- •Зертханалық жұмыстар
- •Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету ережелері
- •Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар
- •5 Тәжірибе. Темір және оның қасиеттері.
- •2 Тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •3 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының катализаторға тәуелділігі.
- •4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының ингибиторға тәуелділігі.
- •1 Тәжірибе. Химиялық тепе-теңдікке әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері.
- •1 Тәжірибе. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті.
- •2 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi төмен терiс атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықсыздандыру қасиеттерi.
- •3 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi жоғары атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықтыру қасиеттерi.
- •4 Тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті.
- •1 Тәжірибе. Қатты заттан проценттік концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •2 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден проценттік концентрациядағы ерітіндіні дайындау
- •3 Тәжірибе. Қатты заттан молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •4 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •1 Тәжірибе. Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің электрөткізгіштігі.
- •2 Тәжірибе. Электролит ерітінділердегі иондық әрекеттесулер.
- •1 Тәжірибе. Индикатор түсінің өзгеруі
- •2 Тәжірибе. Тұздар гидролизі
- •3 Тәжірибе.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторларды зерттеу.
- •4 Тәжірибе. Буферлі қоспалар.
- •1 Тәжірибе. Кешенді катионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •2 Тәжірибе. Кешенді анионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •3 Тәжірибе. III валентті темірдің қарапайым және кешенді иондарының айырмашылығы.
- •4 Тәжірибе. Кешенді иондардың тұрақтылығы мен бұзылуы.
- •5 Тәжірибе. Қос тұздардың диссоциациясы.
- •6 Тәжірибе. Кешентүзілу процесіне ерітінді концентрациясының әсері.
- •1Тәжірибе. Хлорид ионына сапалық реакциялар.
- •2 Тәжірибе. Сульфат ионына сапалық реакциялар.
- •3 Тәжірибе. Карбонат ионына сапалық реакциялар.
- •5 Тәжірибе. Қорғасын катионына сапалық реакциялар.
- •6 Тәжірибе. Барий катионына сапалық реакциялар.
- •7 Тәжірибе. Мыс катионына сапалық реакциялар.
- •8 Тәжірибе. Катиондар қоспалары мен аниондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар.
- •1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу (тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен)
- •2 Тәжірибе. Йодометрия (натрий сульфаты ерітіндісін стандарттау).
- •Әдістемелік нұсқаулықтар
3 Тәжірибе. III валентті темірдің қарапайым және кешенді иондарының айырмашылығы.
а) 1-2 мл FeCl3 ерітіндісіне аздап KSCN ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция Fe3+ ионын анықтауда қолданылады.
б) алдынғы тәжірибедегідей K3[Fe(CN)6], ерітіндісінде Fe3+ ионы бар болуын тәжірибе жасау арқылы дәлелдеу
в) Бір сынауыққа аздаған мөлшерде FeCl3 , ал екіншісіне - K3[Fe(CN)6] ерітіндісін құйыңдар, олардың екеуіне де бірдей көлемде FeSO4 қосыңдар.
Бірінші сынауықтағы өзгерістің болмауы және екінші сынауықта тұнбаның , яғни турнбул көгінің KFe[Fe(CN)6] болуын түсіндіру .
Иондық-молекулалық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Турнбул көгінің түзілу реакциясы арқылы [Fe(CN)6]3- кешенді ионы анықталады.
4 Тәжірибе. Кешенді иондардың тұрақтылығы мен бұзылуы.
а) Сынауыққа 1а тәжірибеде жасалған [Ag(NH3)2]Cl ерітіндісін құйып, оған мырыш бөлігін саламыз. Не байқалады? Кешенді мырыш аммиакаты түзілуінің реакция теңдеуін Zn2+ ионының координация санының төртке тең екенін ескере отырып жазыңдар.
Кешенді иондардың тұрақсыздық констасы туралы кестені пайдаланып, аммиакты кешенді ионнан күмісті мырыштың ығыстыру себебін түсіндіру.
б) Екі сынауыққа бірдей көлемде AgNO3 ертіндісін құйыңдар. Олардың біріншісіне – NaOH ерітіндісін, екіншісіне - KJ қосыңдар. Байқағандарыңды жазыңдар.
Бұл реакция арқылы Ag+ ионын анықтауға болады. Реакция теңдеулерін құрыңдар.
5 Тәжірибе. Қос тұздардың диссоциациясы.
Темір
аммонийлі ашудасты NH4Fe(SO4)2
ерітіндідегі
NH
,
Fe3+,
SO
иондарының бар екендігін KSCN және BaCl2
сілті ерітінділерінің көмегімен сәйкес
тәжірибелер жасау арқылы дәлелдеңдер.
Иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Темір аммонийлі ашудастың электрлік диссоциациялану теңдеуін құрыңдар.
Екіншілік тұзбен басқа да кешенді қосылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
6 Тәжірибе. Кешентүзілу процесіне ерітінді концентрациясының әсері.
Бірнеше тамшы CoCl2 ерітіндісі бар сынауыққа концентрлі KSCN ерітіндісін құйыңдар. K2[Co(SCN)4] кешенді қосылыстың түзілуі нәтижесінде ерітінді түсінің өзгеруін бақылаңдар.
Алынған ерітіндінің жарты мөлшерін басқа сынауыққа құйып, су қосып сұйылтыңдар. Түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Кешендітүзілу процесіне ерітінді концентрациясының қандай әсері бар?
7 тәжірибе. Аквокомплекстердің гидратты изомериясы .
CrCl3.6H2O қосылысының бірнеше күлгін кристалдарын суда ерітіңдер. Ерітінді түсін байқаңдар. Түсі өзгергенше қыздырыңдар. Түсіндіріп беріңдер.
№12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Кейбір аниондар мен катиондарды анықтайтын реакциялар. Катиондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар
1Тәжірибе. Хлорид ионына сапалық реакциялар.
Үш сынауыққа 1 мл-ден келесі хлорид ерітінділерін құйыңдар: кальций, барий және натрий. Олардың әрқайсысына 2 тамшыдан күміс хлоридінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Барлық үш жағдайдан шыққан нәтижелерді қалай түсіндіруге болады? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қысқартылған иондық теңдеулерін бір-бірімен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
Барлық сынауықтарға 1 тамшыдан концентрлі аммоний гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар, содан кейін мұқият араластырыңдар. Не байқалады? Cl- ионына қандай ион реактив бола алатындығы туралы қорытынды жасаңдар. Хлор-ионы бар ерітінді Ag+ катионына реактив бола ала ма?
