
- •Басқару есебі
- •Басқару есебіне кіріспе
- •2.Қаржылық және басқару есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •3.Шешімдер қабылдау үрдісі. Басқару үрдісі
- •4.Өндірістік және басқару есебі
- •5.Шығындар және олардың жіктелуі
- •6.Жауапкершілік орталықтары бойынша есептің сипаты мен мақсаты
- •Өндірістік шығындар есебі
- •Материалдық шығындар мен еңбек ақы шығындардың есебі
- •Материалдарды басқару үрдісі.
- •10.Жұмыс күші шығындары есебі
- •Үстеме шығындардың есебі
- •Үстеме шығындарды бөліп таратудың әдістері
- •Шығындарды толық тарату мен айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
- •Өндірістік шығындардың тапсырыстық калькуляциясы
- •Тауар тобының және контрактінің өзіндік құнын калькуляциялау ??????????? Абрах
- •Басқару шешімдерін қабылдау
- •17. Өндірістік шығындардың үрдіспе-үрдіс калькуляциясы
- •19.Шығындар динамикасы
- •20.Өндірістің зиянсыздығын талдау???????????????? Нұрдаулет
- •22.Зиянсыздықты талдаудың модельдері
- •23.Басқару шешімдерін қабылдау үшін шығындарды жіктеу.
- •24.Материалдар мен шикізаттарды жөнелтудегі бағалау әдістері.
- •37. Басқару жүйесінің бақылау тәсілдері..Кері және алдын алу байланыспен басқару. Басқарудың типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •38. Өзіндік құнды анықтаудың нормативтік тәсілі.Өзіндік құнды анықтаудың норматив негізінде жүргізу жүйесі
- •39. Күрделі қаржының сметасын жасау. Инвестициялық жобаны бағалау тәсілдері. Бірнеше альтернативтік бағыттарды бағалау. Сатудан кейінгі бағалау. Бюджетті құрудың қосалқы тәсілдері.
Басқару есебі
Басқару есебіне кіріспе
Басқару есебінің мақсаты – нақтылы өндірістік мақсаттарға жетуге жауапты менеджерлерді тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету. . «Басқару есебі» терминінің мәнін ашуда екі қадам ұсынылады. Біріншісі management accounting-пен, екіншісі европалық «контроллингпен» байланысы. Бірінші терминмен байланысты кез келген есеп қызметінің негізгі міндетті-кәсіпорынның басқару персоналдарын (қызметкерлерін) басқару шешімдерін болып табылады. Бұл есеп жөніндегі қызметтің кәсіпорынды тұтас ж/е жеке бөлімдерін басқарумен байланыстылығының ажырамайтындығын көрсетеді. Сондықтан басқару есебінің; талабынан шығып отырғандай, management accounting сөзін есепті ұйымдастыру деп аударуға болады. Екінші түсінікке сәйкес басқару есебі – өнімнің өзіндік құны, шығыстар мен шығындар жөніндегі ақпараттарды ашып көрсететін және жинақтайтын жүйе ретінде қарастырылады, яғни ол кәсіпорын қызметіне бақылау жасау мақсатындағы ұйымдастырылған есептің кеңейтілген жүйесі. Тар мағынада басқару есебін – кәсіпорын қызметімен байланысты шығындар мен табыстардың есебі ж/е оларды бақылау деп түсінуге болады. Қазақстанның тәжірибесінде басқару есебі көп жағдайда кең мағынада ұйымның қызметін бақылау, басқару ж/е жоспарлау үшін пайдаланылатын, бір кәсіпорын шегінде басқару персоналын ақпараттармен қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырылады. Басқару есебінің объектілеріне – кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдық бөлімдерінің шығындары, жауапкершілік орталықтары; жауапкершілік орталықтарымен тұтас кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытындылары; ішкі бағаның құрылуы; бюджеттеу ж/е ішкі есеп беру жатады. Басқару есебінің ішкі жүйесі 3-ке бөлінеді:
1.Басқару ж/е қаржылық бухгалтерияның байланыс үлгісі:
-интегралды (монистикалық);
-автономиялық.
2.Шығын есебінің жеделдігі:
-өткен кезең (нақты) шығындарының есебі;
-нормативтік әдіс (стандарт-кост).
3.Есепке алынған шығындардың толықтығы:
-толық өзіндік құнның есебі;
-қысқартылған өзіндік құнның есебі (директ костинг).
Басқару есебінде пайдаланылатын әдістер әр түрлі:
-бухгалтерлік есеп (қаржы есебі) әдістерінің кейбір элементтері (шоттар, қосарлы жазу, түгелдеу, құжаттау, баланс, есеп беру);
-статистика мен экономикалық талдауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер (индекстік әдіс, факторлық талдау және т.б.);
-математикалық әдістер (корреляция, сызықтық программалау, ең төменгі квадраттар әдісі және т.б.).
