Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
econ_kurs_391.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

1.3 Қазіргі заман нарық теориясы

Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттік араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридмен (1912 жылы туған) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-шы-80-шы жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсиандықтың әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оның тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жүмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.

XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептейді. Олар өзінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады яғни, экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқан шаруашылық бірліктерінің жиыны болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын «табиғи, әмбебапты заңның» әрекетімен түсіндіреді. Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарқын төмендету жолымен ұсынымды көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дұрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше өндірісті ұлғайту мен дәулеттілікті арттырудың негізі жеке кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бұған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді. Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте» бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық», «шекті еңбек өнімділігі» теориялары түрінде көрінетін, сөйтіп Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.

Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады. П.Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» ғылыми-техникалық революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің негізгі жағдайларын да қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты - мемлекеттік бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету үшін әлеуметтік маневр жасау әдісін кеңінен қолдану.

Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттігі тұр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды. Біз үшін қазіргі басты міндет - әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете отырып барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономиканы құру және дамыту болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]