- •Зертханалық жұмыстар
- •Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету ережелері
- •Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар
- •5 Тәжірибе. Темір және оның қасиеттері.
- •2 Тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •3 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының катализаторға тәуелділігі.
- •4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының ингибиторға тәуелділігі.
- •1 Тәжірибе. Химиялық тепе-теңдікке әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері.
- •1 Тәжірибе. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті.
- •2 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi төмен терiс атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықсыздандыру қасиеттерi.
- •3 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi жоғары атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықтыру қасиеттерi.
- •4 Тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті.
- •1 Тәжірибе. Қатты заттан проценттік концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •2 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден проценттік концентрациядағы ерітіндіні дайындау
- •3 Тәжірибе. Қатты заттан молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •4 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •1 Тәжірибе. Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің электрөткізгіштігі.
- •2 Тәжірибе. Электролит ерітінділердегі иондық әрекеттесулер.
- •1 Тәжірибе. Индикатор түсінің өзгеруі
- •2 Тәжірибе. Тұздар гидролизі
- •3 Тәжірибе.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторларды зерттеу.
- •4 Тәжірибе. Буферлі қоспалар.
- •1 Тәжірибе. Кешенді катионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •2 Тәжірибе. Кешенді анионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •3 Тәжірибе. III валентті темірдің қарапайым және кешенді иондарының айырмашылығы.
- •4 Тәжірибе. Кешенді иондардың тұрақтылығы мен бұзылуы.
- •5 Тәжірибе. Қос тұздардың диссоциациясы.
- •6 Тәжірибе. Кешентүзілу процесіне ерітінді концентрациясының әсері.
- •1Тәжірибе. Хлорид ионына сапалық реакциялар.
- •2 Тәжірибе. Сульфат ионына сапалық реакциялар.
- •3 Тәжірибе. Карбонат ионына сапалық реакциялар.
- •5 Тәжірибе. Қорғасын катионына сапалық реакциялар.
- •6 Тәжірибе. Барий катионына сапалық реакциялар.
- •7 Тәжірибе. Мыс катионына сапалық реакциялар.
- •8 Тәжірибе. Катиондар қоспалары мен аниондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар.
- •1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу (тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен)
- •2 Тәжірибе. Йодометрия (натрий сульфаты ерітіндісін стандарттау).
- •Әдістемелік нұсқаулықтар
2 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден проценттік концентрациядағы ерітіндіні дайындау
Жұмыстың барысы:
Белгілі тығыздықтағы концентрленген ерітінді мен судан күйдіргіш натрийдың ерітіндісін дайындау (ерітіндінің көлемі мен тығыздығын мұғалім көрсетеді).
Концентрленген ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау. Кесте бойынша күйдіргіш натрийдың проценттік құрамын табу. Берілген ерітіндіні дайындау үшін қажет өлшендіні, содан кейін концентрленген ерітінді мен судың көлемін есептеу керек. Концентрленген ерітінді мен судың есептелген көлемін өлшеуіш цилиндрмен өлшеп, бір-біріне құйып, мұқият араластыру қажет және суытқаннан кейін алынған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау керек. Өлшендінің абсолюттік қателігін есептеу қажет.
Алынған ерітіндінің молярлығы мен нормальдылығын есептеңдер.
3 Тәжірибе. Қатты заттан молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
Жұмыстың барысы:
Құрғақ тұз бен судан берілген концентрацияда 200 мл ерітіндіні дайындау керек (концентрацияны мұғалім көрсетеді). Бұл үшін осы тұздың қанша мөлшері қажет екенін есептеу керек.
Есептелген тұздың мөлшерін алдын-ала өлшенген шынышықшада немесе стақанда өлшеп алыңдар. Өлшендіні аз мөлшердегі суда ерітіп, ерітіндіні 200 мл өлшеуіш құтыға ауыстырыңдар. Стақанды бірнеше рет сумен шайып, ол ерітіндіні де құтыға құю керек. Ерітіндіге белгіге дейін су құйыңдар да, тығынмен бекітіп, мұқият араластырыңдар. Алынған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау керек. Алынған ерітіндінің массалық үлесін табу және нормальдылығын есептеу.
Алынған ерітіндінің тығыздығын кестедегі мәндермен салыстырып, абсолюттік қателігін есептеу.
