Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып база қ.тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
07.02.2020
Размер:
152.33 Кб
Скачать

§10. Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың да қатысуының негізгі себептері.

  1. 1773-1775 ж. Ресейде болған аса ірі көтеріліс шаруалар көтерілісі.

  2. Шаруалар көтерілісі басқарған Емельян Пугачев.

  3. Емельян Пугачев өзін жариялады ІІІ Петр патшасымын деп.

  4. Көтеріліске шыққан шаруалардың басым көпшілігін Орал казактары құрады.

Көтеріліс себептері.

  1. Ертіс өзенінің бойындағы шекара шебінде ені 10 шақырымдық алқаптың ұзынан бойынан өтуге тыйым салынды 1765 ж.

  2. Орта жүз қазақтары емін-еркін көшіп-қонып жүрген Жаңаесіл аймағын басып алды 1752-1755.

  3. Патша үкіметі барымташыларды ұстау үшін «әскери іздестіру» деген сылтаумен қазақ даласына әскери топтарды жіберуді жиілетті.

Кіші жүз қазақтарының шаруалар көтерілісне қатысуы.

  1. Е. Пугачев Кіші жүздің көші-қон аумағында құпия түрде болды 1773 ж.

  2. Қазақтар Орынбордан Гурьевке (қазіргі Атырау) дейінгі барлық әскери бекіністерді қоршауда ұстап тұрды 1773 ж.

  3. Қазақ көтерілісшілерінің жасақтары Орынборға тікелей шабуыл жасауға қатысты 1773 жылғы қазаннан 1774 жылғы наурызға дейін.

  4. Ерекше көзге түскен құрамында 200 сарбазы бар әскери жасақ басшысы Досалы сұлтан.

  5. Пугачев көтерілісіне қолдау көрсетуді жақтағандар Ералы, Досалы, Айшуақ, Сейдалы сұлтандар.

  6. Империяның шет аймақтарында әскери қызмет атқарған Ресейдің әскери тобы казактар

  7. Орта жүз қазақтары жасақтары Ала бұға дала бекінісін толық талқандады 1774 ж.

  8. 1774 ж. жазында қазақтар патша үкіметі салдырған шекара бойындағы бекіністерге шабуыл жасады 240 рет.

  9. Пугачев ойсырай жеңілді Царицин түбегінде, 1774 ж. тамыз айында.

  10. Пугачев қатаң жазаланды Мәскеуде.

  11. Еділ бойындағы казактардың елді мекендеріне шабуыл жасаған Сырым Датұлы бастаған байбақты руының жасақтары.

  12. 1782 жылы Орынбор өлкесіндегі қазақтарды басқару үшін құрылған экспедиция Шекаралық экспедиция.

  13. Казактар – империяның шет аймақтарында әскери қызмет атқарған Ресейдің әскери тобы.

  14. Манифест – патшаның қол астындағы халыққа арнаған үндеуі.

  15. Жайық казактары – XV ғасырдағы аяқ кезі мен XVІ ғасырдың бас кезінде қашқан шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін пайдаланады.

  16. Е.Пугачев (1742-1775) – Дон казагы. 1773-1775 ж. шаруалар көтерілісінің басшысы.

§11. Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы.

Көтерілістің шығу себептері.

  1. Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатал болды.

Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патшаның қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айналды.

  1. Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің Байбақты руынан шыққан Сырым Датұлы.

  2. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде «Бала би» атанған Сырым Датұлы.

  3. XIX ғ. екінші жартысында ағылшын журналисті Д.Ч.Бульжер: «...Сырым батыр – жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыр, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады.»

  4. Көтеріліске белсене қатысқандар қарапайым көшпелі қазақтың көпшілігі, старшындар, билер, батырлар.

  5. Қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасады 1783 ж.

  6. С. Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ 2000, Тіленші батыр 1500 сарбазы бар жасаққа басшылық етті.

  7. 1784 ж. Орынбор губерниясының бастығы болып О. Г. Игельстром келді.

  8. 1791 ж. Кіші жүздің ханы болып сайланды Ералы сұлтан.

  9. 1792 ж. 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады С. Датұлы.

  10. С. Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап Есім ханды өлтірді 1797 ж.

  11. Хан кеңесі жұмыс істей бастады 1797 ж. бастап.

  12. Айшуақ сұлтан хан болып сайланды 1797 ж.

  13. Сырым Датұлы қаза тапты 1802 ж. (халық аузындағы аңыз бойынша, өз қарсыластарының қолынан).

  14. Сырым Датұлының асына 2000 жылқы, 2500 қой сойылған.

  15. Қазына – түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалдық байлық.

  16. Сырым Датұлына бала кезінде асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін атанды «Бала би».

  17. Расправа – Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган.

  18. Старшын – ру басшысы.

  19. Айшуақ хан (1720-1810) – Кіші жүзді 1797-1805 жылдары билеген ханы, Әбілқайыр ханның ұлы.