
- •2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.
- •3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
- •6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.
- •11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.
- •12.Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз .
- •13.Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз.
- •15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?
- •17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
- •18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •19.Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.
- •20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
- •22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •23.Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.
- •24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
- •25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
- •26 Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
- •27.Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.
- •29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
- •30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
- •31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
- •33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
- •34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
- •35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
- •36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.
- •37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.
- •39.Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз
- •40. Инвестиция ұғымының экон-қ мәнін ашыңыз.
- •Жалпы ж/е бүтіндей инвестициялар;
- •Негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвес-я;
34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық құрылымдарды қалыптастыру өте маңызды.Олардың жұмысының алға басуы көп жағдайда қаржы ресурстардың,яғни инвестицияларды тартуды, қаржылық қызметті дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.Осыған орай кәсіпорындарда қаржылық-инвестициялық қызметті күшейтуде.Себебі,кәсіпорындар бәсекеге қабілетті болып,өз өндіріс ауқымын кеңейтуде,яғни инвестициялық қызметті дамыту бірден-бір жол болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесінде қаржылық ресурстар қалыптасады. Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары
кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
қаржы ресурстарының сақталуы;
Кәіпорынның қаржылық қызметінде қаржы ресурстарын пайдалану мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
Өнімдерді өткізу мен сатуға байланысты ағымдық шығындар
Өндірісті ұлғайтуға және оны техн-қ жаңғыртуға пайдалану
Құнды қағаздарға қаржы ресурстарын инвестициялау
Қаржылық банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға жарналар төлеу.
Әр түрлі ақша қорларын құру, сыйақы беру және басқа да әлеуметтік төлемдер жасау
Қайырмыдылық мақсаттардағы демеушілік көмек беру.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары).
35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
Кадр – бұл өндірігш күштердің басты элементтерінің бірі. Өндірістің тиімділіг мен сапасы осы кадрлардың құрамына, саны мен квалификациясына, мәдени техникалық деңгейіне байланысты болады. Осы саладығы кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері өндірістік процеске қатысу сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал және өнеркәсіптік-өндірістік емес болып екіге бөлінеді.Өнеркәсіптік - өндірістік персонал - өндіріспен және оған қызмет етумен айналысады. Бұған негізгі және көмекші цехтардың, лабораториялардың , ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкторлық бөлімдердің, есептеу орталықтарының, басқару аппаратының жұмыскерлері жатады. өнеркәсіптік емес персоналға – кәсіпорынға қарайтын, оның балансында тұрған тұрғын үй комуналды шаруашылықтарының денсаулақ сақтау мекемелері мен профилакториялардың, оқу орындарының, бала бақшаларының жұмыскерлері жатады.Өнеркәсіптік - өндірістік персонал орындалатын жұмыстың сипатына байланысты екі негізгі топқа жұмысшылар мен қызметкерлерге жіктеледі. Жұмысшылар негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгі жұмысшылар – шикізатты дайын өнімге айналдыру процесіне тікелей қатынасады. Көмекші жұмысшылар - өнімді өндіруге және өткізуге жағдай жасайды. Қызметкерлер басшылар, мамандар, қызметшілерге жіктеледі. Басшыларға- кәсіпорынды және олардың құрылымдық бөлімдерін басқару қызметінде қамтылғандыр және олардың орынбасарлары жатады. Мамандарға – инженерлі техникалық жұмыспен қамтылғандар, экономистер, бухгалтерлер, заң қызметкерлері т.с.с. жатады. Қызметшілерге – құжаттарды дайындаужәне әзірлеу есеп және бақылау, шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлер жатады.