Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып база қ.тарихы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

§2. XVIII ғ.Бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Қазақ хандығының ішкі жағдайы.

  1. Тәуке хан билік еткен жылдар 1680-1715

  2. Тәуке хан билік еткен жылдары Қазақ хандығы отарлықтандырылыған мемлекет болып қала берді.

  3. Тәуке хан кезінде ел ішінде ауызбіршілік сақталып, әскери жасақтардың жауынгершілік шеберліктері күшейді.

  4. Тәуке хан кезінде жердің орасан зор аумағы тұтасытығын сақтап солтүстіктегі орыстың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді.

  5. Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде танылды.

  6. Тәуке хан кезінде данышпан, аса беделді Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би бар билер кеңесі құрылды.

  7. Тарихшылар Тәуке хан кезеңін «алтын ғасыр» кезеңі деп атаған.

  8. «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылға созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді» орыс тарихшысы А.И.Левшин Тәуке хан туралы жазғаны.

Тәуке ханның XVIII ғ.бас кезіндегі сыртқы саясаты.

  1. Тәуке хан қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құрды.

  2. Тәуке ханның жасағы 80 000 жуық жауынгерден тұрды.

Қазақ хандығының ыдырай бастауы.

  1. Тәуке хан қайтыс болды 1715 ж.

  2. Тәуке ханның мұрагері Қайып хан.

  3. Бақ таласы мен тақ таласы күшейді Қайып хан кезінде.

  4. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді Қайып хан кезінде.

  5. Сұлтандардың аймақтық сеператизмі күшейді.

  6. Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандар пайда бола бастады.

  7. Орталық хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде – Әбілқайырдың, Орта жүзде – Болаттың, Сәмекенің, Күшіктің, Ұлы жүзде – Жолбарыстың, Иманның жағдайын нығайта түсті.

  8. Жоғарыда атлған хандармен қоса қазақ даласында Барақ, Әбілмәмбет, Батыр, Сұлтанбет сияқты басқа да сұлтандардың беделі арта берді.

  9. Сұлтанбет толып жатқан ұлдары арқылы Ертіс бойы қазақтарына билік жүргізді.

Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі.

  1. Қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен уақыты XVIII ғ.бас кезі.

  2. Бұл кезең басып алуды күшейткен тұсы еді империялық мемлекеттердің жаңа отарларды.

  3. Қытай мен Ресей империясы мүдделі болды Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне.

  4. 1716-1720 ж. Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында әскери бекіністер салынды Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен.

  5. Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен әскери бекіністер салынды1716-1720 ж. Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында.

  6. Кейін олардың ара-арасына шағын бекіністер салына бастады.– редуттер мен форпосттар.

Жоңғарлардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы.

  1. Қазақстанға нақты қауіп-қатер қуатты көшпелі мемлекет Жоңғар мемлекетінің тарапынан төнді.

  2. Қазақстанның кең-байтақ аумағын басып алуға талай рет белсене әрекет жасады Жоңғар қонтайшылары.

  3. Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы билік жолындағы күрес созылды 100 жылға.

  4. Қазақтардың жоңғарларды атауы «ата жауымыз».

  5. Екі мемлекет арасындағы бақаталастық себебі шұрайлы мал жайылымдарына қызығушылық.

  6. 1697 жылы жоңғар хандығының басына жас әрі қуатты билеуші Цеван-Рабтан (1663-1727) келді.

  7. 1698 жылы 40 000 жауынгері бар жоңғар әскері Ұлы жүзге шабуыл жасады.

  8. Жоңғар әскерлерінің Қазақстан аумағына баса-көктеп кірген ең ірі жорықтары 1710-1717 жылдары.

  9. Жоңғар әскерлері қауіп төндірген мемлекеттер Орта Азия, Қытай, Ресей, Қазақ хандығы.

Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйымдастыру әрекеттері.

  1. Сыртқы жауларға қарсы тұру үшін үш жүздің басы қосылып жиынға (құрылтайға) шақырылды 1710 жылы.

  2. Қазақ ақсүйектерінің бұл құрылтайы Қарақұмда өткізілді.

  3. Құрылтайда Бөгенбай батыр жалынды сөз сөйледі: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман?! Жауға мінер тұлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсап қаңырап бос қалып па?!»

