Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
econ_kurs_391.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

2.3 Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

Басты экономикалық мәселелерді шешуде нарықтық экономикаға тең келетін экономика жоқ.

Біріншіден, нарық өнеркәсіп пен тұтынушы арасындағы мәселені шешіп отыр. Бұны шешу үшін сұраныстың төлем төлеу қабілеті мен өнім өндіру арасындағы сәйкестілік пайдаланылады. Екіншіден, нарық еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды. Бұл үшін артта қалғандарды ілгері кеткендерден аяусыз бөлектейді. Кім тезірек жаңа технология мен құралдарды пайдаланса, кім тұтынушы сұранысының өзгергенін тез анықтаса, өндірісті жоғары қарқынмен дамытса сол жеңеді.

Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында баға еркін болады. Еркін баға — нарықтық экономиканың жүрегі. Еркін бағадан шегіну диктатураға әкеледі деген болатын батыс экономисі Ф.фон Хайек. Төртіншіден, конкуренцияның түгелдей еркіндігі. Монополизмнің жоқтығы кез келген өндірушіні нарықтық бағаға әсер етуден айырады, сөйтіп еркін конкуренцияның шарттарын бұза алмайды. Сонымен бірге нарықтық қатынастағы әрбір қатынасушы сұраныс пен ұсыныс, баға, пайда нормалары, еңбек пен капиталдың нарықтағы орны туралы толық информация алып отыруы керек. Бұл оған капиталды орналастыруда ең жақсы таңдау жасауына және өзіне қолайлы шартпен товар сатып алуына жағдай жасайды.

Тауарлық тапшылықтың болуына жол бермей, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына жол аша отырып, экономиканы нарықтық ұйымдастыру кейбір проблемаларды шеше алмайды. Оған ең алдымен ақшамен өлшеуге болмайтын қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету жатады. Қазіргі қоғамда мұндай қажеттілік қалайда керек және оны ескермеу тіпті мүмкін емес.

Ешқандай қоғам халықты қорғау жүйесінсіз, халыққа білім бермей, қоғамдық тәртіп сақтау күштерінсіз, біртұтас энергетикалық жүйесінсіз, мемлекеттік және жергілікті басқару аппаратынсыз және т.б. болмаса өмір сүре алмайды. Бұларды бүкіл халық пайдаланатын болғандықтан бұлар «қоғамдық» немесе «коллективтік» тауарлар деп аталады. Бұл тауарларды өндіруді, және қызмет түрлерін мемлекет өз мойнына алады. Және ол үшін бюджеттен, яғни жеке азаматтар мен өнеркәсіп орындарының табыстарына салынған салық арқылы қаржыландырады. Және бұл жерде мемлекет "қоғамдық тауарлардың" күрделі құрылымы бар екендігіне, яғни, олардың бір бөлігін (мыс, ұлттық қорғанысты) халық түгелдей пайдаланса, екінші бір бөлігін (берілген региондағы милиция қызметін), ал үшінші бөлігін - халықтың бір бөлігі ғана (коммуналдық қызмет) пайдаланылатын ескеру керек.

Міне осындай "қоғамдық тауарлардың" қажеттіліктерін қамтамасыз ету нарықтық жағдайда жүзеге аспайды. Мұны нарықтық экономиканың 1-ші кемшілігі дейміз.

2-ші кемшілігі, "сыртқы эффекті" деп аталатынына байланысты. Бұл осылай түсіндіріледі: Нарықтық өнеркәсіп орнының артықшылығы да, кемшілігі де бар. Бұл кемшілік ақшаға байланысты болмауы мүмкін, бірақ қоғамның басқа мүшелерінің тұрмыс жағдайларына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сыртқы эффектілер, өнеркәсіп орындарының жұмысы нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы, мөлшерсіз пайдалану нәтижесінде табиғи қордың таусылуы, өнеркәсіпте құрылымдық және региондардың пропорциясының бұзылуы т.б. Бұл кемшіліктерді нарықтық механизм өздігінен жоя алмайды, себебі ол ақы төлеуді жоғарылата беру экономикасына негізделген. Сондықтан, сыртқы эффектіні реттеуді үкімет өз қолына алуға мәжбүр. Үкімет мұны сыртқы эффектінің жағымсыз жағын азайту үшін, мемлекеттік бюджет арқылы табысты етпеу, т.с.с. жолдармен шешуге тырысады. Бұл заңдарды орындамаған жағдайда түскен пайдадан да көп есе артық штраф салынады. Сыртқы эффектілермен күрес кезінде мемлекет жалғыз емес. Оған тұтынушылардың құқығын қорғайтын ұйымдар, еркін пресса, демократия институттары көмектеседі. Бұлардың барлығы нарықтық механизмнің әсерін реттеп, сыртқы эффект кезінде пайда болатын соқыр ойынның негативті зардаптарын жоюға немесе әлсіретуге мүмкіндік береді.

