Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Элементтердің атомдық массасын анықтау әдістері...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.14 Кб
Скачать

Анилин мен судың өзара ерігіштігі 7.30 - кесте

TоС

Жоғары су қабатындағы аналиннің мөлшері(%)

Төменгі анилин қабатындағы судың мөлшері (%)

20

3,1

5,0

40

3,3

5,3

80

5,5

6,5

120

9,1

9,9

160

24,9

28,8

167

-

  1. Сұйықтықтар бір-бірінде өте аз ериді. Мұндай сұйықтықтар іс жүзінде бірімен – бірі араласпайды. Іс жүзінде араласпайтын сұйықтықтарға май мен судың, керосин мен судың және хлороформ мен судың қоспалары мысал болады.

Араласпайтын сұйықтықтар екі қабатқа бөлінеді, жеңілдеуі жоғары қабатта, ауырлауы төменгі қабатта болады. Араласпайтын екі сұйықтықтан құралған жүйеге сол сұйықтықтардың екеуінде де еритін үшінші зат енгізсе, ол зат екі қабатқа (еріткішке) бөлініп таралады. Температура тұрақты болғанда бұл заттың еріткіштердегі концентрацияларының қатынасы тұрақты шама болады, оны таралу заңы деп атайды:

Мұндағы С1 – заттың бірінші еріткіштегі (қабаттағы) концентрациясы; С2– заттың екінші еріткіштегі (қабаттағы) концентрациясы; К – таралу коэффициенті. Мысалы, хлороформ мен судан тұратын жүйеге йод енгізсе, йод хлороформда да және суда да еріп екі қабатқа бөлініп таралады. Йодтың хлороформ мен су арасындағы таралу коэффициенті 250. Еріген йоды бар суға хлороформ қосып, араластырғанда йодтың хлороформға ауысады. Тепе-теңдік орнағанда йодтың хлороформдағы канцентрациясы судағыдан 250 есе үлкен болады. Демек, хлороформның көмегімен йодты оның судағы ерітіндісінен жинақтап, бөліп алуға болады. Еріген затты ерітіндіден араласпайтын сұйықтық көмегімен бқліп жинақтау әдісі – шайғындау ( экстрация) деп аталады. Шайғындау ерітіндіден заттарды бөліп алуда кең қолданылады

2* 3. Қышқыл мен негіздің Аррениус ұсынған иондық теориясы және оның шектеулігін дәлелдеңіз

Қышқылдар,негіздер,тұздардың еруінен түзілген ерітінділердің бір ерекшелігі-өз бойынан электр тогын өткізуі.Әдетте сұйық күйдегі таза сусыз қышқылдар токты тым әлсіз өткізеді.Олардың судағы ерітіндісінің өткізгіштігі әлдеқайда жоғары.Құрғақ тұздар,қышқылдар мен негіздер қатты күйде ешбір ток өткізбейді.Таза судың бойына да ток жүрмейді.Еріткіш(су) мен еріген зат ( қышқыл,негіз,тұз) бірге келгенде күрделі өзгеріске ұшырап электр тогын өткізетін қасиетке ие болады.Мұндай ерітіндісі ток өткізетін заттарды электролиттер,ток өткізбейтіндерді бейэлектролиттер деп атайды.Электр тоғын тұздар,негіздер,қышқылдардың ерітінділері ғана өткізіп қоймайды, оларды қыздырып балқытқанда түзілетін балқымасы да өткізеді. Ерітіндінің де,балқыманың да тоқ өткізуіне себепші болатын олардағы зарядты бөлшектер-иондардың болуынан. Швецияның ғалымы Сванте Аррениус (1887ж) қышқыл,негіз және тұздар суда ерігіенде олардың молекулалары оң және теріс иондарға ажырайды,яғни электролиттік диссоцияланады деген пікір айтады.Электролиттік диссоциациялану салдарынан ерітіндінің ішіндегі бөлшектерінің жалпы саны көбейеді,өйткені әрбәр молекула екі,болмаса бірнеше иондарға ыдырайды. Сондықтан осмос қысымының көрсеткіші концетрациялары бірдей болса да бейэлектролит ерітіндікілерден жоғарырақ болады.Бұл теория бойынша қышқылдар- еpітіндіде сутек катионын түзетін заттар.Молекуласы бір ғана сутек катионын түзетін қышқыл бір негізді,ал екі немесе одан да көп сутек катионын түзетін қышқылдар көп негізді қышқылдарға жатады.Мысалға,тұз қышқылының бір молекуласы ерітіндіде бір сутек ионын HCl(ер.)↔H+(ер) Cl-(ер)

Ал фосфор қышқылының бір молекуласы үш сутек ионын түзе алады: H3PO4(ер)↔ 3Н+(ер)+РО43-.Тұздарда электролиттік диссоциация кезінде металл катиондары мен қышқыл қалдығы аниондарын түзетін заттар жатады.Орта тұздар күшті электролиттер,олардың еріген бөлігі толық диссоциацияланады.Қышқыл тұздар алдымен металл иондарын,одан соң сутек иондарын бөліп,сатылап диссоциаланады. Негіз тұздар алдымен қышқыл қалдығы анионын,одан соң гидроксид анионын бөліп сатылап диссоциацияланады.Әдетте,қышқыл қалдығының бөлінуі аяғына дейін жүреді,ал гидроксид иондарының бөлінуі аяғына дейін жүрмейтін қайтымды үдеріс болып келеді. Ол иондардың санын табуды үйренгеннен кейін,ерітіндідегі жалпы бөлшек саны белгілі болады,одан соң электролит ерітінділері Вант-Гофф пен Рауль заңдарына бағынбайды деген пікір теріс екендігі анықталды.