Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOTOVYJ_kasiporyn_33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать
  1. Кәсіпорын экономикасының зерттеу пәні және міндеттерін түсіндіріңіз.

  2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.

  3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.

  4. Кәсіпорынның табыс табу көздерін атаңыз.

  5. Кәсіпорын мақсаты мен қызмет аясын түсіндіріңіз.

  6. Кәсіпорынды қызметіне байланысты жіктеңіз.

  7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштерін атаңыз.

  8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымын түсіндіріңіз.

  9. Негізгі қорлар амортизациясының мәнін және есептеудің әдістерін түсінідіріңіз.

  10. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдаңыз.

  11. Айналым қорлары, құрамы мен құрылымын талдаңыз.

  12. Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштерін түсіндіріңіз.

  13. Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлаудың мәнін ашыңыз .

  14. Еңбек өнімділігі және оны арттыру жолдарын негіздеңіз .

  15. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен негізгі бағыттарын атаңыз.

  16. Негізгі қорларды бағалаудың қандай әдістері бар?

  17. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігін есептеудің тәсілдерін атаңыз.

  18. Өнімінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.

  19. Нарықты сегменттеу мен тұтынушыларды зерттеу қалай іске асырылатынын түсіндіріңіз.

  20. Еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атаңыз.

  21. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың мәні мен қағидаларын талдаңыз .

  22. Кесімді және мерзімді еңбекақы жүйелерінің ерекшеліктерін ашыңыз.

  23. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні мен түрлерін атаңыз.

  24. Өндірістік шығындардың мәнін ашып және оны белгілері бойынша жіктеңіз.

  25. Шығындарды калькуляциялаудың мәнін ашыңыз.

  26. Баға және оның атқаратын қызметтерін атаңыз .

  27. Тауар құны және баға түрлерінің ерекшеліктерін ашыңыз.

  28. Бөлшек баға және оның құрылымы. Баға құру әдістерін көрсетіңіз.

  29. Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторларды талдаңыз.

  30. Таза пайда және оның бағыттарын көрсетіңіз .

  31. Жалпы өндірістік рентабельділіктің мәнін түсіндіріңіз.

  32. Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясатының мәнін ашыңыз.

  33. Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін көрсетіңіз.

  34. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мәнін ашыңыз.

  35. Кәсіпорын кадрлары қалай жіктеледі?

  36. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын төмендетудің жолдарын көрсетіңіз.

  37. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың маңызыдылығын түсіндіріңіз.

  38. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құру көздерін атаңыз.

  39. Өндірісті ұйымдастыру әдістерін көрсетіңіз.

  40. Инвестиция ұғымының экономикалық мәнін ашыңыз .

1. Кәсіпорын экономикасының зерттеу пәні және міндеттерін түсіндіріңіз. Экономика бұл барлық экономикалық ғылымдар үшін жалпы ғылымдар үшін жалпы объекті болып табылатын және адамзат қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет ететін, адамзат әрекетінің саласы.

Өндірістегі кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметтін сипаттау мен түсіндіру кәсіпорын экономикасы курсының зерттеу пәні болып табылады. Өндірістік үрдістің заңдылықтарын танудың негізінде өндірістік мақсаттарды іс жүзінде жүзеге асыратын шаруашылық әдістерді зерделеуге мүмкіндік туады. Сонымен кәсіпорын экономикасының зерттеу пәні - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығын, яғни айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пйдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен басқада тұтыну қорларының жиынтығынан жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді.

Кәсіпорын экономикасының негізгі міндеттері келесідей:

  • Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өндірістік өнеркәсіптің түрлері, өндірістік кезеңді ұйымдастыру;

  • Кәсіпорынның басқару үдерісін ұйымдастыру;

  • Өнімді өндіру мен өткізу жоспарын жасау, шаруашылық стратегиясын таңдау;

  • Кәсіпорын табысын жинақтау және капиталды қалыптастыру, пайдалану;

  • Өндірісті материалдық техникалық қамтамасыз ету, шикізаттарды, материалдарды жеткізу, қорларды құру мен оларды тиімді қолдану;

  • Өндірісті техникалық дайындау мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыру;

  • Өндіріс шығындарын құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, кәсіпорынның бағалық саясаты;

  • Кәсіпорынның инновациялық қызметі, өнім сапасы, кәсіпорынның инвестициялық саясаты, экологиялық мәселелері;

  • Жұмысқа қабылдауға мамандарды іріктеу; еңбекті ұйымдастыру; еңбекақы жүйесі және еңбек өнімділігін көтеруге ынталандыру;

  • Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі;

2. Кәсіпкерлік ортаның мәнін ашыңыз.

Өндіріс кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттау және түсіндіру - кәсіпорын экономикасы курсының пәні болып табылады. Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін белгілі кәсіпкерлік ортада атқарады. Кәсіпкерлік орта қалыптасатын экономикалық және саяси жағдаймен құқықтық, әлеуметтік мәдени, технологиялық, географиялық, экологиялық, ахуалымен сипатталады.

