- •2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.
- •3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
- •6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.
- •11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.
- •12.Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз .
- •13.Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз.
- •15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?
- •17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
- •18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •19.Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.
- •20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
- •22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •23.Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.
- •24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
- •25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
- •26 Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
- •27.Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.
- •29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
- •30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
- •31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
- •33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
- •34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
- •35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
- •36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.
- •37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.
- •39.Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз
- •40. Инвестиция ұғымының экон-қ мәнін ашыңыз.
- •Жалпы ж/е бүтіндей инвестициялар;
- •Негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвес-я;
29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы".
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржы-лық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;
ә) өнімдер;
б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі езгерістер жатады:
өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
Әрбір кәсіпорын, фирма өнім өндіруді бастамас бұрын, оның қандай пайда алатынын анықтайды.
Жалпы табыс – бұл еңбекақыға шығындарынан басқа, өзіндік құнға кіретін, қнімді өткізу мен өндіруге жұмсалған барлық шығындарды есептеу жолымен жалпы түсімнен және сатудан тыс әрекеттердің нәтижелерін қоспағандағы кәсіпорынның, фирманың өндірістік немесе коммерциялық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш.
Жалпы пайда – барлық міндетті шығындарды алып тастағаннан кейінгі қалған, кәсіпорынның жалпы табысының бөлігі. Ол өнімдерді, негізгі қорларды, басқа да кәсіпорын мүліктерін сатудан және сатудан тыс әрекеттен болған табысты, осы әрекеттер бойынша шығындар сомасына азайған пайданы көрсетеді.
Таза пайда – кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдердітөлегенненкейінқалатынпайда.
Кәсіпорынныңтолықбилігіндеболады‚ кәсіпорынныңжарғысындаөзгежағдайкөзделмесе‚ олбұлпайданыоданәріпайдаланубағыттарынайқындайды. Таза пайданыпайдаланубағыттарынтаңдауға мемлекеттік ықпалетусалықтар‚ салық
жеңілдіктері‚экономикалық санкциялар арқылы жүзеге асырылады.
Заңнамалық актілерде немесе кәсіпорын жарғысында көзделген реттерде Таза пайданың бір бөлігі кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелеріне берілуі мүмкін. Пайданың осы бөлігінің мөлшерін меншік иесі немесе ол өкілеттік берген орган белгілейді‚ ал оны бөлу тәртібін еңбек ұжымының жалпы жиналысы айқындайды. Еңбек ұжымының мүшесіне тиесілі пайда сомасы оның қосқан үлесін құрайды. Үлес сомасына акциялар берілуі мүмкін‚ бұл акциялар бойынша дивиденд төленеді.
Д.С. Моляков былай деп саайды, пайда – бұл шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижесін көрсетуге арналған маңызды қаржылық категория. Оның ойы бойынша пайданың келесідей түрлері бар:
1. Байланыстық пайда шығыстар сомасы шегерілген өткізуден түскен пайдадан, өткізу операцияларынна тыс түскен табыстардан тұрады.
2. Жиынтық пайда шығыстар сомасы шегерілген өнімді өткізуден пайданы, өткізу операцияларынан тыс түскен негізгі қорлар мен табыстарды көрсетеді.
3. Өткізуден түскен пайда тауарлы өнімді өткізуден түскен пайдадан, сатылатын өнім мен материалдарды және т.б. өткізуден түскен пайдадан тұрады.
4. Негізгі қорларды және кәсіпорынның, т.б. мүліктерін өткізуден түскен пайда инфляция индексіне көбейтілген сату бағасы мен осы мүлік түрлерінің бастапқы құнының айырмашылығымен анықталады.
