Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
t_1241_zhiribelik_da_1171_dylar_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33.52 Кб
Скачать

15. Кольцепреципитация реакциясы

Бұл реакция жіңішке пробиркаларда (диаметр 0,5см) жасалады, әрбір пробиркаларға 0,2-0,3 мл преципитациялық сарысуын қосады. Осыдан кейін Пастер пипеткасымен 0,1-0,2 мл антиген ерітіндісін қабаттастырады. Пробиркаларды ақырын вертикальды бағытқа ауыстырады. Реакцияның нәтижесін 1-2 минуттан кейін қорытындылайды. Егер реакция оң болса, сарысу мен зерттелетін антигеннің шекарасында приципитат ақ түсті сақина пайда болады. Ал бақылау пробиркаларында приципитат түзілмейді

16. Сахаролитикалыөқ белсенділікті анықтау

Микроорганизмдердің көмірсуларды ферменттеу қабілетін анықтау үшін қысқа және ұзын «ала» қатарларды қолданады. Қысқа қатардың құрамына моно- және дисахаридтері (глюкоза, лактоза, сахароза, мальтоза және алты атомды спирт – маннит) бар Гисс ортасы кіреді. Ұзын «ала» қатарға, сонымен қоса, қосымша моносахаридтері (арабиноза, ксилоза, рамноза, галактоза, т.б.), полисахаридтері (инсулин, крахмал, гликоген, т.б.) және спирттері (глицерин, дульцит, инозит, т.б.) бар орталарды енгізеді. Индикатор ретінде барлық орталарға Андреде реактивін немесе басқа реактивтерді қосады.

Зерттелетін бактериялардың таза культурасын «ала» қатар орталарына ілмек көмегімен себеді. Егулерді 370С-та 18-24 сағат бойы инкубациялайды. Егер бактериялар көмірсуларды қышқыл заттарға дейін ыдыратып ферменттесе, орта түсінің өзгеруі байқалады: көмірсудың қышқылға және газ тәрізді заттарға дейін ыдырауында, орта түсінің өзгеруімен қатар қалытқыда (поплавок) газ түйіршігі пайда болады. Егер жартылай сұйық агары бар ортаны қолданса, газ түзілуін бағананың бөлінуі кезінде бақылайды. Ферментация болмаса, орта түсі өзгермейді. Бактериялар Гисс ортасына кіретін көмірсуларды ғана ферменттейтіндіктен, біршама ала бейнені көруге болады. Сондықтан түсті индикаторы мен көмірсулары бар ортаның жиынтығын «ала» қатар деп атаған.

17.Протеолитикалық ферменттерді анықтау.

Протеолитикалық ферменті анықтау үшін 10-20 желатин бағанасына , пептонды суға бактериялар дақылын укол арқылы себеміз. Желатинде дақылдар бірнеше күн бойы 20-22 температурада инкубацияланады. Протеолитикалық ферменттер анықталса, воронка немесе шырша тәрізді фигура түзіп, бактериялар желатинді ыдыратады.

18. Пептолитикалық ферменттерді анықтау Нәтижелерін интерпретациялау.

Пептонды судағы себінділерде 37С –та 2-3 тәулікте инкубацияланғаннан кейін пептонның ыдырау өнімдерін анықтайды – аммиакқа, индолға, күкіртсутекке реакциялар қояды.

Аммиакқа реакция. Ламкус қағазының жіңішке жолағын пробирканың астына қорек ортасына тимейтіндей етіп бекітеді. Қағаздың көгеруі аммиактың бар екенін дәлелдейді.

Индолға реакция. Эрлих әдісі: бактерия дақылы бар пробиркаға 2-3 мл эфир қосады, оларды араластырып, Эрлих реактивін қосады. Индол болған жағдайда қызғылт (розовое) түске боялады, байқап қабаттастырғанда бірреттік сақина түзіледі.

Күкіртсутекке реакция. Күкіртсутекті анықтауға арналған реактиві бар қорек ортасының бағанасына уколмен бактерия дақылын себу жасайды. Күкіртсутек болса, агардың қараюы болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]