Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
522.35 Кб
Скачать

1 Тәжірибе. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті.

Мырыштың қорғасын ацетатымен әрекеттесуі. Сынауыққа 1-2 түйір металл мырышты салып, 2-3 мл қорғасын ацетатын Pb(CH3COO)2 құяды. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Металдың сұйытылған қышқылмен әрекеттесуі. Төрт сынауыққа 2-3 мл 2 н тұз қышқылының немесе күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, оларға: магний, мырыш, темір, мыс металдарының түйірлерін салу керек. Бөлінген газдарды жанып тұрған шырпымен тексеруге болады. Реакциялардың теңдеуiн құрастырып және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсету.

2 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi төмен терiс атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықсыздандыру қасиеттерi.

Сынауыққа 2-3 мл железа (Ш) хлориді ерітіндісін құйып және оған 1-2 тамшы калий йодиді ерітіндісін қосады. Сынауықтағы қоспаны әлсіз сары түске жеткенше сумен сұйылтады және 1-2 тамшы жаңа дайындалған крахмал ерітіндісі қосылады.

Реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.

3 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi жоғары атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықтыру қасиеттерi.

Металға сұйытылған азот қышқылының әсері. Екі сынауыққа 2-3 мл азот қышқылының ерітіндісін құйып және магний, мырыш металдарының түйірін салады да қыздырады(қатты емес!).

Байқалған құбылысты жазу және реакция теңдеулерін құрастыру керек.

Концентрлі азот қышқылының металдарға әсері. Сынауыққа мыстың түйірін салып, оған 1-2 мл концентрлі азот қышқылын қосады. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.

Калий бихроматының тотықтырғыш қасиеті. Сынауыққа 1-2 мл калий бихроматының ерітіндісін және 1-2 тамшы күкірт қышқылын құяды. Ерітіндіге калий сульфитінің бірнеше кристалын салады. Байқалған құбылысты, реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.

4 Тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті.

а) Үш сынауыққа 2-3 мл сұйытылған KMnO4 ерітіндісі құйылады. Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы күкірт қышқылының ерітіндісі, екінші сынауыққа – дистилденген су, үшінші сынауыққа натрий гидроксиді ерітіндісін қосу керек. Әрбір сынауыққа натрий сульфитінің бірнеше кристалдарын түсі өзгергенге дейін қосады. Написать соответствующие уравнения реакций, учитывая, что MnO4- ионы күлгін түс, MnO42- - жасыл, Mn2+ - түссіз, ал MnO2 – қою-қара аз еритін тұнба екенін ескеріп, қажетті реакция теңдеулерін жазу. Калий перманганатының тотықсыздануына ортаның әсері туралы қорытынды жасау.

б) Сынауыққа 2-3 мл калий перманганатының ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күкірт қышқылын, кейін тамшылатып сутек асқын тотығын түссізденгенше қосады. Байқалған құбылысты, реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.

8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Берілген концентрациядағы ерітінді дайындау

1 Тәжірибе. Қатты заттан проценттік концентрациядағы ерітінді дайындау.

Жұмыстың барысы:

Тұздың белгілі көлемдегі ерітіндісін дайындау қажет (көлем және массалық үлесін мұғалім көрсетеді).

Берілген тұздың салмағын өлшеу. Алынған өлшендіні еріту үшін қанша көлем су қажет болатынын есептеу. Судың қажетті көлемін өлшеуіш цилиндр арқылы өлшеу және оны өлшенді бар стақанға құю қажет. Тұз толық ерігенше қоспаны араластыру керек.

Дайындалған ерітіндіні құрғақ цилиндрге құйып және ареометр көмегімен ерітіндінің тығыздығын анықтау қажет.

Алынған ерітіндінің тығыздығын кестедегі мәндермен салыстыру және абсолюттік қателікті есептеу.

Табылған тығыздық бойынша кестені қолдана отырып ерітіндідегі тұздың проценттік құрамын анықтау. Алынған өлшемді берілген концентрациядағы ерітіндімен салыстыру.

Алынған ерітіндінің молярлы және нормальды концентрациясын есептеңдер.