Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
522.35 Кб
Скачать

5 Тәжірибе. Темір және оның қасиеттері.

  1. Үш сынауыққа 1-2 мл сұйытылған тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылын құйып, әрқайсына темір ұнтақтарын салады. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жаз.

  2. Екі сынауыққа 1-2 мл темір (П) және темір (ІІІ) сульфатының ерітінділерін құйып, дәл сондай мөлшерде әрқайсына натрий сульфидін қосу керек. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жаз.

  3. Сынауыққа калий перманганаты ерітіндісінің 1-2 мл құйып, оған күкірт қышқылы ерітіндісін (қышқыл орта түзілу үшін) қосады және темір (ІІ) сульфатының кристалын аздап себеді. Алынған ерітіндіні қыздырады. Нені байқауға болады?

Реакция теңдеулерін жаз.

4. Сынауыққа 1-2 мл темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, үстіне 1-2 мл калий йодидін қосады. Не байқалды?

Раекция теңдеуін жаз.

5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Химиялық реакция жылдамдығына температураның және қатысушы заттардың концентрациясының әсері

1 тәжірибе. Натрий тиосульфатының күкірт қышқылымен әрекеттесуі. Бұл реакция сулы ерітінде ерімейтін бос күкірт жүзгіндерін түзе жүреді.

Na2S2O3 + H2SO4 ( S(+...(аяқтаңдар(

Бос күкірт тұнбасының пайда болу жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрациясына және температурасына тәуелді болады. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігін зерттеу кезінде ерітіндінің температурасы тұрақты болу керек.

Жұмыстың орындалуы: нөмірленген бірдей 3 сынауықтың әрқайсысына 1мл 0,25 М күкірт қышқыл ерітіндісінен құйыңдар да, басқа 3 сынауыққа мынадай ретпен ерітінділерді құйыңдар:

біріншісіне-1 мл 1 н Na2S2O3 ерітіндісі + 2 мл су,

екіншісіне- 2 мл 1 н Na2S2O3 ерітіндісі + 1 мл су,

үшіншісіне-3 мл 1 н Na2S2O3 ерітіндісін құяды .

Ерітіндінің көлемін өлшеуірмен тура өлшеп, оларды бір-біріне тез құю керек (натрий тиосульфаты ерітіндісін күкірт қышқылы ерітіндісіне құйған дұрыс). Ерітінділерді бір-біріне қосу уақытынан бастап күкірт жүзгіндерінің түзілу уақытына дейінгі аралықты секундомермен өлшеңдер.

Күкірт жүзгіндерінің түзілу тығыздығы барлық тәжірибелерде бірдей болу керек. Тұнба тығыздығының бірдейлігін ерітінді қабаты арқылы бақылап отырған белгі (мысалы, стаканның астына немесе жанына шыныға жазатын қарындашпен белгі салып қоюға болады) көрінбей қалғанша анықтауға болады. Байқаулардың нәтижелерін 1 кестеге толтырыңдар.

Тапсырма: Реакция теңдеулерін аяқтаңдар. Алынған нәтижелерді миллиметрлік қағазда (өлшемі 10(10 см) график түрінде бейнелеңдер, абцисса осіне компоненттердің бірінің шартты концентрациясын (а), ордината өсіне реакцияның шартты жылдамдығын (() орналастырыңдар. Масштабты ордината және абцисса остеріндегі ең үлкен мәндердің ара қашықтығы шамамен 6-8 см болатындай етіп алыңдар.

Әрекеттесуші заттардың концентациясына химиялық реакцияның жылдамдығы қалай тәуелді болады? Бұл тәуелділік қандай заңмен өрнектеледі? Осы реакцияның жылдамдығының математикалық өрнегін жазыңдар.

Кесте 1. Тәжірибе нәтижелері

Тәжі-рибе

ғ

Ерітінді көлемі, мл

Шартты концентра-ция

Na2S2O3

Реакцияның жүру уақыты,

t, сек

Реакцияның шартты жылдамдығы

H2SO4

а

Na2S2O3

б

H2O

в

С=а/(а+б +в)

V=1/t

1

1

1

2

2

1

2

1

3

1

3

-