Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
522.35 Кб
Скачать

4 Тәжірибе. Буферлі қоспалар.

а) Бірінші сынауыққа 10 тамшы 1М натрий ацетатының ерітіндісін және сондай көлемде 1М сірке қышқылының ерітіндісін, ал басқасына салыстыру үшін қолданатын ерітндіге 20 тамшыдай су құйыңдар. Екі сынауыққа да фенолфталеин, кейін 1 тамшыдан сұйылтылған(0,5-1М) сілті ерітіндісін құйыңдар. Суы бар сынауықта және буферлі ерітіндіде индикатордың түсі қалай өзгереді? Екі сынауыққа да тағы 1-3 тамшыдан сілті ерітіндісін құйыңдар және түстің өзгеруін қадағалаңдар.

Таза сынауыққа буферлі қоспаның жоғарыда көрсетілгендей көлемін құйып, оған және суы бар бақылау сынауығына 1 тамшы метилоранж қосып, одан кейін 1 тамшы 0,5 – 1М тұз қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?

б) 10 тамшы 1М аммоний хлориді ерітіндісі және сондай көлемде 1н аммиак ерітіндісімен аммонийлы буфер дайындаңдар. Оны фенолфталеиннің қатысында 0,5-1М аммиак ерітіндісіне және метилоранж қатысында 0,5-1М тұз қышқылына қатынасын зерттеңдер. Екі жағдайда да суы бар бақылау сынауықтарына сол индикаторларды және сондай көлемде аммиак ерітіндісін немесе қышқыл қосыңдар. Не байқалады? Ацетатты және аммонийлы буфер ерітінділерін түзететін негізге жататын реакция теңдеулерін иондық-молекулалық түрде жазыңдар.

11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Кешенді қосылыстырдың алынуы және қасиеттері

1 Тәжірибе. Кешенді катионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.

а) Сынауыққа 1-2 мл AgNO3 ерітіндісін құйып, оған аздаған мөлшерде NaCl ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаға ол ерігенше аммиак ерітіндісін құйыңдар. Ag+ ионының координация саны екіге тең екенін ескере отырып реакция теңдеуін құрыңдар. Болған өзгерісті түсіндіріңдер.

б) Сынауыққа 1-2 мл CuCl2 ерітіндісін құйып, Cu(OH)2 тұнбасы түзілгенше аммиак ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Кейін аммиак ерітіндісін тұнба ерігенше құю қажет. Cu2+ ионының түсін алынған ерітіндінің түсімен салыстырыңдар. Қандай иондар ерітіндінің түсін өзгертеді? Кешенді негізді алудың реакция теңдеуі мен оның координациялық формуласын Cu2+ ионының координация санының төртке тең екенін ескере отырып жазыңдар. Қандай негіздер күштірек болып саналады: мыс гидроксиді немесе кешенді негізбе? Неліктен? Алынған ерітіндіні 4 тәжірибеге сақтап қойыңдар.

2 Тәжірибе. Кешенді анионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.

а) 1-2 мл сынап II нитратының ерітіндісіне (күшті у) KJ сұйылтылған ерітіндісін HgJ2 тұнбасы түзілгенше тамшылатып қосыңдар. Кешенді қосылыстың реакция теңдеулері мен Hg2+ ионының координация санының 4-ке тең екенін ескере отырып, оның координациялық формуласын жазыңдар.

б) 2-3 мл Bi(NO3)3 ерітіндісі бар сынауыққа 0,5н KJ ерітіндісін BiJ3тұнбасы түзілгенше тамшылатып қосыңдар. Кейін тағы түзілген тұнба ерігенше бірнеше тамшы KJ ерітіндісін қосыңдар. Алынған ерітіндінің түсі қандай? Түстің өзгеруі K+, J-, Bi3+ иондарының бар болуына негізделе алама? Кешенді қосылыстың түзілу және диссоциациялану теңдеулері мен Bi3+ ионының координация санының 4-ке тең екенін ескере отырып, оның координациялық формуласын жазыңдар.

в) Екі сынауыққа 1 мл-ден 1а тәжірибеде алынған [Ag(NH3)2]Cl ерітіндіні құйыңдар. Біріншісіне – NaOH, ал екіншісіне – KJ ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? [Ag(NH3)2]+ кешенді ионының диссоциациялану теңдеуі мен оның тұрақсыздық константасының мәнін жазыңдар. Ерігіштік ережесін және кешенді ионның диссоциация теңдеуін пайдаланып байқалған құбылысқа түсінік беріңдер.

г) Сынауыққа AgCl тұнбасын алыңдар. Кейін 1н Na2S2O3 ерітіндісін тұнба толық ерігенше қосыңдар. [Ag(S2O3)2] түзілуінің реакция теңдеуін жазыңдар.

Алынған кешенді қосылыстың ерітіндісіне KJ ерітіндісін қосыңдар. 4в тәжірибесінде алынған нәтижемен салыстырыңдар. Күмістің аммиакты және тиосульфатты кешенді қосылысы үшін тұрақсыздық константасын жазыңдар және 4в и 4г тәжірибесінің нәтижелері бойынша қай константа жоғары мән көрсететінін табыңдар. Кесте бойынша қорытынды жаса.

д) 4а тәжірибеде алынған [Ag(NH3)2]Cl ерітіндіден 1-2 мл сынауыққа құйыңдар, оған AgCl тұнбасы түзілгенше сұйылтылған HNO3 қосыңдар. [Ag(NH3)2]+ және [NH4]+ иондарының тұрақсыздық константасы 6,8.10-8 и 6,0.10-10.

тең екенін ескере отырып, байқалатын құбылысты түсіндіріңдер.

е) Екі сынауыққа бірдей көлемде CuSO4 (CuCl2) ерітіндісін құйыңдар. Біріншісіне – NaOH, екіншісіне - (NH4)2S ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсін қараңдар. Бұл реакцияны Cu2+ ионын анықтауда қолдануға болады. Реакция теңдеулерін құрыңдар..

1 тәжірибеде алынған [Cu(NH3)4](OH)2 ерітіндісін бірдей көлемде екі сынауыққа бөліңдер. Біреуіне – NaOH, ал екіншісіне - (NH4)2S ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

Cu(OH)2 және CuS ерігіштік мәндері бойынша және [Cu(NH3)4]2+. Ионының тұрақсыздық константасын ескере отырып байқалатын құбылыстарға түсініктеме беріңдер.