Басқару есебінің мақсаттары:
-басқарушыларға жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық көмектер көрсету;
-кәсіпорынның ж/е жауапкершілік орталықтарының экономикалық қызметін жоспарлау, болжау ж/е бақылау;
-баға құрылымы үшін базаларды қамтамасыз ету;
-кәсіпорынның тиімді даму жолдарын таңдау.
2.Қаржылық және басқару есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
Қаржы ж/е басқару есебі кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрайды. Қаржылық есептің жалпы қабылдаған принциптері басқару есебінде де іске асырылады. Қаржылық ж/е басқару есептерінде жедел ақпараттар пайдаланылады. Қаржы есебіндегі сияқты басқару есебінде де ақпарат көздері болып табылатын бастапқы құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар бірдей.
Басқару есебімен қаржылық есептің салыстырмалы сипаттамасы:
1.Есепті жүргізудің міндеттілігі:
Қаржылық есебіне, Міндетті. Мәліметтерді жинауда басшының көз-қарасына байланыссыз, заңға сәйкес талап етілетін дәлдікпен бояуы қажет.
Басқару есебіне, Барлығы кәсіпорын басшысына байланысты. Ешқандай сыртқы органдар мен ұйымдар не істеу керек екендігін көрсетуге құқы жоқ.
2.Есепті жүргізудің мақсаты:
Қарж/қ есебіне, Ұйымнан тыс пайдаланушылар үшін қаржылық құжаттарды жасау.
Басқару есебіне, Басқару есебі – ұйымда (үздіксіз процесс) жоспарлауды, басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін құрал.
3.Ақпараттарды пайдаланушылар:
Қарж/қ есебіне, Сыртқы пайдаланушылар акционерлер, кредиторлар, мемлекеттік салық органдары және т.б.
Басқару есебіне, Ішкі пайдаланушылар: ұйымның менеджерлері, ақпараттарды жинауға және талдауға көмектесетін қызметкерлер.
4.Базистік құрылым:
Қарж/қ есебіне, Баланстық теңдіктің негізінде құрылады. Актив = Меншікті капитал + Міндеттемелер.
Басқару есебіне, Ақпараттардың құрылымы пайдаланушылардың сұрақтарына байланысты болады.
5.Негізгі ережелер:
Қарж/қ есебіне, Бухгалтерлік есептің нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Пайдаланушыларда бухгалтерлік есептің мәліметтерін дұрыс түсінуге сенімділік болу керек.
Басқару есебіне, Басқару ақпараты кез келген ішкі ережелерге, олардың пайдалылығына байланысты сүйенуі мүмкін.
6.Уақытқа байланыстылығы:
Қарж/қ есебіне, Ұйымның қаржылық тарихын көрсетеді. Бухгалтерлік жазулар операциялар аяқталған соң жасалады.
Басқару есебіне, Тарихи ақпараттардан басқа болашақты жоспарлау ж/е бағалау енгізіледі.
7.Ақпараттардың типі:
Қарж/қ есебіне, Қаржылық құжаттар – қаржы есебінің соңғы өнімі, яғни ақпараттарды құндық көріністе көрсетеді.
Басқару есебіне, Ақпараттар натуралды ж/е құндық көріністермен көрсетіледі.
8.Ақпараттардың дәлдік дәрежесі:
Қарж/қ есебіне, Дәлдіктің жоғары дәрежесі.
Басқару есебіне, Жеделділік мақсатына жақындатылған ж/е жобаланған бағалар қолданылуы мүмкін.
9.Есеп берудің кезеңділігі:
Қарж/қ есебіне, Толық қаржылық есеп жыл ж/е тоқсан қорытындысы бойынша жасалады.
Басқару есебіне, Үлкен ұйымдардағы нақтыланған есептер ай сайын, апта сайын, күн сайын, кейде бірден жасалынуы мүмкін.
10.Есепті тапсыру уақыты:
Қарж/қ есебіне, Есепті жасауда, аудиторлық тексеруді жүргізуде уақыт қажет болғандықтан пайдаланушыларға есепті кезең аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан соң жетеді.
Басқару есебіне, Негізінен есепті кезең аяқталған соң бірнеше күннің ішінде жасалады ж/е тапсырылады; жедел есеп беруде – келесі күннің таңертеңінде.
11.Есеп беру объектісі:
Қарж/қ есебіне, Қаржылық есеп беруде ұйым біртұтас, ірі ұйымдарда түсім мен табыс үлкен сигменттері бойынша көрсетіледі.
Басқару есебіне, Ерекше көңіл бөлінетіндер: кішірек бөлімшелер, жекеленген өндірістердің ерекшеліктері, қызмет түрлері, жауапкершілік орталықтары.
12.Есеп жүргізу дұрыстығының жауапкершілігі:
Қарж/қ есебіне, Есеп берудің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты салық органдары айыппұл санкцияларын салуы мүмкін.
Басқару есебіне, Ережелер мен нормалардың болмауына байланысты, басшыны тек басқару есебі көрсеткіштерінің негізінде басқару шешімдерін дұрыс қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.