
- •1. Нарықтың даму тарихы және теориясы
- •1.1 Нарық қатынастарының даму кезеңдері
- •1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
- •1.3 Қазіргі заман нарық теориясы
- •2. Нарықты ұйымдастырудың әдістері
- •2.1 Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
- •2.2Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері
- •2.3 Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
2. Нарықты ұйымдастырудың әдістері
2.1 Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникасымен және азаматтың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады,оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта болу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарықтық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушы мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - бұл сатушылармен сатып алушылар арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бір проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сатып - сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын. Тауар ақша қатынастарын қандай мықты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге,нарықты жәй ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
|
Э
|
|
---|---|---|
|
|
Нарық |
-
Тауар өндірушілер
Тауарды тұтынушылар
Суретте: нарық экономикалық байланыстар мен қатынастар ретінде
Берілген анықтамада әңгіме, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, обьективті түрде алдын ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігімен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары - бәсеке - өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бүл,сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субьектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.