- •2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.
- •3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
- •6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.
- •11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.
- •12.Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз .
- •13.Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз.
- •15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?
- •17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
- •18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •19.Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.
- •20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
- •22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •23.Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.
- •24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
- •25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
- •26 Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
- •27.Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.
- •29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
- •30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
- •31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
- •33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
- •34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
- •35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
- •36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.
- •37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.
- •39.Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз
- •40. Инвестиция ұғымының экон-қ мәнін ашыңыз.
- •Жалпы ж/е бүтіндей инвестициялар;
- •Негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвес-я;
5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
Кәсіпорын – бұл заңмен рұқсат етілген қызмет көрсетуден, жұмыс орындаудан, тауар сатудан, мүлігін пайдаланудан жүйелі табыс алуға бағытталған әрекетті өз бетінше тәуекелге бас тіге отырып жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің субъектісі.
Бұған сәйкес , кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу. Өркениетті нарықтық қатынас екі мақсаттың парасатты үйлесуін талап етеді. Әрине, бизнес – бұл кәсіпкердің экономикалық қызметі, олардың өнері мен қабілеті тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, пайданың барлық өспелі көлемін әкеледі. Бұнымен бірге, ашық экономика жағдайында бизнестің дамуы тұтыну нарығын тауарлармен және қызметтермен толтыруға көмектеседі, экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жандандырады, ғылыми – техникалық жетістіктерді ендіруді ынталандырады, өндіріс тиімділігін жан – жақты көтеруге көмектеседі.
Жағдай өзгерісіне икемді бейімделу қабілеті қазіргі кәсіпорындағы кәсіпкердің маңызды қыры б.т. Бұл үшін таңдалған қызмет аясында жетік болып, қажетті мінез – құлықтарды игеру керек: мақсаттылық, өжеттілік, сәтсіздікке дайын болу, өз қателіктерінен қорытынды жасап және сабақ алу қабілеті.
Өндірістік кәсіпорын өндірістік-техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік тұтастығымен сипатталады.
Өндірістік- техникалық тұтастық – кәсіпорында қолданылатын шикізаттар мен материалдарды дайын өнімге айналдыратын, өндіріс үдерісінің жекелеген сатыларының өзара әрекеті мен біртұтас технологияны қамтитын, өндіріс құралдарының кешенімен анықталады.
Ұйымдық тұтастық – кәсіпорынның жалпы және ұйымдық құрылымында өзінің бейнесін көрсететін, бір ғана басшылық пен бір ған ұжымның болуымен анықталады.
Экономикалық тұтастық – сатылатын өнім көлемі, рентабельділік деңгейі, жалпы пайда, кәсіпорын қорлары және т.б. жұмыстардың экономкалық нәтижелерінің бірлігімен анықталады және ең бастысы, алынған пайда қызметтің негізгі мақсаты ретінде көрінеді.
6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
Экономикада әртүрлі кәсіпорындар қызмет етеді. Олар бір бірінен бірқатар белгілері бойынша ажыратылады: салалық құралдары бойынша, көлемі, біртекті өнім өндіру ауқымы мен мамандандырылу деңгейі бойынша, өндірісті ұйымдастыру әдісі мен оны максимизациялау мен автоматтандыру деңгейі бойынша, ұйымдық құқықтық нысаны бойынша және т.б.
Салаллық құралдар белгісіне қатысты кәсіпорын келесідей қызмет атқарады: өнім дайындау кезінде тұтынушылық сипаты, дайын өнімнің сипаты мен тағайындалу, өндірістің техникалық және технологиялық бірлігі, ағымдағы жылдағы жұмыс уақыты.
Тұтынылатын шикізат сипаты бойынша өнеркәсіптік кәсіпорын және өңдеуші өнеркәсіп болып жіктеледі.
Дайын өнімнің ағайындалу бойынша барлық кәсіпорындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұтыну затын өндіруші және өндіріс құралдарын өндіруші.
Технологиялық бірлігі бйоынша механикалық және химиялық өндіріс үдерісін иеленумен, өндіріс үрдісі дискретті және үзіліссіз кәсіпорындарға ажыратылады.
Ағымдағы жылдағы құмыс уақыты бойынша мезгілдік және жыл бойы өызмет ететін кәсіпорын болып жіктеледі.
Көлем белгісі бойынша шағын, орта және ірі кәсіпорындарға бөлінеді. Кәсіпорындарды осы топтардың біреуіне жақызудың ең басты критерийі болып, экономика салалары бойынша түрленетін жұмысшылар саны табылады.
Біртекті өнім өндіру ауқымы мен мамандандырылу деңгейі бойынша кәсіпорын: мамандандырылған, әртараптандырылған және аралас болып жіктеледі.
Қызмет мақсатынан тәуелді кез келген заңды тұлға екі категорияның біреуіне жатады:
Коммерциялық ұйым;
Коммериялық емес ұйым.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес келесідей жіктеледі:
Шаруашылық серіктестік;
Толық серіктестік;
Сенім серіктестік;
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
Акционерлік қоғам;
Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам;
Өндірістік кооператив;
Мемлекеттік кәсіпорын.
Коммерциялық емес ұйымдар: мекеме, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі, діни бірлестік, заңды тұлғалардың қауымдық нысанындағы бірлестігі.
Кәсіпорындар әр тұрлі белгілері бойынша жіктеледі: 1) Салалық құралдары бойынша; 2) шаруашылық қызметінің сипаты мен түрі; 3) құқықтық жағдайы бойынша; 4) меншік сипаты бойынша және басқа да белгілері бойынша.