  4. Құрылтайда Бөгенбай батыр бастаған бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру жөнінде шешім қабылданды.

  5. Құрылтайда Кіші жүздің ханы етіп және бүкілхалықтық жауынгерлік жасаққа жалпы басшылық етуді тапсырды Әбілқайырға.

  6. Біріккен қазақ жасақтары жауға тойтарыс беріп, жоңғарларды шығысқа ығыстырып тастады 1711 жылы.

  7. 1718 жылдың көктемінде жоңғар іскері жорық жасады Жетісу жері, Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойы, Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы.

  8. Әскери жасақ құрамында қазақтардың жалпы саны 30 000 адам.

Қазақтардың қару-жарағы.

  1. Әр рудың, әр тайпаның өз жауынгерлік ұраны болды.

  2. Қазақтар қару-жарақтар түрін пайдаланды найза, қылыш (семсер, наркескен, селебе), садақ, айбалта, гүрзі-шоқпар.

  3. Мүмкіндігі бар жауынгерлер үстеріне киді болат сымнан тоқылған сауыт, басына темір дулыға.

  4. Қазақтар қару ретінде пайдаланды қайың шоқпарлар мен сойылдар, білтемен от алатын мылтықтар.

  5. Дала тұрғындары мылтық пен оқ дәріні сатып алды Орта Азия хандықтары, башқұрттар мен қалмақтардан.

Әскери әдет-ғұрыптар.

  1. Ежелден келе жатқан әскери әдет-ғұрыптардың бірі – алғадай.

  2. Алғадайдың мақсаты – қарсыласын өлтіру немесе ең болмағанда әбден әлсірету.

  3. Алғадайға көбіне қатысты жас жауынгерлер.

  4. Алғадай ережесі – соғысатын жақтар әдетте ұрыс басталар алдынада өздерінің батырларын жекпе-жек шайқасқа шақырады, онда жеңілген жақтың аты мен қару-жарағын олжаға алып, жеңген жауынгер алғадай деп аталады.

  5. Жоңғарлар (ойраттар) - бұл атаумен батыс монғол тайпалары (торғауыттар, хошауыттар, дербеттер, хойттар) белгілі болған. Түркі тілдес халықтар өздерімен көршілес оларды қалмақтар деп атаған. XVIII ғ.бірінші жартысында ол тайпалар біріге отырып, 1635 жылы өте күшті Жоңғар немесе Ойрат мемлекетін құрды.

  6. Империя – император басқаратын, отарлық иеліктері бар монархиялық мемлекет.

  7. Отар – мемлекет тәуелсіздігінен айырылған ел.

  8. Құрылтай – көшпелі ақсүйектердің аса маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын жиналысы, яғни түркі-монғол халықтарының ең жоғарғы өкімет билігі органы.

  9. Сеператизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу.

  10. Қонтайшы – Жоңғар хандығы билеушісінің лауазымы.

  11. Әбілқайыр (1680-1748) – мемлекет қайраткері, Кіші жүздің ханы. Ол жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді ұйымдастыруда шешуші рөл атқарды.

  12. Әйтеке би Байбекұлы (1681-1766) – мемлекет қайраткері, Кіші жүздің төбе биі. Қазақ хандығының «Жеті жарғы» атты заң жинағын жасауға және жоңғарлардың шабуылына қарсы күрес ұйымдастыруға белсене қатысқан.

  13. Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1763) - мемлекет қайраткері, Орта жүздің төбе биі. Қазақ хандығының «Жеті жарғы» атты заң жинағын жасауға және жоңғарлардың шабуылына қарсы күрес ұйымдастыруға белсене қатысқан.

  14. Төле би Әлібекұлы (1663-1756) - мемлекет қайраткері, Ұлы жүздің төбе биі. Қазақ хандығының «Жеті жарғы» атты заң жинағын жасауға және жоңғарлардың шабуылына қарсы күрес ұйымдастыруға белсене қатысқан.

  15. Левшин Алексей Ираклиевич (1797-1879) – белгілі орыс ғалымы, тарихшы, географ әрі этнограф. Ол қазақтар туралы жазылған «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбектің авторы.