Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Элементтердің атомдық массасын анықтау әдістері...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.14 Кб
Скачать

2* 4. Франклин ұсынған қосылыстардың сольвожүйелер теориясы. Аммонохимия, оның аквохимиямен ұқсастығын дәлелдеңіз

Аррениус ұсынған электролиттік диссоциация теориясы қышқылдар мен негіздердің табиғатын жаңа тұрғыдан көрсеттіИондық теориябойынша қышқыл-суда ерігенде сутек ионын Н+ бөлетін заттар,өйткені қышқылдарға тән жалпы қасиеттер-металдарға,индикаторларға әсері,дәмі,т.т. бәрі тек сутек катионының қасиеті.Негіздер-судагидроксид ионын ОН- бөлетін заттар.Олардың жалпы қасиеттері:қышқылдық табиғатты заттарға,индикаторларға әсер,денеге тигенде сабындануы т.т. бәрі тек гидроксид анионына тән.Қышқыл мен негіздердің өзара бейтараптану реакциясының теңдеуі: Н++ОН-2О.Бұдан қышқылдың немесе негіздің күшін білу үшін ерітіндідегі Н+ және ОН- иондарының концентрациясын анықтау жеткілікті.Осыдан барып қышқылдар мен негіздердің басты сипаттамалары:диссоциациялану константасы,сутектік көрсеткіш рН,т.б. шықты.Күшті қышқылдар мен күшті негіздердің әрекеттесуінің жылу эффектінің тұрақты болатыны түсіндірілді.Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясының арқасында бүтіндей суда жүретін үдерістердіңаквахимиясының негізі қалыптасты.Бірақ Аррениус теориясы тиімсіз.Оның теориясында бір ғана қышқыл Н+,бір ғана негіз ОН- бар.Сондықтан бейтараптану реакциясы да жалғыз,әрі оның негізінде тұз түзілудің орнына су түзіліп тұр.Су-қышқыл мен негіздің бірін-бірі толығымен бейтараптануынан шығат.Иондық теорияға сай бір ғана екідайлы зат-су.Оның әрі негіздік,әрі қышқылдық қасиеті бұрыннан белгілі.Бірақ Аррениус теориясында судан басқа екідайды зат жоқ,себебі одан басқа ешбір зат диссоциацияланған кезде бірден Н+ және ОН- иондарын бірге бөліп шығара алмайды.Аррениус теориясы тиімсіз болса да ол әлемдік деңгейде мойындалды,себебі ол диссоциациялану дәрежесі,диссоциациялану константасы,сутектік көрсеткіш,тепе-теңдік константасы,гидролиздену константасы сияқты сандық өлшеуіштердің мәнін ашып берді.Еріткіштер ретінде басқа сұйықтықтар алынғанда иондық теория түсіндіре алмайтын жайттардың беті ашылды.Бірақ суда жүретін процес пен бейсулы еріткіште жүретін процестің арасында үлкен ұқсастық бар екенін алғаш Франклин байқады.Ол өзінің сольвожүйелер теориясын ұсынды.Судың диссоциациялануына сай аквохимия заңдарына қарап,дәл осыған ұқсатып сұйық аммиактың диссоциациялануын жазып:

2О=Н3О++ОН- 2ИН3=ИН4++ИН2- аммонохимия негіздерін салуға болады.Сұйық аммиак көптеген бейорганикалық заттарды ерітеді.Бұл ерітінділер ток өткізеді,яғни еріген заттар электролиттік диссоциацияға ұшырайды.Сонда сұйық аммиак ерітіндісінде жүретін процестер сулы ерітіндідегі процестерге ұқсас екендігі көрнеді.Сулы ортада оксоний Н3О+ катионын түзетін заттар қышқылдар болса,сұйық аммиакта аммоний NH+4 катионын бөле диссоциацияланатын заттар қышқылдық қасиет көрсетед.Сол сияқты судағы гидроксид ОН- аниондарының орнына аммиакта NH-2 амид аниондары жүреді.Сольвлжүйелер теориясында қышқылдар-диссоциацияланған кезде еріткіштің өзі түзетін оң ионға ұқсас катион-лиат беретін заттар,ал негіз-диссоциацияланғанда еріткіштің өзі түзетін теріс ионға ұқсайтын анион-лионий бөлетін заттар.

