
- •2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.
- •3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
- •6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.
- •11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.
- •12.Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз .
- •13.Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз.
- •15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?
- •17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
- •18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •19.Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.
- •20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
- •22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •23.Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.
- •24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
- •25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
- •26 Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
- •27.Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.
- •29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
- •30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
- •31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
- •33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
- •34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
- •35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
- •36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.
- •37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.
- •39.Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз
- •40. Инвестиция ұғымының экон-қ мәнін ашыңыз.
- •Жалпы ж/е бүтіндей инвестициялар;
- •Негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвес-я;
24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
Өндірістік шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік құнын құрайды. Кәсіпорын өнімді сату бойынша шығындар жұмсайды, яғни өндірістен тыс немесе коммерциялық шығындарды (тасымалдауға, орамалауға, сақтауға,жарнамаға) жүзеге асырады.
Өндірістік өзіндік құн мен коммерциялық шығындар өнімнің толық немесе коммерциялық өзіндік құнын құрайды.
Өнімнің өзіндік құнын беретін шығындар өздерінің экономикалық мазмұнына сәйкес келесідей топтастырылады:
Материалдық шығындар (қайтымды қалдықтарды ұстап қалғандағы)
Еңбек ақыны төлеуге кететін шығындар
Әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін шығындар
Басты қорлардың амортизациясы
Материалдық шығындар дз өндірістік шығындардың ең ірі элементі, оның шығындардың жалпы сомасындағы үлесі 60-90% құрайды. Материалдық шығындардың құрамы біртекті емес және ол шикізат пен материалдырға кететін шығындарды біріктіреді. Шикізаттар мен материалдар құнына коммисиондық сыйақы, брокерлік және басқа да делдалдық қызметтерге төленетін төлемдер кіреді.
Материалдық шығындарға жатады:
Машиналар мен жабдықтарды жөндеуге қажетті бөлшектер
Құнсыз және тез тозатын еңбек заттарының тозуы
Технологиялық мақсаттар мен шаруашылықтық қажеттіліктерге жұмсалынатын отын және энергия
Басты өызметіне жатпайтын өзінің (кәсіпорын балансында тұрған) шаруашылықтардың өндірістік қызметтері
Еңбекақыны төлеуге кететін шығындар, мұнда төлемдерді өтеуші және ынталандырушы өндірістік нәтижелерге төленетін сыйақылар, сондай ақ кәсіпорынның штатынды жоқ, басты қызметпен шұғылданатын жұмысшылардың еңбекақысына төленетін шығындар жатады.
Шығындардың бұл элементіне жататын:
Тарифтік қойылымдарға,лауазымдық еңбекақы мөлшеріне жалақы төлеу
Жұмысшылардың еңбекақысын беретін өнімнің құны
Заңға сәйкес жеке салалардың жұмысшыларын тегін берілетін коммуналдық қызметтер
Кезекті және білім алу демалыстарына төлем
Кәсіпорын зейнетақы қорына есептелген еңбек ақыға төленетін соманың 28% аударады,әлеуметтік сақтандыруға 5,4%,міндетті медициналық сақтандыру қорына 3,6%, жұмысбастылық қорына 1,5%
25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
Калькуляциялау өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерінорындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады. Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың аңымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға сай.
Сметалық калькуляция бұл жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалатын калькуляция.
Жобалық калькуляция бұл келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Ол күрделі салымның, жаңа техника мен технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
Соңынан есептелетін калькуляцияға есептік калькуляция немесе нақты шығындар бойынша құрылатын калькуляцияны жатқызады. Мұндай калькуляция бақылау және басқару жұмыстарын жүргізуде бөлімше басқарушыларының қызметіне байланысты шығындарды есептеуге қажет болады. кәсіпорындарда шығындарды толық және дұрыс есепке алу өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялауға мүмкіндік береді.
Шығындарды есепке алу объектісі цехтар, өндірістің жеке сатылары, агрегаттар, бөлімдер және т.б жатады.калькуляциялау объектісіне өндірілетін өнім, жартылай фабрикаттар, әр түрлі қызмет түрлері жатады. Кейбір жағдайларда шығындарды есепке алу объектісі мен шығындарды калькуляциялау объектілері өнімнің бір түнде өңдеуде бір бірімен сәйкес келеді. Ал кешенді өндірісте шығындарды есепке алу объектісі калькуляциялау объектісіне қарағанда кеңірек болады, себебі бір өндіріс үрдісінде өнімнің бірнеше түрі өндіріледі.
Шығындарды есепке алу объектісі калькуляциялау объектісіне қарағандааздау болатын себебі есепті ұйымдастыру өңдеудің және түрлері бойынша жүргізіледі, ал осы өндірістебарлық өнім калькуляцияланады. Калькулция объектісінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бәрләкпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляция объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.