
- •1. Нарықтың даму тарихы және теориясы
- •1.1 Нарық қатынастарының даму кезеңдері
- •1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
- •1.3 Қазіргі заман нарық теориясы
- •2. Нарықты ұйымдастырудың әдістері
- •2.1 Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
- •2.2Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері
- •2.3 Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
2.2Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушылардың арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Экономикалық игіліктерді және қызметтерді, өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын
|
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі
|
Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі
|
Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту
|
||
НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
|
|||||
Тауардың қоғамдық мағналылығын мойындау
|
Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру
|
Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету. |
Суретте: Нарықтың атқаратын қызметтері
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар бағасымен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік нарқының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызметте атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Нарықтық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әртүрлі факторларға байланысты белгі бір нақты әлеуметтік экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатын және өмір сүруін дәлелдеп береді.
Шаруашылық субьектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі
|
Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары
|
Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы
|
Нарықтық экономиканың шарттары
|
||
Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі |
Контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы
|
Нарық инфрақұрылымын жасау
|
Суретте: Нарықтың қалыптасуының негізгі компоненттері
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- нарық инфрақұрылымын жасау;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы. Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы, олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналисттер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Қазіргі кезде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір кездегі жаппай национализациялау және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгінде - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт - ол өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің экономикалық мәні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,нарықтың тиімді жүмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады.
Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы, капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, валюталық келісім шартқа отыру, акциялар мен валюталардың нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономикаға жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым - несие жүйесі болмай жұмыс жасай алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық ғылыми техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз (ипотекалық) жылжымайтын мүліктердің кепілдігіне ақшалай қарыз берушілер банкілер, сақтық компаниялары, әртүрлі қоғам, ұйымдарының қоры құрайды. Нарық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі - атқарушы әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктің қол шоқпарына айналар еді, ал енді мұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет проблемаларын ақшаның эмиссиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның ерекшелігі неде? Бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте ғана болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуына жол бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда ғана жасалады және заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады. Нарықты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауын қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егерде мемлекет бюджетінің кірісімен шығысын теңдестіруге қол жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді. Алтыншыдан, өнім өндірушілердің өнім өндірудегі және сатудағы монополиясына жол бермеу. Нарықты экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекені (латын сөзі - конкурро-бәсекелесу) нарықтың тең құқылы субъектілерінің арасында тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеліп соқтырады, яғни нарықта кейбір кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздеріне қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғұрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Батыс елдері мамандарының бағалауынша бір тауар түрі сатушыларының саны 4-5 тен, ал барынша тиімдірегі 8-15-тен кем болмау керек. Егер фирма белгілі бір тауар түрінің 80%-ін өндіретін болса, онда нарық монополияланған деп есептеледі.
Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы мәліметі (маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шартына жатады.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан алуан элементтерден тұрады. Оның құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынадай түрлерге бөлінеді: дүниежүзілік нарық, еларалық бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық, аймақтық нарық және оқшауланған (локальды) немесе жергілікті нарық.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбас операциялары нарықпен байланыста болады. Қазіргі кезеңде нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда, соның ішінде әсіресе Шығыс Европа және Европалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭС), бұрынғы Совет Одағы құрамында болған, қазірде тәуелсіздік алған егеменді мемлекеттер арасындағы нарық қатынастары. Осының нәтижесінде шын мәніндегі бүкіл дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқан, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта, белгілі бір нысанда өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты - ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық - бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика, облыс, аймақ, аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық - кейбір елді пункттердің жиынтығы болып табылатын нарық. «Жергілікті оқшауланған» нарық деп негізінен, халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай нарықты: дамыған (кемелденген) нарық, қалыптасу үстіндегі нарық және әртүрлі дәрежеде бәсекені шектеу нарығы (олигополиялық, монополиялық т.б.) деп айырады.
Олигополиялық нарық, баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады. Сатушылардың аздығын, үміткерлердің бұл нарыққа енуінің қиындығымен, әрбір сатушының бәсекелестерінің стратегиясымен әрекетіне қарай шапшаң шешім қабылдаумен түсіндіруге болады. Егер бір компания өз өнімінің бағасын 10 процент төмендетсе, сатып алушылар тез соған ауып кетеді. Сондай өнім шығаратын басқа өндірушілерге не бағаны төмендетуге, не сол өнімді пайдалануға байланысты көптеген қызмет түрлерін ұсынуға тура келеді.
Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі. «Сатушылар нарығында» сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың «белсенді қайраткері» болуға тура келеді. Нарықтың мұндай жағдайы өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән. «Сатып алушылар нарығында» экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең «белсенді іскері» болуға тура келеді.
Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі және ресми нарық деп атайды.
Нарықтың дамуының сәйкестігіне байланысты теңдестірілген және теңдестерілмеген нарық деп бөлу көзделген.Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды. Теңдестірілмеген нарықта сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік болмайды, ол сәйкестіктің бір немесе бірнеше шарттарының орындалмауына байланысты.
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық - салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін, өткізу объектісі, халық шаруашылығының бір дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді. Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі нарық деп атайды. Нарықты көлемді тауар топтары бөлек тауарлар нарығы деп те бөледі. Тауар топтары нарығына нан - бөлке, макарон өнімдері т.б. нарығы жатады. Киім нарығында тігін заттары, тоқыма тауарлары, бас киім және шұлық бұйымдары нарықтары бөлініп көрінеді. Дегенмен, қандай жағдайда да болмасын ішкі нарық, оның барлық тармақтарының қызмет жасауы мен дамуы өзара байланысты және бір-біріне тәуелді. Сонымен бірге ішкі нарық тұйықта емес, ол сыртқы нарықпен тығыз байланыста болады.