2* 5. Бренстедтің протондық теориясы. Протолиттердің жіктелуін талдаңыз

.Протон-сыртында электрон қауызы жоқ жалғыз ион.Оның мқлшері басқалардан 10000 есе кіші,осыған орай ол тым қозғалғыш,қте белсенді бқлшек,басқа иондар мен молекулалардың электрон бұлтына еркін еніп кете алад,ерекше сутектік байланыс тузеді.Осы протонды арқау етіп алған қышқылдық-негіздік теорияны Бренстед ұсынған.Протондық теория бойынша сутек катионы Н+ қатысқан реакциялар протолитті реакциялар деп аталады.Теория бойынша өзінен протон бөле алатын бөлшек-қышқыл,ал протон қосып алатын бөлшек-негіз деп саналады.Бренстед теориясындағы қышқылдың анықтамасы Аррениус теориясындағы анықтамамен сай келеді.Сулы ерітіндіде Н+ бөлетін молекула протондық теория тұрғысынан алғанда қышқыл болып шығады.Бірақ ол зат еріткіш болмағанда да судан басқа еріткіште де өзінен протон бөлетіндей қабілеті болса қышқыл қатарында қала беред.Ал протондық теориядағы негіздің анықтамасы Аррениус теориясымен сәйкес келмейд,одан анғұрлым кең мағына береді.Протондық теория бойынша құрамында сутек атомы бар барлық химиялық қосылыстар-қышқылдар.Протолиттік реакциялардың ерекшелігі-қышқылдық-негіздік әрекеттесудің нәтижесінде жаңа қышқыл мен жаңа негіз шығады,олардың өзара бейтараптанып тұз түзетіндігіне еш мән берілмейді.протолиттік реакцияның жалпы түрі мынадай: НА + В ВН+ + А-

Алғашқы қышқыл НА негіз В-мен әрекеттесіп жаңа қышқыл ВН+ береді.Қышқыл1-ден шығатын А-негізді негіз1 деп атап,бұрынғы негіз В-ны негіз2 деп белгілейді.Олай болатын себебі қышқыл1 мен негіз1 өзара іліктес жұп құрайды,дәл осылай қышқыл2 мен негіз2 де іліктес жұп береді:НА А- және ВН+ В.Протондық теория бойынша қышқылдар мен негіздердің қатарына молекулалармен бірге иондар да жатады.Сондықтан оларды бейтарап,катионды,анионды деп бөледі.Көпнегізді қышқылдардың гидроаниондары екідайлы қасиет көрсетеді.Су,аммиак тәрізді еріткіштерле екідайлы зат ретінде қабылданады,өйткені олар протонды бөліп шығара да,қосып ала да алады.Бұл теорияда Арениус теориясындағыдай екідайлы заттың бір уақытта қышқылдық әрі негіздік қасиет көрсетуі шарт емес,тек қышқыл әрі негіз ретінде әрекеттесе алу қабілеті болуы шарт.Протондық теория қазіргі кезде ең кең таралған теоориялардың қатарына жатады.ол протон доноры мен акцепторы қатысатын барлық қышқылдық-негіздік әрекеттесулерді бір жүйеге келтіріп қарайды.Протондық теорияның басты артықшылығы- аса маңызды шамаларды есептеп шығаруға болатын сандық теңдеулердің болуы.Ол протолиттік реакциялардың жүру теңдігін үдеріске қатысатын қышқылдар мен негіздердің диссоциациялану константасымен байланыстырады,оған еріткіштің әсерін ескереді.