
- •Зертханалық жұмыстар
- •Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету ережелері
- •Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар
- •5 Тәжірибе. Темір және оның қасиеттері.
- •2 Тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •3 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының катализаторға тәуелділігі.
- •4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының ингибиторға тәуелділігі.
- •1 Тәжірибе. Химиялық тепе-теңдікке әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері.
- •1 Тәжірибе. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті.
- •2 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi төмен терiс атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықсыздандыру қасиеттерi.
- •3 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi жоғары атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықтыру қасиеттерi.
- •4 Тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті.
- •1 Тәжірибе. Қатты заттан проценттік концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •2 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден проценттік концентрациядағы ерітіндіні дайындау
- •3 Тәжірибе. Қатты заттан молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •4 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •1 Тәжірибе. Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің электрөткізгіштігі.
- •2 Тәжірибе. Электролит ерітінділердегі иондық әрекеттесулер.
- •1 Тәжірибе. Индикатор түсінің өзгеруі
- •2 Тәжірибе. Тұздар гидролизі
- •3 Тәжірибе.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторларды зерттеу.
- •4 Тәжірибе. Буферлі қоспалар.
- •1 Тәжірибе. Кешенді катионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •2 Тәжірибе. Кешенді анионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •3 Тәжірибе. III валентті темірдің қарапайым және кешенді иондарының айырмашылығы.
- •4 Тәжірибе. Кешенді иондардың тұрақтылығы мен бұзылуы.
- •5 Тәжірибе. Қос тұздардың диссоциациясы.
- •6 Тәжірибе. Кешентүзілу процесіне ерітінді концентрациясының әсері.
- •1Тәжірибе. Хлорид ионына сапалық реакциялар.
- •2 Тәжірибе. Сульфат ионына сапалық реакциялар.
- •3 Тәжірибе. Карбонат ионына сапалық реакциялар.
- •5 Тәжірибе. Қорғасын катионына сапалық реакциялар.
- •6 Тәжірибе. Барий катионына сапалық реакциялар.
- •7 Тәжірибе. Мыс катионына сапалық реакциялар.
- •8 Тәжірибе. Катиондар қоспалары мен аниондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар.
- •1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу (тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен)
- •2 Тәжірибе. Йодометрия (натрий сульфаты ерітіндісін стандарттау).
- •Әдістемелік нұсқаулықтар
1 Тәжірибе. Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің электрөткізгіштігі.
а) Тәжірибені жүргізу үшін екі электродты стақаннан және электрлік шамнан тұратын құрал қолданылады. Шамның жануы электрөткізе алудың белгісі болып табылады. Келесі заттардың электрөткізгіштігін анықтаңдар: дистильденген су, натрий хлориді (құрғақ), натрий хлоридінің ерітіндісі, қант (құрғақ), қант ерітіндісі, тұз қышқылының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі, мыс хлоридінің ерітіндісі, аммоний гидроксиді, концентрленген сірке қышқылы, сірке қышқылының ерітіндісі және т.б.
Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.
Зерттелетін зат |
Шамның жану қарқындылығы |
Электролиттің күші |
Диссоциациялану теңдеулері |
|
|
|
|
Электролиттер болып табылатын заттардың диссоциациялану теңдеулерін жаза отырып, сәйкесінше қорытынды жасаңдар.
б) Бір стақанға сірке қышқылының ерітіндісін, ал екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Осы ерітінділердің электрөткізгіштігін анықтаңдар. Екі ерітіндіні бір стақанғаи құйыңдар. Шамның жану қарқындылығы қалай өзгереді? Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2 Тәжірибе. Электролит ерітінділердегі иондық әрекеттесулер.
а) Ерігіштігі төмен заттардың түзілуі
Үш сынауыққа 2-3 мл-ден келесі ерітінділерді құйыңдар: біріншісіне – темір (Ш) хлориді, екіншісіне – күміс нитраты, үшіншісіне – барий хлориді. Сондай мөлшерде келесі заттарды үстіне қосыңдар: біріншісіне – натрий гидроксиді, екіншісіне – тұз қышқылының ерітіндісі, үшіншісіне – күкірт қышқылының ерітіндісі. Байқалған құбылысты сипаттаңдар. Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Әлсіз қышқыл мен негіздің түзілуі.
Екі сынауыққа 2-3 мл-ден құйыңдар: біріншісіне – натрий ацетатының ерітіндісі, екіншісіне – аммоний хлориді.
Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы күкірт қышқылын (1:1) тамызыңдар, шыны таяқшамен ерітіндіні араластырыңдар, сосын ақырындап қыздырыңдар. Қандай қышқыл түзілгендігін иісі бойынша анықтаңдар. Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар. Екінші сынауыққа 4 н сілті ерітіндісін қосып, қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) Нейтралдану реакциясы
Екі сынауыққа 2-3 мл-ден натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оған фенолфталеин тамызыңдар. Қандай ионның әсерінен ерітіндінің түсі өзгерді? Бірінші сынауыққа күкірт қышқылының ерітіндісін, екіншісіне – сірке қышқылының ертіндісін қосыңдар. Бояудың жоғалуы немен түсіндіріледі? Қандай жағдайда ерітіндінің түссізденуі тезірек байқалды?
Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
г) Реакцияның ұшқыш өнімдерінің түзілуі
Екі сынауыққа 2-3 мл-ден натрий карбонатын құйыңдар. Ерітіндідегі карбонат ионын байқау үшін, бір сынауыққа кальций хлоридінің бірнеше тамшысын тамызыңдар. Қандай зат тұнбаға түсті? Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
Екінші сынауыққа бірнеше тамшы күкірт қышқылын (1:1) қосыңдар, кейін газдың бөлінуін байқаңдар. Сынауықты ақырындап қыздырыңдар, газдың толық бөлінгенін күтіңдер, кейін оған бірнеше тамшы кальций хлоридінің ерітіндісін тамызыңдар. Неге тұнба түзілмейді? Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
д) Эксперименттік есептер.
Зертханада бар реактив ерітінділерін пайдалана отырып, келесі иондық-молекулалық түрде болатын реакция теңдеулерін жүргізіңдер:
Pb2+ + 2I- = PbI2
Fe3+ + 3OH- = Fe(OH)3
SO32- + 2H+ = H2O + SO2
Реакцияның молекулалық теңдеуін жазыңдар.
№10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тұздар гидролизі. Буферлі қоспалар