Ақырында нарықтық механизм тудыратын 3-ші кемшілікті қарастырайық. Ол нарықтық механизмнің жеке адамның социалды -экономикалық правосымен, соның ішінде еңбек правосымен байланыстылығы. Нарықтық экономика халықты түгелдей жұмыспен қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Жұмыссыздықтың әр түрінің өсуі немесе азаюы кезеңді түрде қайталанып отырады. Бүл технологиялық (өнеркәсіптің ескіріп жабылуынан), структуралық (экономиканың қайта құрылуынан), региональдық (әртүрлі регионның бірқалыпты дамымауынан), жасырын (фермерлердің бір бөлігінің күйреуінен) түрде көрінеді. Мемлекеттің ролі бұл жағдайда қалай болғанда да халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету емес. Бұл нарықтық механизмді құртқан болар еді. Сондықтан, бұл жердегі мақсат - жұмысшы күшін дұрыс реттеу, адамдарға әлеуметтік төлемдер арқылы көмектесу, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарларын орындау.

Нарық шеше алмайтын тағы басқа проблемалар үкіметтің араласуын керек етеді. Бұған тез арада қайтарым бермейтіндері инвестициялық жобалар, инфляция мен монополизммен күрес, т.б жатады.

Сонымен, бір жағынан нарық шаруашылықты ұйымдастырудың неғұрлым тиімді әдістерін ұсынады, ал екінші жағынан оның кемшіліктері де бар. Оны үкімет қана әртүрлі формада әсер ету арқылы жояды немесе жұмсарта алады. Сондықтан қалыпты экономика деп әрқашан реттеуге келетін экономиканы айтады.

Қазақстан бұрынғы одақтас мемлекеттер секілді нарық жағдайында бизнес жүргізуде артта қалды. Нарықтық экономика жаңа еніп жатқан мемлекетіміздің әлсіз бөлімі болып нарық емес, технология емес, өнеркәсіптерді басқару жүйесі болды. Егер біздер технологияны дамытуда дамыған елдерден 20-30 жыл артта қалсақ, басқару саласында 60 жыл артта қалып отырмыз.

Сондықтан нарықтың кемшілікткерін жоюдағы консалтингтің ролі өте үлкен болып отыр.

«Консалтинг» дегеніміз консультациялық компаниялардың әртүрлі қызмет көрсетуін айтамыз. Оның ішінде бизнес пен қозғалмайтын мүлікті бағалау, аудит, инжиниринг, заң тұрғысындағы қызмет көрсетулер, әлеуметтік зерттеулер т.б. жатады.

Ал басқару консалтингі дегеніміз бұл өнеркәсіп дамуының максимал деңгейіне дейін жеткізу үшін басқару жүйесінде білікті консультанттардың қызмет көрсету комплексі. Консультанттардың экономика мен басқару жөніндегі европалық ассоциациясы басқару консалтингіне мынадай анықтама береді: «Менеджмент-консалтинг - басқару саласындағы тәуелсіз көмек пен кеңес беру, соның ішінде проблемаларды бағалау, рекомендациялар беру» (FEACO Information Document6 1994)

Консалтингтік қызметтерді тұтынуына байланысты экономиканың қалай дамып жатқанын көруге болады. Яғни, нарықтық түрленуіне қарай консалтингтік қызметтерге деген сұраныс та сондай болады. Қазіргі дамушы елдерде консалтингтік қызметтің болмауы компанияның төмен деңгейлілігін көрсетеді.

Қазіргі нарық тұрақты емес, конкуренттер қатал. Кәсіпорындар нарықтық қатынастарға әлі де дұрыс бейімделе алмай отыр, соның ішінде бизнес-жоспарлар құруда, бағалау жұмыстарын және қаржылық талдау жоспарларын жасауды толық жүзеге асыра алмайды. Осының бәрі консалтингтік қызмет көрсету арқылы жүзеге асады. Сондықтан, Қазақстанда экономиканы дамытуда кемшіліктерді жою үшін консалтингтік қызмет көрсетуді дұрыс жолға қою керек.

