Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BAS_ARU_ESEB-_new_zh_d.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

3.Шешімдер қабылдау үрдісі. Басқару үрдісі

Бухгалтер-аналитиктер дайындаған ақпараттар шешімдер қабылдаудағы олардың соңғы әсер етуімен қарастырылуы керек, яғни басқару есебін дұрыс қабылдау үшін қажетті шартты шешімдер қабылдау процесін түсіну болып табылады. Шешімдер қабылдау процесі жоспарлау,бақылау және реттеуден тұрады:1.Мақсаттыанықтаңыз;2.Альтернативті варианттарды іздеуге кірісіңіз;3.Істің альтернативтік варианттары жөніндегі көрсеткіштерді жинақтаймыз;4.Істің альтернативтік вариант-рн таңдаңызы,5.Қабылданған шешімдерді жүзеге асырыңыз;6.Нақты мәліметті жоспарлап қойған нәтижеменсалыстырыңыз;7.Жоспардан ауытқу бой-ша шаралар қолданыңыз. 1-жоспарлау процесі.2-бақылау және реттеу процесі.Көрсетілген шешімдер қабылдау модельдерінен байқағанымыздай,алғашқы бес кезең шешімдер қабылдау процесін н/е жоспарлауды көрсетеді. Жоспарлау мәне жағынан шешімдер қабылдау жөніндегі жұмыстарды және альтернативтік варианттардың арасынан таңдауды жүзеге асыру болып табылады. Соңғы екі кезең таңдалып алынған альтренативтік варианттарды жүзеге асыру мақсатымен нақты көрсеткіштерді түзетуден және бағалаудан құралатын басқару процесін көрсетеді.

Басқару үрдісі (процесі). Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау, басқару іс әрекеттерін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын. Басқару процесі келесі негізгі элементтерден тұрады: Жоспарлау – нақты өнім түріне, өндіру және сату процесіне, сондай ақ баға белгілеуге, инвестицияға қатысты жоспарлар жасалынады. Қаржылық жоспар деп – танылатын сметалар құрастырылады. Сондай ақ кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс болып табылады. Жоспарлау – шаруашылық іс әрекетінің нәтижелеріне талдау мен статистикалық зкрттеуге негізделген кезде ғана тиімді болып келеді. Талдау басқару есебінің мақсаттарына сай трптасып, өңделген ақпарат мәліметтері бойынша жүргізіліп отырады 2. Бақылау – нақты және жоспарлы мәліметтер салыстырылып баға беріледі. Мұнда пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бюағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі болып табылады. Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік мәліметтерімен нығайтылады және кейде толықтырылады. өз кезегінде қаржылық есеп мәліметтері жан жақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін ақпаратпен толықтырылады. 3. Коммуникация – есеп жүргізудің тиімді жүйесін қалыптастырады. Сондай ақ басқару процесінде өзара қарым қатынас орната отырып, есепті жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға өзіндік үлесін қосады. 4. Мотивация – алға қойған мақсатқа қол жеткізуге ұмтылу. яғни бұл элемент басқару процесінде ынталандырушы қызмет атқарады.

4.Өндірістік және басқару есебі

Өндірістік есеп жүйесінде сыртқы есептіліктің талаптарына жауап беретін өндірістік қорлардың құнын бағалаудың өндірістік шығындары анықталады, сонымен қатар басқарушылық есептің міндеті менеджерлерге шешім қабылдау, жоспарлау, бақылауды іске асыру және қызмет ету көрсеткіштерін бағалауға қажетті сәйкес ақпаратты дайындау болып табылады.

Өндірістік есеп деп – өнім қорларының құнын бағалау үшін өндірістік шығындар жөніндегі мәліметтерді жинауды айтады. «Басқару есебі» термині басқару қызметін жүзеге асыруға қажетті шешімдер қабылдау, жоспарлау, бақылау ж/е реттеу сияқты процестерде қолданылатын ақпараттарды дайындауды білдіреді.

Өндірістік есеп өндіріс шығындары мен кәсіпорынның табыстарын қадағалап отыруға шақырады ж/е өндірістік-коммерциялық ж/е қаржылық қызметтердің рентабелділігін көтеру үшін мүмкін болатын резервтерді табады.

Шығындар мен табыстардың түрлері бойынша жүргізілетін есеп есепті кезеңде өнім (жұмыс, қызмет) өндіру процесінде кәсіпорында шығын топтары пайда болатынын ж/е олардың өнімді (жұмысты, қызметті) сату процесінде қалай орны толтырылатындығын көрсетуі керек. Шығындар мен табыстардың жауапкершілік орталықтары бойынша жүргізілетін есепте әрбір жауапкершілік орталықтары бөлінісінде нәтижені анықтау үшін кәсіпорынның ж/е оның бөлімшелерінің арасында шығындар мен табыстардың дәл бөлінуіне мүмкіндік туғызуы керек. Соңында, шығындар мен табыстардың таратушылары бойынша жүргізілетін есепте әрбір шығарылған өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің рентабелділігін анықтау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]