- •Зертханалық жұмыстар
- •Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету ережелері
- •Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар
- •5 Тәжірибе. Темір және оның қасиеттері.
- •2 Тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •3 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының катализаторға тәуелділігі.
- •4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының ингибиторға тәуелділігі.
- •1 Тәжірибе. Химиялық тепе-теңдікке әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері.
- •1 Тәжірибе. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті.
- •2 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi төмен терiс атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықсыздандыру қасиеттерi.
- •3 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi жоғары атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықтыру қасиеттерi.
- •4 Тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті.
- •1 Тәжірибе. Қатты заттан проценттік концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •2 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден проценттік концентрациядағы ерітіндіні дайындау
- •3 Тәжірибе. Қатты заттан молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •4 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •1 Тәжірибе. Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің электрөткізгіштігі.
- •2 Тәжірибе. Электролит ерітінділердегі иондық әрекеттесулер.
- •1 Тәжірибе. Индикатор түсінің өзгеруі
- •2 Тәжірибе. Тұздар гидролизі
- •3 Тәжірибе.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторларды зерттеу.
- •4 Тәжірибе. Буферлі қоспалар.
- •1 Тәжірибе. Кешенді катионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •2 Тәжірибе. Кешенді анионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •3 Тәжірибе. III валентті темірдің қарапайым және кешенді иондарының айырмашылығы.
- •4 Тәжірибе. Кешенді иондардың тұрақтылығы мен бұзылуы.
- •5 Тәжірибе. Қос тұздардың диссоциациясы.
- •6 Тәжірибе. Кешентүзілу процесіне ерітінді концентрациясының әсері.
- •1Тәжірибе. Хлорид ионына сапалық реакциялар.
- •2 Тәжірибе. Сульфат ионына сапалық реакциялар.
- •3 Тәжірибе. Карбонат ионына сапалық реакциялар.
- •5 Тәжірибе. Қорғасын катионына сапалық реакциялар.
- •6 Тәжірибе. Барий катионына сапалық реакциялар.
- •7 Тәжірибе. Мыс катионына сапалық реакциялар.
- •8 Тәжірибе. Катиондар қоспалары мен аниондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар.
- •1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу (тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен)
- •2 Тәжірибе. Йодометрия (натрий сульфаты ерітіндісін стандарттау).
- •Әдістемелік нұсқаулықтар
2 Тәжірибе. Сульфат ионына сапалық реакциялар.
Үш сынауыққа құйыңдар: біріншісіне – күкірт қышқылының ерітіндісі, екіншісіне – натрий сульфатының ерітіндісі, үшіншісіне – мыс сульфатының ерітіндісі, әрқайсысына барий хлоридінің ерітіндісін қосыңдар.Құрамы қандай тұнба түзіледі? Молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар. SO42-ионына қандай ион реактив болып табылады? SO42- бар ерітінді Ва2+ катионына реактив бола ала ма?
3 Тәжірибе. Карбонат ионына сапалық реакциялар.
Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар, оған дәл сондай мөлшерде кальций немесе барий хлоридінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Түзілген тұнбаға 1 мл сұйылтылған тұз қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Қандай газ бөлінеді? Молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
4 тәжірибе:. Тотығу дәрежесі +2 және +3 тең темір ионына сапалық реакциялар.
а) Екі сынауыққа темір (Ш) ерітіндісін құйыңдар, біріншісіне – калий роданидін KCNS қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Fe(CNS)3 түзілуін ескере отырып реакция теңдеуін жазыңдар. Екіншісіне – калий гексацианоферратын K4[Fe(CN)6] қосыңдар. Не байқалады? «Берлин лазурінің» түзілуін ескере отырып реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Темір (ІІ) хлориді ерітіндісіне K3[Fe(CN)6] тұзының қызыл қан ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Турнбул көгінің түзілуін ескере отырып реакция теңдеуін жазыңдар.
5 Тәжірибе. Қорғасын катионына сапалық реакциялар.
Екі сынауыққа қорғасын нитратын құйыңдар. Біріншісіне – калий иодидін, екіншісіне – калий хроматын K2CrO4 қосыңдар. Не байқалады? Екі сынауыққа да натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар, мұқият араластырыңдар. Не байқалады?
6 Тәжірибе. Барий катионына сапалық реакциялар.
Екі сынауыққа барий хлоридін құйыңдар. Біріншісіне –күкірт қышқылының ерітіндісін, екіншісіне – калий хроматының K2CrO4 ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар. Екі сынауыққа да тұз қышқылының ерітіндісін қосыңдар, мұқият араластырыңдар. Не байқалады?
7 Тәжірибе. Мыс катионына сапалық реакциялар.
Үш сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйыңдар. Біріншісіне – аммоний гидроксидінің ерітіндісін, екіншісіне - калий гексацианоферратын K4[Fe(CN)6], үшіншісіне – бірнеше тамшы күкірт қышқылын, натрий тиосульфатының ерітіндісін қосып, ақырындап қыздырыңдар. Не байқалады? Молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
Барлық сынауықтарға тұз қышқылының ерітіндісін қосыңдар, мұқият араластырыңдар. Не байқалады?
8 Тәжірибе. Катиондар қоспалары мен аниондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар.
а) катиондар қоспаларын талдау: Na+, Ag+, Ba2+
б) катиондар қоспаларын талдау: K+, Pb2+, Ag+
в) катиондар қоспаларын талдау: Mn2+, Cu2+, Zn2+
г) аниондар қоспаларын талдау: Cl-, SO42-, PO43-
№13 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Титриметрлік талдау. Сульфаттардың гравиметрлік анықталуы
1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу (тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен)
Тұз қышқылының концентрациясын анықтауда біріншілік стандартты заттар қолданылып, титрленетін ерітінді судың белгілі көлемінде нақты өлшенді затты еріту арқылы дайындалады.
Тұз қышқылының концентрациясы метилоранж индикаторының қатысында ас содасының ерітіндісін титрлеу арқылы анықталады. Натрий корбанаты тұз қышқылымен төменде көрсетілген теңдеу бойынша әрекеттеседі:
Na2CO3 + 2HCl = H2CO3 + 2NaCl
Жұмыстың барысы:
1. Осы реакция үшін Na2CO3 – ның эквивалентті молярлы массасын есептеңдер:
М (Na2CO3)
ЭМ (Na2CO3) = = 52, 99 г/моль
2
2. 100 мл 0,1 н натрий карбонатының ерітіндісін дайындау:
Ерітіндіні дайындауға қажет Na2CO3 – ның массасын есептеңдер.
Есептелген Na2CO3 массасын өлшеңдер.
Өлшеуіш құтының мойнына таза құрғақ сүзгі орналастырыңдар. Өлшендіні сүзгі арқылы құтыға салып, сүзгіні мұқият және бірнеше рет сумен шайыңдар.
Құтыға (оның 2/3 көлеміне) су құйыңдар және затты толығымен ерітіңдер.
Еріткеннен кейін, ерітіндіге құтының белгісіне дейін су құйыңдар.
3. Құйғыға тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Үш конус тәрізді құтыға тамшуырмен 10 мл алдын ала дйындалған натрий корбанатының стандартты ерітіндісін, 2-3 тамшы метилоранж және 20 мл дистильденген су құйыңдар және осы дайындалған ерітіндіні интикатордың түсі сары түстен қызыл-сары түске ауысқанға дейін тұз қышқылымен титрлеңдер. Титрлеуді үш рет қайталаңдар.
4. Тұз қышқылының орташа көлемін есептеңдер.
5. Тұз қышқылының нормальды концентрациясын есептеңдер.
