Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125.44 Кб
Скачать

3. Салааралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс бағасының құрылуы

Орташа пайда нормасының құрылуы мен тауар құнын үш саланың мысалында қарастырамыз. Кәсіпорындар ( фирма) әр түрлі тауар өндіреді, техникалық жарақтандырылуы әр түрлі, сондықтан өндіріс шығын мен тауардың құны оларда әр түрлі, біркелкі емес.

Салааралық бәсеке процесінде жеке құндар үнемі қоғамдық, нарықтық құнға (өндіріс бағасына) теңестіріліп отырады. Нарықтық құн болса, негізі тауар массаларының орташа өндіріс жағдайымен анықталады. Осы процестің салдары кәсіпорындарды (фирма) бөлшектеу болып табылады және олардың бірі ішкі салалық бәсекеге өтеп бере алмай күйресе, оның тауарларының жеке құны орташа салалық құннан жоғары болғаны, басқалары байи түседі, онда оның тауарының жеке құны орташа салалық құннан төмен болады. Сапа арасындағы бәсеке тауардың жеке құнын қоғамдық, нарықтық құнға және өндіріс бағасына теңестіреді.

салалар

шығындар

m

өнім құны

Р’

Р (орташа)

өндіріс бағасы

+

І

100 (90с+10v)

10 m

110

10

20

120

-10

ІІ

100 (80с+20v~

20 m

120

20

20

120

0

ІІІ

100 (70с+30v)

30 m

130

30

20

120

+10

Бұл жағдайдың қалай болатындығын қарастырамыз. Айталық, үш өндіріс саласында қызмет жасайтын кәсіпорындардың барлығында біркелкі авансталған капитал мөлшері және қосымша күн нормасы – 100% -ы бар, бірақ олардағы капиталдың органикалық құрылымы әртүрлі. Алайда капиатлдың әрқайсысы 100 долларға тең.

Өндіріс процесінің бұл жағдайында 100 бірлікке тек бір және сол капиталға, бірінші саланың кәсіпкерлері-10, екіншісі-29 және үшіншісі қосымша құнның 30 бірлігін алады. Мұндағы алынған қосымша құн мөлшері әртүрлі және пайда нормасында ондай, сөйтіп бірінші сала кәсіпкерін өзінің капиталын өте ыңғайлы үшінші салаға аударуға итермелейді. Бірінші саладан капиталдың кетуі онда өндіріс көлемі мен тауар ұсынымын қысқаруды күшейтеді және тауардың бағасы олардың құнынан асып кетеді, пайда нормасы артады.

Өнеркәсіптің ІІІ-ші саласына капиатлдың құйылуы өндірістің дамуына алып барады, тауар ұсынымы оларға деген сұранымнан алады, демек тауар бағасы құннан төмен түседі және пайда нормасына төмендейді.

Өнеркәсіптің барлық үш саласындағы пайда нормалары орташа пайда нормасына теңестірілгенде (біздің мысалда ол 20% құрайды), капиатлдың ауысуы уақытша тоқтатылады және нарықтағы тауарлар олардың құнымен Т=c+v+m өткерілмейді, олар өндіріс бағасы T=c+v+p орташа арқылы өткеріледі. Өндіріс бағасы өндіріс шығыны плюс орташа пайдаға тең.

Өндіріс бағасы – бұл тепе-теңдік баға, онда қарама-қарсы мақсаттар, мүдделер, бәсекенің әсері теңестіріледі және капиталды өте ыңғайлы салу жайлы ақпарат қойылады. Кейде экономистер мұндай тепе-теңдікті астрономиялық «қара тесікті» космостық объекті деп атайды. Бұл объектінің ішіндегі болып жатқан процесс туралы барлық ақпарат жойылады.

Нарықтық тепе теңділік аталған сала деңгйеінде ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін, кейін сала аралық бәсекелестік процесс қайтадан қосылады және қайталана береді. Солай біз нарықтық мехнизмнің әрекетін көре аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]