Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып база қ.тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152.33 Кб
Скачать

§25. Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары.

  1. Балалардың ең көп тараған ойыны – айгөлек.

  2. Боз балалар мен жігіттердің ойыны – аударыспақ.

  3. Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны – көкпар тарту.

  4. Халық арасына кеңінен тараған спорт жарыстарының бірі – қазақша күрес.

  5. «олардың (қазақтардың. – авт.) арасында көптеген адамдар 100 жасқа дейін, тіпті одан да көп жасаған». XVIII ғ. орыс зерттеушісі И.Г. Андреев.

  6. Қазақтар өкпе ауруы (туберкулез) дегенді білмейтін себебі қоныстарын жиі-жиі ауыстыратын.

  7. Қазақ емшілері арасында (Бұхара мен Самарқандағы медресені бітіріп келгендер де болды) медициналық трактаттармен таныс болды Ибн Синаның медициналық трактаттары.

  8. XIX ғ. орта кезінде әр жаз сайын Құлынды даласында болып, қымызбен емделген Томск губерниясының губернаторы Супрунюк.

  9. «Қырғыздар (қазақтар. – авт.) Орталық Азиядағы барлық халықтардың арасында денсаулығы өте күшті халық. «Қырғыздай қайратты» деген сөз тегіннен-тегін айтыла салмаған» неміс зерттеушісі Ф. фон Шварц.

  10. Халық емшілері тәуіп, табиғи шипалы шөптермен емдейтіндер дәрігер деп аталды.

  11. XIX – XX ғ. тек Түркістанның өзінде халық емшілеріне шөптердің бірнеше түрі белгілі болды 227 түрі.

  12. Атақ-даңқы кеңінен танымал қазақ балуандарының бірі Нұрмағанбет Баймырзаұлы (1864-1919).

  13. Н. Баймырзаұлының Балуан Шолақ аталу себебі кішкентай кезінде қолының саусақтарын отқа күйдіріп алған.

  14. Қазақтың бүкіл әлемге танылған ұлы балуаны – Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886-1948).

  15. Қажымұқан Петербургте классик-қ. күрес және цирк өнерін үйренді 1904-1907 ж.

  16. Классикалық күрестен Ригада өткен дүниежүзілік біріншілікте жүлделі орынды жеңіп алды 1909 ж.

  17. Классикалық күрестен Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта I-ші орын жеңіп алды 1911 ж.

  18. Қажымұқан Таяу және Орта Шығыс елдерін аралады 1909-1911 ж.

  19. Қажымұқан қоржынында 48 алтын, бірнеше күміс, қола медальдар бар.

  20. Қажымұқан күреске түсіп келген бүркеншік аттар Ямағата, Муханура, Қара Мұстафа, Махмұт, Қара Иван.

  21. 1913 және 1915 ж. мәртебелі жүлдені жеңіп алды «Сигизмунд белдігі».

  22. «Сигизмунд белдігі» атты мәртебелі жүлдені жеңіп алды 1913 және 1915 ж.

  23. Әбу Әли ибн Сина (980-1037) – Орта Азияда өмір сүрген аса көрнекті әмбебап ғалым (философ, географ, медик және ақын). Еуропада ол Авиценна деген атпен танымал болды.

§26. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

  1. «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет» Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн.

  2. «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады» неміс зерттеушісі Ф. фон Хелльвальд.

  3. Қонақжайлық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне салынатын айып ат-тон айып.

  4. Ерулік – жаңа көшіп келген қонақты қонақ асыға шақыру.

  5. Қалау – үйге келген қонақ сол үйдегі ұнаған кез-келген затты қаладым деп алуына болады.

  6. Қымызмұрындық – қымыз ашыту маусымында ауыл адамдары бір-бірін шақырып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жегізеді. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді.

  7. Жылу жинау – кездейсоқ жағдайда үй өртеніп кетсе, су тасқынынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдастары қолдарынан келгенше көмек береді.

  8. Жұртшылық – қарызға белшесінен батып, оны төлеуге шамасы жетпей жатқанда оған рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады.

  9. Асар – барлығы бірлесіп біреуге баспана немесе қора, немесе құдығын қазып беруге ұжымдасып көмектеседі. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын.

  10. XX ғ. бас кезінде көптеген зайырлы мектептер мен мешіттер салынды асар әдет-ғұрпы бойынша.

  11. «Қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі – жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы» орыс ғалымы Л. Баллюзек.

  12. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге жасайтын асату.

  13. Егер кімде-кім жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстары немесе дос-жарандары беретін байғазы.

  14. «Қырғыз-қайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі де кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленеді» неміс ғалымы Ф. фон Шварц.