  • Экономикалық орта-халықтың табыстары мен тұтыну қабілетін, жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейін, кәсіпкерлердің экономикалық еркіндік дәрежесін, инвестицияның мүмкіндігін, ақша ресурстарының қолда бары ж/е қол жетімділігі басқа да экон-қ ресурстардан тұрады.

  • Саяси орта - билік басындағы үкіметтің мақсаты мен міндеттеріне б/ты.

  • Құқықтық орта - кәсіпорынның сауда, өндіріс, қаржы салық инновациялық ж/е инвестициялық қызмет аясын реттейтін заңдар мен нормативтік, актілер жүйесімен сипатталады.

  • Географиялық орта - кәсіпкерлік қызмет атқаратын табиғи ортамен анықталады.

  • Экологиялық жағдай - қоршаған ортаның жағдайы, экологиялық тәуекелдер дәрежесі, қоршаған ортаны ластауға бақылау жасау жүйесі ж/е оған әсер ету шаралардың деңгейімен анықталады.

  • Институционалдық орта - коммерциялық операциялар жүргізілетін, іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын әр түрлі институционалдың болуымен анықталады.

3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтерін түсіндіріңіз.

Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып басқаруды жақсарту болып табылады.

Кәсіпорынды басқару принциптері келесілерден тұрады:

  • Үнемділік;

  • Қаржылық тұрақтылық;

  • Пайда;

Үнемділік-аз шығын жүмсап,белгілі бір нәтижеге қол жеткізу және қолда бар қаражатпен өнімнің еі көп көлемін шығару.

Қаржылық тұрақтылық-кәсіпорын кез келген уақытта өзінің міндеттерін немесе қарызын өзінің жеке қаражаттарымен немесе несие алу арқылы өтеуді талап етеді.

Пайда-пайда табудың пайда табудың көзі бар:

  1. Өнім өндіру бойынша кәсіпорынның монополия жағдайына б/ты;

  2. Кәсіпорынның өнд/к ж/е коммерциялық қызметіне б/ты,бұл жағдай пайданың көлемі келесілерге тәуелді:

  • Өндірістік бағаның дұрыс таңдалуы;

  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі;

  • Өндіріс шығындарын төмендету;

3.инновациялық қызмет арқылы пайда табу;

Кәсіпорынның тиімді қызмет етуіне әсер ететін факторлар:

  • Негативті;

  • Позитивті;

  • Сыртқы;

  • Ішкі;

Ішкі факторлары:

  • Өндірісті ресурспен қамт/з ету;

  • Кәсіпорынның эк/қ және техникалық дамуын қамтамасыз ететін еңбектң ұйғару,ҒТП пайдалану,кәсіби біліктілікті арттыру.

  • Кәсіпорынның өнд/к шару/қ қызм/ң ком/қ тиімділігін қамтамасыз ету;

Сыртқы факторлар:

  • Ішкі және сыртқы нарықтық коньюктурасының өзгеруіне б/ты;

  • Елдің ішіндегі және әлемдегі соңғы жағдайлардың өзгеруіне б/ты;

  • Инфляция деңгейіне б/ты;

  • Мемл/ң қызметіне б/ты;

Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін асыра сілтеу дұрыс емес , әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнін анықтай отырып, онда кез-келген басқа жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керк және берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттау қажет .

Кәсіпорынды басқару функциялары:

  • Жоспарлау;

  • Ұйымдастыру;

  • Ынталандыру;

  • Ынталандыру және өнімділік;

  • Бақылау;

  • Жұмысты талдау;

4. Кәсіпорынның табыс табу көздерін атаңыз. "Табыстар дегеніміз" - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы - директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. Кәсіпорынның табыс табу көздері:

  1. Кәсіпорынның нарықтағы монополиялық жағдайы;

  2. Кәсіпорынның өндірістік ж/е коммерциялық қызметі;

  3. Инновациялық қыз-ті.

Өндірістік кәсіпкерлікке – өнім өндіруге, жұмыс пен қыз-т ұсынуға, ақпаратты жинау, өңдеу ж/е ұсынуға, рухани құндылықтарды ж/е т.б. құруға бағытталған, ары қарай тұтынушыға өткізілуі тиіс қыз-тер жатады. Кәсіпкерліктің бұл түріндегі өндірістің қыз-ті негізгі б.т. Ө.к. – кәсіпкерлік түрінің ең маңыздысы болғанымен, ең қиыны да б. саналады.

Ком-лық кәсіпкерліктің мәнін тауарлы – ақша қатынасы, тауарлы – айырбас әрекеті құрайды. Яғни тауарлар мен қызметтерді қайта сату. Ө.к. қыз-тен айырмашылығы, мұнда өнім шығару үшін өнд-к ресурспен қамтамасыз ету қажет емес.

Кәсіпорынның инновациялық қыз-ті –бұл жаңа н/се өнімнің жақсаруы, не

қыз-т көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық ж/е зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]