Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
econ_kurs_391.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

Нарық ұғымы және мәні

ЖОСПАР

1. Нарықтың даму тарихы және теориясы 2

1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы 4

1.3 Қазіргі заман нарық теориясы 6

2. Нарықты ұйымдастырудың әдістері 9

2.1 Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері 9

2.2Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері 11

Кіріспе

«Нарық ұғымы және мәні» деген курстық жұмысымда мен нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты ұйымдастырудың мәні мен оның өзекті мәселелерін, нарықтың даму тарихы мен теориясын, оның ішінде Қазақстан нарығының тарихын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қарастырдым.

Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.

Курстық жұмысымда нарықтың әлеуметтік-экономикалық табиғаты, оның пайда болу тарихы туралы сөз еттім. Нарық дегеніміз не екендігін айта отырып, оның түрлерін, құрылымын, атқаратын қызметтері мен өмір сүру шарттарын айттым.

Нарықтың Қазақстанда дамуын әңгімелеп, Қазақстанда нарықтың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігін жаздым.

Нарықтың бағаға еркіндік әкелгендігін, еркін бәсекелестік орнағанын, еңбек өнімділігі артып, тұтынушы мен өндіруші арасында байланыс орнағанын, Қазақстан рыногінде тауар молайғанын айта келіп, нарықтың кемшіліктері де бар екендігін де айттым. Оның қандай кемшіліктер екендігін атап өтіп, сол кемшіліктерді жою жолында жасалынатын жұмыстар қандай болу керектігін көрсеттім. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.

«Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе басқасының жоқ жағдайында басқару - бір қолмен шапалақтағанмен тең», - деп бекер айтылмаған.

Нарық жағдайы өте қатал. Нарық жағдайында жұмыс жасауды біздің жаңа дамып келе жатқан жас республикамыздың нарықпен айналысатын адамдарының көбі түсінбейді. Осыған байланысты консалтингтік қызмет туралы да айтып кеттім.

1. Нарықтың даму тарихы және теориясы

1.1 Нарық қатынастарының даму кезеңдері

Нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды,оған еркін тауар өндірушілермен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит /1723 -1790/ өзінің «халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпау керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» ролін атқару қажет. Мемлекет "Laisser faire" саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялармен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбардың пікірінше - жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасады.

Монополиялық нарық 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүреді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктен ірі кәсіпорындар жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.

Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндірушіге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субьектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.

Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]