- •Басқару есебі
- •Басқару есебіне кіріспе
- •2.Қаржылық және басқару есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •3.Шешімдер қабылдау үрдісі. Басқару үрдісі
- •4.Өндірістік және басқару есебі
- •5.Шығындар және олардың жіктелуі
- •6.Жауапкершілік орталықтары бойынша есептің сипаты мен мақсаты
- •Өндірістік шығындар есебі
- •Материалдық шығындар мен еңбек ақы шығындардың есебі
- •Материалдарды басқару үрдісі.
- •10.Жұмыс күші шығындары есебі
- •Үстеме шығындардың есебі
- •Үстеме шығындарды бөліп таратудың әдістері
- •Шығындарды толық тарату мен айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
- •Өндірістік шығындардың тапсырыстық калькуляциясы
- •Тауар тобының және контрактінің өзіндік құнын калькуляциялау ??????????? Абрах
- •Басқару шешімдерін қабылдау
- •17. Өндірістік шығындардың үрдіспе-үрдіс калькуляциясы
- •19.Шығындар динамикасы
- •20.Өндірістің зиянсыздығын талдау???????????????? Нұрдаулет
- •22.Зиянсыздықты талдаудың модельдері
- •23.Басқару шешімдерін қабылдау үшін шығындарды жіктеу.
- •24.Материалдар мен шикізаттарды жөнелтудегі бағалау әдістері.
- •37. Басқару жүйесінің бақылау тәсілдері..Кері және алдын алу байланыспен басқару. Басқарудың типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •38. Өзіндік құнды анықтаудың нормативтік тәсілі.Өзіндік құнды анықтаудың норматив негізінде жүргізу жүйесі
- •39. Күрделі қаржының сметасын жасау. Инвестициялық жобаны бағалау тәсілдері. Бірнеше альтернативтік бағыттарды бағалау. Сатудан кейінгі бағалау. Бюджетті құрудың қосалқы тәсілдері.
23.Басқару шешімдерін қабылдау үшін шығындарды жіктеу.
Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:
a) өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты - өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;
ә) бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;
б) қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары); жүктелген шығындар (немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы);
в) жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;
г) өсетін және шекті шығындар мен кірістер.
өсетін және шекті шығындар мен кірістер.
Шешім қабылдау және жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұскаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің (жүйеге келтіретін) мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:
1. Өзгермеліге сомасы өндіріс көлеміне байланысты тікелей өзгеретін шығын жатады, яғни ол кәсіпорынның іскер белсенділік деңгейіне тәуелді. Бұл - шикізат және негізгі материал шығындары, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Өнім бірлігінің шығыны - тұракты шама.
2. Тұрақтыға мөлшері (шамасы) өндіріс көлемінің өзгеруіне, яғни кәсіпорынның іскер белсенділігінің деңгейіне тәуелді болмайтын шығындар жатады. Мұндай шығындарга үй-ғимараттарды күтіп үстау, амортизация, жарнама, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т.б. шығындарды жатқызуға болады. Өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығын өндіріс көлеміне қарай өзгереді өндіріс көлемі ұлғайтылғанда (кемітілгенде) кемиді (артады). Өзгермелі және тұрақты шығындарға нақты шектеу қою, іс жүзінде мүлдем мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты немесе жартылай өзгермелі болады. Сондықтан олар шарттьі - тұрақты немесе шартты-өзгермелі деп жиі аталады. Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу өндіріс көлемінің сыни есебі, пайдалылықты талдау, пайдалылығы, бәсекеге жарамдылығы, шығарылған өнімнің ассортименті негізінде болады.
3. Бағалу есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары. Белгілі бір шешімді әзірлеуде бұл мәселеге шығындар мен табыстардың қандай қатысы барын, яғни есепке не алынатынын, не алынбайтынын анықтап алу қажет. Есепке алынған шығындар мен табыстар бұл шешім қабылдауға әсерін тигізген алдағы кезеңнің шығындары мен табыстары, ал есепке алынбағаны - қабылданған шешімге катысы болмайды.
4. Қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезең шығындары. Бұл шығындар қандай да бір шешімдердің пайдасы үшін болатын түйін (таңдау, байлам) осы шығынның сомасына ешқандай әсерін тигізе алмайтын, сатып алынған ресурстардың құнын білдіреді. Ол бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болады және келешекте пайдаланатын шешімдер оны өзгерте алмайды. Талап етілмей (сол күйінше) қалған 100 мың теңге сомасындағы шикізат шығыны қайтарылмайтын шығынның үлгісі бола алады.
5.Жүктелген шығындар (Вмененные затраты). Бұл шығындар басқасынан бас тартуды талап ететін әлдебір баламалы әрекет (қолданыстық) бағамының (курсының) түйінін (тандау, байлам) құрбан етілуі немесе жоғалуы мүмкін сипатын білдіреді. "Жүктелген шығындар" ұғымы тек ресурстар шектеулі болған жағдайда ғана қолданылады. Ресурстар шектеулі болмайтын жерде бірдемені құрбан етудің қажеті болмайды. Мысалы. Кәсіпорынның әзірленуі 200 сағат өңдеуді талап ететін
арнайы бөлшектердің бірқатар партияларын өндіруге келісім-шарт бекітуге мүмкіндігі бар.