Нарықтық жүйенің бөлінбес қасиеті оның көп секторлылығы, яғни жеке меншік пен шаруашылықты басқарудың әртүрлі формада болуы. Әрбір форманың пайдалылығын нарықтың әсерлілігімен анықтайды және ол әр елде әртүрлі болады.

Қорытынды

Сонымен, қорыта айтқанда, нарықтық қатынастар ерте заманнан пайда болған. Ол шаруашылықты жүргізудің құралы. Нарықтың қалыптасуының өзі айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық қатынастардың дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы. Ал нарықтың өзін 3 түрге бөлетінін жоғарыда айтып өттім. Олар еркін, монополиялы, реттемелі нарық.

Бұрынғы Совет Одағында нарық монополиялы болды. Еркін бәсеке шектелді, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етті. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқты. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік, әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.

Міне, сондықтан Совет Одағы құрамындағы Қазақстан да осындай күй кешті. Қазақстан 70 жылдан аса уақыт бойы аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қалды. Қазақстанда қоғамдық прогресс дамымай, өндіргіш күштерінің дамуы тежелді.

Қазір Қазақстанның алдында тарихи әділетсіздіктерді жеңіп, Қазақстанды көркейту міндеті тұр. Ал ол міндет нарықтық экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономиканы дамытуды Қазақстан үкіметі 3 кезеңге бөліп отыр. Бірінші кезеңде микроэкономикалық тұрақтандыру: мемлекет меншігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру. Екінші кезеңде экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жоюды жалғастыру, көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектік меншік нарығын құру. Үшінші кезеңде экономиканың шапшаң дамуы, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюы және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.

Енді Қазақстандағы нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктеріне келетін болсақ, нарық бағаға еркіндік әкелді. Еркін бәсекелестік орнатты. Еңбек өнімділігін арттырды. Тұтынушы мен өндіруші арасында байланыс орнатты. Қазақстан рыногінде тауар молайды. Бірақ, кемшіліктері де бар.

Ол кемшіліктер: 1). «Қоғамдық тұтынуды» нарық шеше алмайды. Білім беру мәселесін, медицина, тәртіп сақтау қызметін үкіметтің араласуынсыз нарық ешқандай шеше алмайды. 2). «Сыртқы эффект» деп аталатын жағдайларға байланысты болатын кемшіліктер. Бұл экология саласындағы мәселелер. Мысалы: Теңіз кенішіндегі экологиялық жағдай өте ауыр. Ол мәселені тек үкіметтің араласуы ғана шеше алады. Су тасқыны, жер сілкіну зардаптарын да тек үкімет жоя алады. Қарт, мүгедек адамдарға көмек көрсетуге де нарықтың әлі келмейді. 3). Нарық жұмыссыздықты жоя алмайды. Осы мәселелерді шешу жолында үкімет бюджеттен ақша бөліп отырады.

Қазақстанда нарықтың кемшіліктерін жою үшін орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту керек деп ойлаймын. Осы орта және шағын кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын жақсартып, Қазақстандағы нарықтың дамуын жылдамдатады.

Қазақстанда нарық механизмін көп адамдар түсінбейді. Сондықтан консалтинг қызметінің де ролі зор. Консалтинг дегеніміз - нарықты басқарудағы консультациялық қызмет. Бизнес-жоспар жасау үшін, бағалау және қаржылық талдаулар жасау, т.б үшін, консалтинг қызметінің маңызы ерекше.

Қорыта айтқанда, Қазақстан нарығы болашақта өз кемшіліктерінен арылса Қазақстан үкіметінің гүлденетіндігіне дау жоқ.

Қазір тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында тарихи әділетсіздікті жою міндеті. Негізгі стратегиялық мақсат – демократияны дамыту, меншікті қатынастарды реформалау, нарықты зерттеу болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жүнісов Б. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы-1994

2. Әубәкіров Я.Ә. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-1994

3. «Аль-Пари» журналы 2002-1 (686.)

4. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория»

Алматы-Ақтөбе-2002

5. Түркебаев «Основы рыночной экономики» Қазақстан даму институты Алматы-98

6. Оразәлі Сәбден «XX ғасырға қандай экономикамен кіреміз» Алматы-1997

7. Мамедов «Современная экономика» Ростов на Дону -1996

8. Уоттс Майкл «Нарықтық экономика әліппесі» Алматы «Қазақстан»-95

22

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]