Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
522.35 Кб
Скачать

2 Тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі

жасалған тәжірибенің біреуін тек температураны әрбір 100С-қа өзгерте отырып қайталаңдар да, алынған мәліметтерді 2 кестеге толтырыңдар.

Кесте 2.

Тәжірибе ғ

Температура 0С

Уақыт, сек

Реакцияның шартты жылдамдығы, V= 1/t

1

10

2

20

3

30

4

40

Алынған мәліметтер бойынша, абцисса өсіне температураны, ал ордината осіне шартты реакция жылдамдығын сала отырып, реакцияның салыстырмалы жылдамдығының температураға тәуелділігінің графигін тұрғызыңдар. Температураны әрбір 100С-ға көтерген кезде реакция жылдамдығы қалай өзгереді? ((((( екенін дәлелдей отырып, реакция жылдамдығының температуралық коэффицентін есептеңдер.

Реакцияның жүру механизмі туралы қорытынды жасаңдар.

3 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының катализаторға тәуелділігі.

Сутек асқын тотығының ыдырауы қалыпты жағдайда баяу жүреді. Үш сынауыққа 2 мл сутек асқын тотығын құяды. Ыдырау байқала қоймайды. Бір уақытта тең мөлшерде бір сынауыққа MnO2 кристалын, екіншісіне SiO2 кристалын, үшіншісіне Fe2O3 кристалын салады. Сутек асқын тотығының ыдырауын байқауға болады. Тұтанған шырпының түтінін сынауықтың саңылауына апарыңыз. Сутек асқын тотықтары бірдей ыдырайма? Бұл реакцияларда катализатор не? Сутек асқын тотықтарының реакция теңдеулерін жазып, қорытынды жаса.

4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының ингибиторға тәуелділігі.

Екі сынауыққа 1 мл 1 М тұз қышқылы ерітіндісін құйып, оған:

біріншісіне – 2 мл 1 н Na2S2O3 ерітіндісі + 1 мл Н2О;

екіншісіне - 2 мл 1 н Na2S2O3 ерітіндісі + 1 мл Н2О және 1,5 мл 0,02 М мыс (П) сульфатының ерітіндісі

Дайындалған ерітінділерді кезекпен құйып, жақсылап араластырады. Секундомер уақыты қышқылдарды құйған кезден бастап ерітіндіде опалесценция пайда болғанға дейін қойылады.Реакция жылдамдықтарын есептеп және өзара салыстырып, V1/V2 мәнін табу керек. Сәйкес қорытынды жасау.

6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер етуші факторлар»

1 Тәжірибе. Химиялық тепе-теңдікке әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері.

Төрт сынауыққа 1 мл 0,0025М темір (III) хлоридін-FeCl3 және 1 мл 0,0025 М калий роданидының KCNS ерiтiндiсiн құю керек. Жеңіл сілки отырып сынауықтағы ерітінділер араластырылады. Барлық сынауықтар бекіткішке (штатив) орнатылып, ерiтiндiсi бар бiр сынауық бақылаушы ретінде , салыстыру үшiн бөлек қойылады.

Ерітіндіде кері реакция жүреді:

FeCl3+3KCNS Fe(CNS)3+3KCl

Темірдің үшроданиді барын ерітіндідегі қызыл түстен білуге болады. Сынауықтардың біреуіне 1 мл FeCl3 – 0,3 М, екіншісіне 1 мл KCNS 0,6 М, үшіншісіне 2-3 қалақша KCl қосу керек. Әрбiр жағдайдағы түске боялу қарқынының өзгерiсiн белгілеу және бұл ерітінділерді бақылау сынауығындағы ерiтiндiмен салыстыру. Нәтижелерді форма бойынша кестеге жазып алу:

Сынауықтар №

Қосылған ерітінділер

Түске боялу қарқындылығының өзгерісі (күшею, әлсіз)

Тепе-теңдіктің ығысу бағыты (оңға, солға)

№1

1 мл 0,3М FeCl3

№2

1 мл 0,6М KCNS

№3

2-3 қалақша KCl

Осы процестің химиялық константасын математикалық өрнекпен жазу. Химиялық тепе-теңдік жағдайында ерітіндіде қандай заттар болады? Химиялық тепе-теңдік оңға ығысу үшін қай заттың концентрациясын және қалай өзгерту керек? Ал солға ығыстыру үшін ше?

2 тәжірибе. Химиялық тепе-теңдікке температураның әсерін мына жүйені мысалға ала отырып байқауға болады:

2NO2=N2О4

Азот диоксиді қоңыр қою түсті газ, ал диазот тетраоксиді оңай буланатын сұйықтық. Тепе-теңдіктің ығысуын газ түсінің өзгеруінен анықтауға болады.

Жұмыстың орындалуы: газ қоспасы толтырылған құралды алыңдар да, оның бір шарын суытқыш қоспасы бар стаканға, ал екіншісін қайнаған суы бар стаканға салыңдар. Түсінің өзгеруін байқаңдар. Әр шарда тепе-теңдік қай жаққа ығысады? Шарларды стақаннан шығарып алып, тағы түсінің өзгеруін бақылаңдар. Бұл жағдайда түсі қалай өзгереді? Осы жүйедегі қысымды 2 есе арттырғанда немесе 2 есе кеміткенде не болар еді?

Зат

(H0

кДж/моль

(S0

кДж/К(моль

NO2 (газ)

33,4

240,2

N2O4 (газ)

9,6

303,8

31-сурет. Химиялық тепе-теңдікке температураның әсерін анықтайтын құрал

Стандартты жағдайда термодинамикалық функциялардың белгілі мәндерін қолдана отырып, реакцияның стандартты энтальпиясы мен энтропиясын (кестені қараңдар) есептеңдер және олардың әрқайсысының химиялық тепе-теңдікке әсерін түсіндіріңдер. Оқытушының көрсетуі бойынша тәжірибе температурасына жуық 1000С және 00С екі температурада (G0 және Ке табыңдар.

7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Тотығу-тотықсыздану реакцияларын типтік тотықтырғыштар мысалында зерттеу. Тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш титрлеу».