
- •Басқару есебі
- •Басқару есебіне кіріспе
- •2.Қаржылық және басқару есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •3.Шешімдер қабылдау үрдісі. Басқару үрдісі
- •4.Өндірістік және басқару есебі
- •5.Шығындар және олардың жіктелуі
- •6.Жауапкершілік орталықтары бойынша есептің сипаты мен мақсаты
- •Өндірістік шығындар есебі
- •Материалдық шығындар мен еңбек ақы шығындардың есебі
- •Материалдарды басқару үрдісі.
- •10.Жұмыс күші шығындары есебі
- •Үстеме шығындардың есебі
- •Үстеме шығындарды бөліп таратудың әдістері
- •Шығындарды толық тарату мен айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
- •Өндірістік шығындардың тапсырыстық калькуляциясы
- •Тауар тобының және контрактінің өзіндік құнын калькуляциялау ??????????? Абрах
- •Басқару шешімдерін қабылдау
- •17. Өндірістік шығындардың үрдіспе-үрдіс калькуляциясы
- •19.Шығындар динамикасы
- •20.Өндірістің зиянсыздығын талдау???????????????? Нұрдаулет
- •22.Зиянсыздықты талдаудың модельдері
- •23.Басқару шешімдерін қабылдау үшін шығындарды жіктеу.
- •24.Материалдар мен шикізаттарды жөнелтудегі бағалау әдістері.
- •37. Басқару жүйесінің бақылау тәсілдері..Кері және алдын алу байланыспен басқару. Басқарудың типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •38. Өзіндік құнды анықтаудың нормативтік тәсілі.Өзіндік құнды анықтаудың норматив негізінде жүргізу жүйесі
- •39. Күрделі қаржының сметасын жасау. Инвестициялық жобаны бағалау тәсілдері. Бірнеше альтернативтік бағыттарды бағалау. Сатудан кейінгі бағалау. Бюджетті құрудың қосалқы тәсілдері.
5.Шығындар және олардың жіктелуі
. Өндірістік шығындар д/з – өнімдерді, тауарларды (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дйындауға кеткен нақтылы ж/е қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі ролі мен өнімнің өзіндік құнына енгізілу тәсілі бойынша да біртекті (бірыңғай) емес. Сондықтан экономикалық теорияда шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады. Шығындардың негізгі классификациясы (жіктелуі) төмендегідей:
Шығындардың жіктелуі:
Классификация (жіктелу) белгілеріне:
-Өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша;
-Құрамының бірыңғайлығы бойынша;
-Өндіріс көлеміне қатыстылығына байланысты;
-Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына енгізілу тәсілі бойынша;
-Пайда болу кезеңділігі бойынша;
-Өндіріс процесіне қатысуы бойынша;
-Шығын шығарудың мақсатқа лайықтылығы (тиімділігі) бойынша;
-Жоспарды қамту мүмкіндігі бойынша (мөлшерлеу).
Шығындардың бөлінуіне:
-Негізгі ж/е қосымша;
-Бір элементті ж/е кешенді;
-Айнымалы ж/е тұрақты;
-Тікелей ж/е жанама;
-Ағымдағы ж/е бір жолғы;
-Өндірістік ж/е өндірістік емес (кезең шығындары);
-Өнімді ж/е өнімсіз;
-Жоспарланған ж/е жоспарланбаған.
Негізгі шығындарға өнімдерді (жұмыс, қызмет) дайындаудағы өндіріс процесімен тікелей байланысты шығындар жатады. Бұл шығындарға кіретіндер: шикізаттар, материалдар, өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы, технологиялық мақсаттар үшін қажетті жанар-жағар майлар және т.б.
Қосымша шығындарға ұйымдастыру мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты шығындар жатады. Олар: өндірістік бөлімшелердегі (цехтар, учаскілер) әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысы, электро-энергия шығындары, өндіріс ғимаратын жылытуға арналған отын, өндірістік негізгі құралдардың тозуы ж/е оларды жөндеу шығындары ж/е т.б.
Бір элементті шығындарға сол кәсіпорынның құрамдық бөліктеріне бөлуге келмейтін біртекті экономикалық элементтер жатады.
Кешенді шығындар бірнеше экономикалық шығындардың жиынтығынан тұрады. Оған жататындар: қосымша шығындар, бірнеше элементтен тұратын кезең шығындары ж/е т.б.
Айнымалы шығындарға жалпы мөлшері шығарылатын өнімдердің (жұмыс, қызмет) көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар жатады. Осыған байланысты өнімдердің бірлігіне келетін мұндай шығындардың мөлшері өзгеріссіз қалуы мүмкін. Айнымалы шығындарға жататындар: шикізаттар электро-энергия, жұмысшылардың еңбекақысы (кесімді) және т.б.
Тұрақты шығындарға өндіріс көлемі өзгерсе де өзгермейтін н/е болар-болмас өзгеретін (шарты-тұрақты шығындар) шығындар жатады. Мысалға қосымша шығындарды, жалпы ж/е әкімшілік шығындарын келтіруге болады.
6.Жауапкершілік орталықтары бойынша есептің сипаты мен мақсаты
Біздің елімізде жауапкершілік орталықтары бойынша шығындардың есебі туралы идеясы 70-ші жылдардың басында туындады. Ол ішкі фирмалық басқаруды жақсарту қажеттілігінен пайда болды.Жауапкершілік орталықтары бой-ша есеп д/з-ол жауапкершілік орталықтарының шығуындағы және кіруіндегі нақты және жоспарлы ақпаратты бақылау,өңдеу және бейнелеу жүйесі.Бұл жүйенің ұғымы-ол шығындар орталығы.Шығындар орталығы д/з-ол активтердің сатып алуына кеткен шығындар және басқадай шығындар туралы ақпаратты мақсатқа сәйкес жинақтайтын ұйымдастыру бірлігі.Бәрәнен жиі шығындар орталықтары ретінде бригада,өндірістік участкесі,цех сияқты төменгі деңгейдегі құрылымдық бөлімшелер қарастырылады.Жауапкершілік орталықтары бой-ша шығындар есебі жүйесінің маңызды сипатты белгісі-ол әр жеке жетекшінің жұмысының тиімділігі болып жауап беретін участкесінің жеткен нәтижелері бой-ша бағалануы табылады.Мысалы,цехтің бастығы кәсіпорын директорының еңбекақысы мөлшерін қоя алмайды,сондықтан осымен бай-ты шығындарды оның цехына жатқыза алмайды. Жауапкершілік орталықтары бой-ша шығындар есебі жүйесін жүзеге асыру негізінде бақыланатын және бақыланбайтын шығындар принципі бар.Ж-к орталықтары бой-ша шығындарды басқару көбінесе ірі кәсіпорындарда іске асырылады.Ж-к орталықтары келесі белгілер бой-ша классификациялауға болады:-ж/к орталықтары орындайтын функциялар;-жауапкершілік және өкілдік көлемі.