- •§1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.
- •§2. XVIII ғ.Бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •§3. Жоңғар шапқыншылығы.
- •§4. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
- •§5. XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары.
- •300 Казакты тұтқынға алып, Хиуа хандығына құлдыққа сатып жіберді.
- •§6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы.
- •§7. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан.
- •§8. Қазақ-қалмақ қатынастары.
- •§9. Абылай хан билігі тұсындағы Қазақстан.
- •§10. Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
- •§11. Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы.
- •§12. XVIII ғасырдағы сауданың дамуы.
- •§13. Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті.
- •§14. Дәстүрлі билер соты.
- •Мылтық ұңғысын сүю.
- •§15. Бөкей хандығының құрылуы.
- •§16. Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •§17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы.
- •§18. Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы.
- •§19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі.
- •§20. Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі.
- •§21. 1837-1847 Ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
- •§22. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.
- •§23. Қазақтардың Ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері.
- •§24. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы.
- •§25. Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары.
- •§26. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
- •§27. Семей ішкі округының құрылуы.
- •§28. XIX ғ. 60-шы жылдарындағы әкімшілік реформалар.
- •§29. XIX ғ. 80-90 ж. Әкімшілік реформалар.
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері.
- •§31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясаты.
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы.
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар.
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер.
- •§35. Өнеркәсіптің дамуы.
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы.
- •§38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы.
- •§39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 ж. Революция кезінде.
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы.
- •§41. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі.
- •§43. Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті жазушысы.
- •§44. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмысы.
- •§45. Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы.
- •§46. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері.
- •§47. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі.
- •§48. Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясаты.
300 Казакты тұтқынға алып, Хиуа хандығына құлдыққа сатып жіберді.
Әбілқайыр Қазақ губерниясының аумағына басып кіріп, Навошемшинск қаласына дейін жетті 1717 ж.
Қазақтар мен қарақалпақтардан тұратын 20 000 жауынгері бар әскерімен Жайық қалашығын бір ай бойы қоршауда ұстады 1718 ж.
Әбілқайырдың әскерлері Жайық пен Еділдің арасындағы бүкіл аумақты басып алды 1723-1724 ж.
«Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді» Әбілқайыр хан.
Орта жүз қазақтарының шекара аумағындағы іс-әрекеттері.
Қазақтар Туқала округына шабуыл жасады 1700 ж.
Тобыл қаласынан Туринск қаласына мынадай хабар келіп түсті: «Қазақ ордасы шекарадағы слабодаларға таяу жерде көшіп-қонып жүр, оларды ойсырата күйзелтіп, бір жолата жойып жіберуге тырысуда». 1724 ж.
Омбы бекінісінің маңында қазақтар мен жергілікті әскери гарнизонның арасында қанды қақтығыс болды 1731 ж. көктемде.
Қырғыздар, қырғыз-қайсақтар – Ресей шенеуіктері, офицерлері, орыс халқы қазақтарды Тянь-Шань қырғыздарымен шатастырып, осылай атаған.
Туринск – Ресей Федерациясының Түмен облысы аумағындағы қала.
Туқала округы – Батыс Сібір аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірлік, (қазір Туқала қаласы – Омбы облысындағы аудан орталығы).
Форпост – алдыңғы шепте орналасқан қамалдар арасындағы шағын бекініс.
Жайық – Орал өзенінің аты.
Жәмішев қамалы – қазіргі Павлодар облысының Жәмішев селосы.
§6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы.
Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері.
Әбілқайыр хан Жоңғария соғыс жүргізіп жатқанның үстінде Ресей патшалығына солардың қол астына өту туралы өтініш жазып жібереді 1726 ж.
Бұл өтінішті елші жеткізеді Қойбағар.
Кіші жүз билері Әбілқайыр ханға Ресеймен әскери одақ жасауды ұсынады 1730 ж.
Әбілқайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Петербургке келеді 1730 ж. қыркүйек айында. (Ресей бұл елшілікті жылы қабақпен қарсы алады). Бұған дейін Ресейдің құрамына қосылған болатын Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі.
Императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды 1731 ж.
Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылды:
Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
Екіншіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті өмір сүруге тиіс болды.
А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы.
Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға Петербургтен А.И.Тевкелев бастаған елшілікті жіберді 1731 ж. 30 сәуірде.
Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов.
Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылды. Ол былай деп жазған еді: «Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қайсақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт».
Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі тапсырылды Әбілқайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға.
Әбілқайыр ханның және оның төңірегіндегілердің Ресейдің қол астына өтуді қабылдауы.
Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдің қол астына өтуге көндірді Ресей елшісі Тевкелев.
Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлар Ресей қол астына өту туралы ант қабылдады 1731 ж. 10 қазан.
Ресей қол астына өту туралы ант қабылданды Майтөбе шатқалында (Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасында).
Ант қабылдауға қатысқан старшын саны 29 қазақ старшыны.
Бірінші болып ант қабылдаған Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет батыр, Құдайменді мырза.
Тевкелев ұрпақтары Орынборда ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды және олардың мың-мыңдаған басыбайлары шаруалары болды.
Башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.
Жоңғарлар Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады Галдан-Церен 1741 ж.
Әбілқайыр хан Ресей қол астына кіргенмен оларға шабуыл жасауын тоқтатпады. Патша үкіметіне қарсы белсенді іс-әрекеттері тек ол саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқаннан кейін ғана тоқтады 1748 ж.
Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы.
Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады 1731 ж.
Ресейдің қол астына өтті Орынборда Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай 1740 ж.
Әбілқайырдың көмегімен Орынбор қаласында Ресей қол астына өтті 30 000 қарақалпақ 1742 ж.
Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығына ұсыныс жасалды, бірақ Хиуа хандығы Ресей қол астына өтуден бас тартты 1731 ж.
Ұлы жүз тарапынан Ресей қол астына өтуге әрекет жасалды, бірақ ел арасы алыс болғандықтан жүзеге аспады 1733 ж.
Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі.
Қырғыз-қайсақ (Орынбор) экспедициясы құрылды 1734 ж.
Қырғыз-қайсақ экспедициясын I Петрдың жақынсыбайластарының бірі басқарды И. К. Кириллов.
Кирилловтың көмекшісі қазақтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпын жақсы білетін тілмаш А.Тевкелев.
Қырғыз-қайсақ экспедициясының кейінгі атауы Орынбор.
Экспедиция құрамында болған адам саны 2700 адам, 2500-і әскери қызметшілер.
Экспедицияға берілген тапсырма Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу.
Орынбор қаласының негізі қаланды 1735 ж. Әбілқайыр ханның өтініші бойынша.
Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының басшысы болып В. Н. Татищев тағайындалды.
Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және жер дауының шиеленісуі.
Ресей патшалығы Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін беікіністер салуға көшті, оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын тудырды:
Біріншіден, XVIII ғ. 30-40 ж. әскери бекіністері бар Үй шекара шебі бар бекіністер салынды, ол Жоғары Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды.
Екіншіден, патша үкіметі 1743 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонуына тыйым салды.
Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуіне тыйым салды.
Басыбайлы шаруа – Ресейдің 1861 жылға дейін тағдыры іс жүзінде помещиктер мен дворяндардың еркіне толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғыны.
Оппозиция – қарама-қарсылық көрсету.
Тілмаш – аудармашы.
Экспедиция – бұл жерде сөздің мәні «ведомсвто», «мекеме» ретінде айтылған.
Жасақ – мемлекеттің пайдасына алынатын салық.
Әбілмәмбет (1739-1771) жылдары билік еткен қазақ ханы, Болат ханның ұлы.
Нұралы (Нұр-Әли) – Кіші жүзді 1748-1786 жылдары билеген хан. 1741 жылы Хиуаны бір жылға жуық билеп тұрды, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы.
Татищев Василий Никитович (1686-1750) – Ресей тарих ғылымының негізін қалаушы, географ, Ресейдің мемлекет қайраткері. Орынбор экспедициясының Кирилловтан кейінгі басшысы.
Тевкелев Алексей Иванович (1695-1764) – Ресей дипломаты, генерал әрі помещик, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына кіруіне үлкен ықпал жасаған адам.
