылық бередi. Инвестицияны нақты активтерге дайындау және

инвестицияның қандай түріне жататыны, олардың көмегімен мәселелердi шешуге болатынын анықтауға мүмкiндiк бередi. Байланысты инвестицияны келесi негізгі топтарға бөлуге болады:

  1. Тиiмдiлiгі жоғары инвестициялар. Олардың мақсаты - құралдарды ауыстыруда, персоналдарды оқытуда немесе өндiрiстік күштердi . өндiрiске қолайлы аймақтарда ауыстыруға фирманың шығындарын төмендету болады.

  2. Өндiрiстің, ұлғаюына инвестициялар. Бұл инвестициялау бұрын

қалыптасқан нарықтағы өндipіс шеңберiнде тауарлардың шығарылуын ұлғайту мaқcaтында жүргiзiледi.

3. Жаңа инвестицияларды құру үшiн инвестиция. Мұндай инвестицияның түрі бұрын өндiрiлген тауарларды жаңадан өңдеп немесе жаңа тауарларды жасап шығаратын кәсiпорындарды құруна себепшi болады.

  1. Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мaқcттындағы инвестициялар. Бұл инвестицияның мaқcaты, егер кәсiпорын экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi немесе басқадай ic-әрекет шараларын жетiлген менеджмент арқылы қамтамасыз ете алмауында үкiметтің талаптарын қанағаттандыру кезiнде орын алады. Мұндай инвестиция классификациясын өндiру тәуекелдiлiгiн әp түрлi деңгейiне байланысты. Тәжiрибеде инвестицияның мәртебесiн анықтау, бағалау үшiн әр түрлi әдicтep немесе критерийлер қолданылады.

Бұл әрбiр инвестор үшiн жалпы қаржылық есеп негiзiне бiркелкi емес болашақ және игiлiктердiң принципiне сүйенгенi көpiнic бередi. Яғни, әрбiр инвесторға табыс көлемi ғана емес, сонымен қатар уақыт мерзiмi қызықтырады. Инвестицияның жалпы типiн айтып өттiк, соның бiрi қарыз-қаражаттар.

38. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құру көздерін атаңыз. Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.  Капитал – бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.  Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Таза табыс кәсіпорынның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді.   Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.   Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестиция-ланған) капиталды ұсынады.   Ссудалық капитал – бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.   Меншікті тартылған қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.   Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:   - жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары);   - кәсіпорын жинақтаған резервтер;   - заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т.б.) .   

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]