4 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
Жұмыстың барысы:
Берілген ерітіндіден 200 мл азот қышқылының ерітіндісін дайындау керек (ерітінді концентрациясын мұғалім көрсетеді). Ареометрмен ерітіндінің тығыздығын анықтаңдар. Оның проценттік концентрациясын табыңдар. Өлшендіні есептеп алып, одан кейін берілген ерітіндіні дайындауға қажет болатын ерітіндінің көлемін есептеу керек.Өлшеуіш құтыға жартысына дейін су құйыңдар да, оның үстіне құйғы арқылы өлшенген көлемдегі азот қышқылын құйыңдар. Құйғыдағы қышқылды шайып, ерітіндіні араластырып, белгіге дейін су құйып, тығынмен бекітіп араластырыңдар.
Алынған ерітіндінің концентрациясын 0,2 М NaOH ерітіндісімен титрлеу арқылы тексеру керек (индикатор ретінде фенолфталеин қолданылады).
Ерітіндінің түсі құтыны араластырғанда жоғалмайтын қызғылт түске боялса, титрлеу аяқталды деп есептеледі. Алынған ерітіндінің нормальдылығын анықтау қажет.
Анықтамалық мәліметтер
Ерітіндінің концентрациясы, |
Ерітіндінің тығыздығы, г/см3 |
|||
% |
К2Сr2O7 |
NaCl |
Na2CO3 |
BaCl2 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 12 14 16 18 20 22 |
1,0052 1,0122 1,0193 1,0264 1,0336 1,0408 1,0481 1,0554 1,0628 1,0703 |
1.005 1.013 1.027 1.041 1.056 1.071
1.086 1.101 1.116 1.132 1.148 1.164 |
1.009 1.019 1.040 1.061 1.082 1.103
1.124 1.146 |
1.016 1.034 1.058 1.072 1.092
1.113 1.134 1.156 1.179 1.203 1.228 |
Қатты заттардан. Na2CO3(10H2O кристаллогидратынан 200 г 5% натрий карбонатының ерітіндісін дайындау керек (бұл үшін қанша мөлшерде кристалды сода қажет екенін есептеңдер). Ұсақталған соданың бұл мөлшерін алдын-ала өлшенген стаканда немесе шынышақшада технохимиялық таразымен өлшеңдер. Алынған затты еріту үшін судың қандай көлемі қажет екенін есептеңдер. Дайындалған ерітіндінің температурасын өлшеңдер. Егер ол төмендегі кестеде көрсетілген температураға сәйкес келмесе, онда ерітіндіні қыздыру немесе салқындату арқылы көрсетілген шамаға дейін жеткізу керек. Ерітіндіні құрғақ өлшеуірге құйыңдар және ареометр көмегімен тығыздығын анықтаңдар. Ареометрді сумен жуып, абайлап құрғағанша сүртіңдер.
200С температурадағы кейбір тұздардың ерітінділерінің пайыздық мөлшері және тығыздықтары
% |
NaCl |
Na2CО3 |
BaCl2 |
% |
NaCl |
Na2СO3 |
BaCl2 |
1 |
1,005 |
1,009 |
- |
12 |
1,086 |
1,124 |
1,113 |
2 |
1,013 |
1,019 |
1,016 |
14 |
1,101 |
1,146 |
1,134 |
3 |
1,027 |
1,040 |
1,034 |
16 |
1,116 |
- |
1,156 |
4 |
1,041 |
1,061 |
1,058 |
18 |
1,132 |
- |
1,179 |
5 |
1,056 |
1,082 |
1,072 |
20 |
1,148 |
- |
1,203 |
6 |
1,071 |
1,103 |
1,092 |
22 |
1,164 |
- |
1,228 |
Кестені пайдалана отырып, табылған тығыздық бойынша ерітіндідегі натрий корбанатының пайыздық мөлшерін анықтаңдар. Алынған көрсеткішті берілген ерітінді концентрациясымен салыстырыңдар. Дайындалған ерітіндінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын (бұрын нормальды концентрация деп аталған) есептеңдер. Басқа студенттер осы жолмен барий хлориді, натрий хлориді, натрий сульфаты, натрий тетрабораты (BaCl2, NaCl, Na2SO4, Na2B4O7(10H2O) және т.б. (мұғалімнің тапсырмасы бойынша) ерітінділерді дайындайды.
№9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Электролит ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу
