- •2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.
- •3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.
- •6.Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.
- •11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.
- •12.Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз .
- •13.Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз.
- •15.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?
- •17.Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз
- •18.Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •19.Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.
- •20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
- •22.Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •23.Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.
- •24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және белгілері бойынша жіктеңіз.
- •25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.
- •26 Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
- •27.Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.
- •28. Бөлшек баға ж/е оның құрылымы. Баға құру әдісін көрсетіңіз.
- •29.Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.
- •30.Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз.
- •31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.
- •33.Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.
- •34.Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.
- •35.Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?
- •36.Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.
- •37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.
- •39.Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз
- •40. Инвестиция ұғымының экон-қ мәнін ашыңыз.
- •Жалпы ж/е бүтіндей инвестициялар;
- •Негізгі капиталды көбейтуге бағытталған таза инвес-я;
20.Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.
ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы -бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды.
Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді. Еңбек ақыны қарастырған кезде мынадай міндеттер алға қойылады:
жалақы қорын анықтау;
әлеуметтік төлемдерді анықтау;
орташа жалақыны анықтау;
жалақы динамикасын талдау.
Жалақының атқаратын қызметі өте зор.Олардың негізгілері : өндіру, ынталандыру, реттеу, статустық және өндірістік- үлестік қызмет.
Жоғарыдағы қызметтерді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттар сақталынуы керек:
Жалақыны сапасы және көлеміне қарай үйлестіру, бөлу. Еңбек көлемі- адамның бұлшық ет және ой еңбегімен өндіріс процессінде жұмсалған энергия массасы. Ол жұмыс күнімен өлшенеді. Бірақ, жұмсалған жұмыс уақыты еңбек көлемін қарастыру үшін жеткіліксіз, сондықтан еңбектің қызығушылығын ескеру керек. Еңбек сапасы- бұл орындалатын жұмыстың ауырлық деңгейі. Еңбектің сапалық және көлемдік сипаттамасының байланысы еңбек нормасы арқылы көрсетіледі. Орындалған норма жұмыскердің қоғамға берген белгілі сападағы еңбек көлемін білдіреді.
Жұмыскерді ақырғы еңбек нәтижесі жоғары болуына ынталандыру. Еңбек ақы ықпалдығын күшейту үшін маңызды алғы шарт болып жалақы және өндірістің ақырғы нәтижесі арасындағы байланысты орнату болып табылады. Жұмыскерлердің шектелмеген жалақы мөлшері жұмыскердің еңбекке ынтасын және өндіріс тиімділігін жоғарылатудың қуатты тетігі болып табылады.
Жалақы көлеміне қарағанда еңбек өнімділігінің көлемінің жоғары болу қағидаты.Ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін және жалақы көлемін жоғарылату үшін, қаражат көзін құру үшін еңбек өнімділігінің көлемі жалақы көлеміне қарағанда жоғары болуы маңызды болып келеді. Егір, жалақы еңбек өнімділігі сияқты қарқынмен өсіп отырса, онда қажетті көлемде жинақталған қаражат қоры кеміп отырады. Оның артымен ұлғайтылғаан ұдайы өндіріс қарқыны төмендейді және оның салдарынан жалақыны көтеру шарттары жойылады.
Жалақыны мемлекеттік реттеу қағидасы. Дербес кәсіпорынның және ұйымның жалақысы және орталықтандырылған мемлекеттік реттеу арасындағы байланыстылық маңызды орын алады. Мемлекет орталықтандырылған тәртіпте жалақаның біріңғай нормасын жүзеге асырады барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға міндетті жалақы мөлшерін , яғни тарифтік ставкаларды, қызмет окладтарын, қосымша және үстеме ақаларының максималды мөлшерін анықтайды.
Бірдей еңбекке бірдей жалақы қағидасы. Бірдей еңбекке бірдей жалақы қағидасы-кәсіпорын ішінде жалақыны бөлу кезінде әділеттілікті сақтауды білдіреді.
Еңбек қиындығы бойынша дифференцияция қағидасы. Еңбек қиындығы бойынша дифференцияция қағидасы қарапайым еңбекке қарағанда ауыр еңбектің құны көп болатындығын білдіреді.
21.Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың мәні мен қағидаларын талдаңыз . Өндірістің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет стейтін адамдармен тікелей байланысты. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі » жұмыс күшін тауарға айналдырады.кәсіпорын кадрлары –кәсіпорында қызмет атқаратын және тізім құрамына кіретін іртүрлі мамандықтардың жиынтығы Әрбір кәсіпорында кадр саясаты әзірленіп, ол іске асырылуы қажет. Сөйтіп, мына төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғаны жөн: -жұмысқа қабілетті және кінәратсыз ұжым құру; кәсіпорынның білікті қызметкерлерінің деңгейін арттыру;
жынысы және жасының құрамына қарай оңтайлы еңбек ұжымын құру;
қолынан іс келетін, өзгеретін мән - жайға оралымды әсер тигізетін, сезінетін, жаңа, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өндіріске енгізу және істің есебін білетін жоғары кәсіптік басшылық етуші буынды құру Өндірістік процеске қатысуына байланысты кәсіпорынның жеке құрамы екі санатқа бөлінеді: өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер және бейөнеркәсіптік. Өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлерге жататындар: тікелей өндіріспен және оған қызмет көрсетушілер. Бейөнеркәсіптік қызметкерлерге ─ өндіріспен және оған қызмет көрсетуге тікелей айналыспайтындар жатады. Негізінен олар: кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтардың, балалар және дәрігерлік - санитарлық мекемелердің қызметкерлері. Өз кезегінде өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер олардың орындайтын бернелеріне байланысты төмндегі санаттарға топтастрылады: жұмысшылар, басшлар, мамандар, қызметкерлер. Жұмысшыларға жататындар: кәсіпорындарда тікелей материалдық құндылық немесе өндірістік және көлік қызметін көрсетумен айналысатындар. Жұмысшылар, сондай - ақ негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгісіне жататындар: тікелей өнімді шығарумен айналысатын жұмысшылар, көмекші өндіріске қызмет көрсететіндер.Мам андарға жататындар: бухгалтерлер, экономистер, техниктер, механиктер, психологтар, социологтар, суретшілер, тауар мамандары, технологтар және т.б.Қызметкерлерге жататындар: жабдықтау агенттері, машинисткалар, кассирлер, іс- қағаздарын жүргізушілер, экспедиторлар, тізімдеушілер және т.б. Басшылар – бұл кәсіпорындарда басшы қзмет атқаратын қызметкерлдер (директорлар, бас мамандар және т.б.)Қызметті атқару бағасы – бұл қызметкерлердің іс- әрекетінің қорытындысы. Ол басшының өз қарамағындағы бағынышты қызметкерлерінің ресми және жүйелі түрде бағалануынан байқалады. Қызметті атқаруды бағалаудың көптеген мақсаттары бар, олардың ішінде: *қызметті атқаруды жақсарту; *шешім қабылдау үшін ақпарат жинау; *стандартты бұзбауға мүмкіндік туғызу; *сараланған еңбекақының негізі болуының қажеттілігіне көшу; *қорытынды субъектілігін барынша азайту үшін деректер жинау; *оқыту және қайта дайындау жөніндегі қажеттілікті хабарлау; *қызмет атқарудың алдағы бейнесін жасауға байланысты мәліметтер жинау; *стандарттарды бұзбауға бағытталған кейбір жеке тұлғалар мен жалпы топтарды ынталандыру; *моральдық факторларды күшейту;
