Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BAS_ARU_ESEB-_new_zh_d.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать
  1. Үстеме шығындардың есебі

Үстеме шығындардың есебі. Үстеме шығындардың түсінігі және олардың түрлері. Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлік), өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Бір сөзбен айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтардағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі материалдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, іимараттарды және жалпы өндірістік (цехтық) сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті юасқару мен қызмет көрсетумен байланысты шығындар.

Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептер бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда (бөлімшелерде) материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар.

Үстеме шығындар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады, кешенді сипаттағы шығыстар құрамында шығынның барлық экономикалық элементтері көрсетіледі: екі және одан да көп бұйымдар шығаруда, бұл шығыстарды тікелей бұйымдарға апару мүмкін емес, сондықтан олар бір жағынан дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістің арасында таратылады, екінші жағынан бұйымдардың арасында жанама тәртіппен таратылады.

Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады. Бірінші сатының мақсаты – барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтары бойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді. Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін пайдаланылады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырландырылған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өнімдерге таратылады.

Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.

Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінің көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:

  • өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;

  • өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пропорционалды;

  • тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды;

  • цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құынына пропорционалды;

  • белгіленген шығындарды таратудың тұрақты коэффициенті бойынша;

  • басқа да тарату базалары бойынша.

Үстеме шығындарды төлеу ставкасы. Әрбір өндірістік шығын орталықтары үшін үстеме шығыстар ставкасы орталыққа бөлінген жалпы шығындарды тарату базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады. Өнмідерге үстеме шығындар, әрбір өнімге қажетті, үстеме шығыстарды тарату базасының екінші сатысында алынған, әрбір орталықтағы үстеме шығыстар ставкаларына көбейту жолымен таратылады.

Кейбір компанияларда үстеме шығыстарды таратудың бірінші сатысынан бас тартады, олар шығын орталықтары бойынша таратылмайды. Оның орнына тұтас кәсіпорын үшін, барлық өнімдерге таратылатын (қандай цехта, бөлімшеде өндірілгеніне байланыссыз) бірыңғай ставка енгізіледі. Бұл әдісті барлық бөлімшелердегі өндірілетін шығын орталықтарының үстеме шығыстары болса пайдаланған жөн. Егер кәсіпорын өнімдердің көп ассортиментін шығаратын болса, оның үстіне кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелеріндегі әрбір өнімге әр түрлі сағат жұмсалатын болса, онда шығын орталықтары үшін үстеме шығыстарды таратудың жеке ставкалары белгіленуі қажет.

Өндірістің және қызмет көрсетудің жеке орталықтары үшін үстеме шығыстарды тарату ставкасын есептеу үшін қажетті шарттар:

  1. Өндірістік және қызмет көрсету шығын орталықтары бойынша барлық жалпы зауыттық үстеме шығыстарды тарату керек. Кейбір үстеме шығыстар (жабдықтардың амортизациясы, көмекші материалдар) тікелей өндірістік шығын орталықтарына апарылуы мүмкін. Бірақ кейбір үстеме шығыстар баптары, көптеген бөлімшелердің мүддесінде жүзеге асырылатындықтан, нақты бір бөлімшенің шығындарына апарылуы мүмкін емес. Бұл баптар үшін үстеме шығыстарды таратудың логикалық базасын белгілеу қажет. Мақсаты - әрбір бөлімшелердегі қажетті ресурстарды бағалауға мүмкіндік беретін әдісті таңдау керек.

  2. Қызмет көрсету шығын орталығындағы үстеме шығыстарды өндіріс шығн орталығында қайта тарату қажет. Қызмет көрсететін – осы немесе басқа әдістермен қамтамасыз ететін бөлімшелер, мысалы, техникалық қызмет көрсету қоймалары және бөлімдері. Олар өндіріс процесінің дұрыс жүргізілуі үшін қажетті қызметті көрсетеді, бірақ өндіріс өнімдеріне тікелей қатысы болмайды. Сондықтан, олар арқылы өтетін қызмет көрсету бөлімшелерінің шығыстарын өнімдерге апару мүмкін емес. Бұл шығындар нақты өнімдерді шығаратын өндірістік бөлімшелерге апарылуы керек.

  3. Әрбір орталықтар үшін үстеме шығыстарды таратудың сәйкес ставкасының есебі болуы тиіс. Уақыт есебіне және сандық көрсеткіштерге негізделген шығындарды таратудың кең тараған базасы болуы қажет. Сандық көрсеткіштерге негізделген тарату базасын пайдалануға «өнімдер» шығын орталығының ресурстарын олардың өндіріс көлеміне пропорционалды түрде болуын талап етеді.

Үстеме шығындардың есебі шоттар жоспарындағы 8410 «Үстеме шығындар» шотында есепке алынады.

Үстеме шығындар есепке алынғанда кәсіпорын бухгалтериясында кестеде мысалға келтірілген бухгалтерлік өткізбелер құрылады.

7 кесте

Шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялардың мазмұны

ДТ

КТ

8410

1320

Негізгі, көмекші өндіріс цехтарының жалпы мұқтаждығына қоймадан материалдар жіберілді.

8410

3350

Цех персоналына еңбекақы төленді.

8410

3150

Цех персоналының еңбекақысынан әлеуметтік салық есептелінді.

8410

3210

Цех персоналының еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыруға алымдар есептелді.

8410

8310

Цехтегі құрал-жабдықтарға жөндеу кәсіпорынның өз күшімен жүргізілді.

8410

3310

Цехтегі құрал-жабдықтарға жөндеу жабдықтаушылар мен мердігерлердің күшімен жүргізілді.

8410

2420

Цехтегі құрал-жабдықтарға амортизация есептелді.

8110

8410

Үстеме шығындар негізгі өндіріске жойылды.

8310

8410

Үстеме шығындар көмекші өндіріске жойылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]