Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BAS_ARU_ESEB-_new_zh_d.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

22.Зиянсыздықты талдаудың модельдері

Зиянсыздықты талдаудың келесідей модельдері бар: экон-қ, бухгалтерлік, математикалық жақындық, қауіпсіздік нүкте.

Зиянсыздық нүкте – ол өнімнің өндірілуіне кеткен шығындардың барлығын, сонымен бірге фирманың меншікті капиталына есептелген орташа нарықтық пайызын және қарапайым кәсіпкерлік табысты жабатын фирманың сатылуға арналған өнім көлемін айтамыз.

Экономикалық теорияның көзқарасынан зиянсыздық – ол қазіргі бәсекелестік нарықтағы фирманың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікті ұстап тұрған қарапайым жағдайы.

Экономикалық түсінік бойынша барынша көп табысты көздеу процесі зиянсыздық нүктені іздеу процесіне эквиваленті болу керек. Табыстың максимизациялау мақсаттарына негізгі болып бір өнім бірлігінің шығарылуы көбейгендегі, шектелген табыс пен шектелген шығындардың қатынасы табылады.

1-суретке сәйкес өнідіріс көлемінің шығындар мен табыстарының экономикалық моделі бейнеленген. Бұл модельге сәйкес ұйым сату көлемін тек бағаны төмендету арқылы ұлғайта алады, соның салдарынан түсімнің сызығы біртіндеп жоғарылап, содан соң төмен түседі. Көріп тұрғанымыздай, түсім сызығы шығын сызығымен 2 жерде қиылысып тұр. Бұл зиянсыздықтың экономикалық моделінде өнім өндіру мен сатудың 2 дәрежесі бар екендігін көрсетеді.Бұл жерде маңызды фактор ретінде айнымалы шығындар болып табылады.

Экономистер бір өнімге орташа айнымалы шығындар алдымен төмендейді деп болжайды.

Бұл өнім өнідірісін ұлғайтқан сайын ұйым еңбек күшін бөлу арқылы үлкен жеңілдік алуына болады дегенді білдіреді. Нәтижесінде бір өнімге шаққандағы еңбек шығындары төмендейді.

Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі экономикалық модельден айырмашылығы қарастырып отырған кезеңде айнымалы шығындар мен баға өзгермейді деп болжанады. Сондықтан, өндіріс көлемі артқан сайын табыс та артады. Пайда тек өндіріс көлемімен шектелген.

Бухгалтерлік модель өндіріс көлемінің барлық деңгейінде табыс пен шығынның мөлшерін анықтай алмайды.Сондықтан өндірістің әр түрлі мөлешрін экономикалық модель шынайы көрсетеді.

Зянсыздықты талау үшін математикалық әдісті қолдануға болады. Бұл кезде де өнім бірлігіне баға мен өнімге кеткен шығындар өзгермейді деп есептеледі.Сондықтан пайда өндіріс көлеміне байланысты өзгереді.

Математикалық формула бойынша пайда:

ТП=К*Б – (ТШ+А*К)

мұндағы, ТП- Таза пайда

К - сатылған өнім көлемі

Б – бағасы

ТШ – тұрақты шығын

А – айнымалы шығын

Мысалы, Тұрақты шығын – 60000

Айнымалы шығын – бір өнімге 10

өндіріс көлемі 8000 бірлік

бағасы – 20

Өндіріс көлемінің қуаттылығы – 4000-12000

Жоғарыдағы формуланы пайдалана отырып,зиянсыздық нүктесін есептеуге болады.

60000+10к=20к-0

10к=60000

к=6000 бірлік

Енді тұрақты шығындарды 10000-ға, ал айнымалы шығ-ды 10%-ға төмендеткенде қанша пайда алтынымызды есептейік:

ТП=20*8000-(50000+9*8000)

ТП=160000-(50000+72000)

ТП= 38000 тг

Келесі, 8000 дана сатқанда 30000 пайда табатындай бағаны есептеу.

30000=8000*Б-(60000+10*8000)

30000=8000Б-140000

8000Б=170000

Б=21,25 тг

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]