- •2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.
- •3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
- •6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.
- •11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.
- •12.Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз .
- •13.Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз.
- •15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?
- •17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
- •18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •19.Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.
- •20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
- •22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •23.Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.
- •24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
- •25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
- •26 Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
- •27.Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.
- •29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
- •30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
- •31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
- •33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
- •34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
- •35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
- •36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.
- •37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.
- •39.Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз
- •40. Инвестиция ұғымының экон-қ мәнін ашыңыз.
- •Жалпы ж/е бүтіндей инвестициялар;
- •Негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвес-я;
32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және мемлекеттің қаржы саясатына да сонымен қатар, кәсіпорынның таңдап алған экономикалық және қаржылық стратегияның белсенділігіне де тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың, холдингтердің саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның дұрыс жүргізілуіне тәуелді.
Кәсіпорынның инвестициялық - инновациялық саясатының негізгі бағыттары:
1) кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты – ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу;
2) өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты - әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту;
3) жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған;
4) мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары).
Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудағы есептеулерде сату көлемі өзгерісі әсерінен болатын өнім және тұтынылатын ресурстар бағасы өзгерісінің әсерін міндетті түрде ескеру керек.
Инновациялық қызмет – аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістің ғылыми-техникалық жетістіктерін, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеу мен өңдеу нәтижелерін таратуға бағытталған үрдіс б.т.
Инновация (жаңалықтар енгізу) – нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнім, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісі түрінде нарықта өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін келесі критерийлер, көрсеткіштер қолданады:
Таза табыс
Таза дисконтталған табыс
Табыстылық индексі
Табыстылықтың ішкі нормасы;
Кәсіпорынның таза табысы бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде түсетін табысы мен шығындардың айырмасы болып табылады. Шығындар өзі капиталдық және ағымдық болып бөлінеді.
Дисконттау нормасы салынған капиталдың табыс нормасы, яғни инвестордың жобадан алатын табыстың пайызы; Дисконтталған кірістен дисконтталған капиталдық және дисконтталған ағымдық шығындардан тазарғаннан кейін таза дисконтталған табыс шығады.
Табыстылық индексі ағымдағы табыс капиталдық шығындарды өтей алады ма, алмайды ма, соны көрсетеді.
Табыстың ішкі нормасы ағымдық іс әрекет табысы келтірілген капиталдық салымдарға тең болатын дисконт нормасы. Табыстылықтың ішкі нормасы жобадан түсетін максималды қайтарылымды сипаттайды, яғни таза дисконтталған табыс нольге тең пайданы көрсетеді. Сонымен қатар бұл көрсеткіш жобаға тартылатын қаражаттың максималды мөлшерін көрсетеді.
