
- •1 Билет
- •1.Абиотикалық факторлар дегеніміз не ?
- •3.Бергман ережесі туралы түсінік ?
- •2 Билет
- •1.Биотикалық факторлар дегеніміз не?
- •2.Аллен ережесі туралы түсінік ?
- •3.А.Лотканың жасаған тұжырымы ?
- •5 Билет
- •1.Экологиялықваленттілік дегеніміз не ?
- •3.Климакс ұғымы нені білдіреді және оны кім енгізген ?
- •1.Альбедо дегеніміз не?
- •3. Биосфера туралы түсінік және оны еңгізген ғалым ?
- •8 Билет
- •9 Билет
- •2.Оттегінің циклі?
- •11 Билет
- •1.Агрожүйе дегеніміз не ?
- •2.Тірі затқа тән қасиеттер ?
- •Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)
- •Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы
- •Тірі организмдердің көбеюі
- •Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы
- •Тірі организмдердің өзгергіштігі
- •Тірі организмдердің өсуі мен дамуы
- •Тірі организмдердің тітіркенгіштігі
- •Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі
- •3.Оңтүстік Қазақстанның су ресурстары
- •2. Экологиялық білім беру дегеніміз не ?
- •3.Альбедо туралы түсінік
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •3.Уэбстер жүйесінің үш тұжырымын көрсет
- •16 Билет
- •3.А. Хопкинс зерттеуі туралы қысқаша мәлімет
- •17 Билет
- •17 Билет
- •2.Рекреациялық ормандарға жасалатын зақымдануды кеміту үшін қандай іс шаралар жүргізіледі ?
- •3.Экологияның негізгі қызметі
- •18 Билет
- •1. Қазақстанның қазба байлықтары туралы қысқаша мәлімет
- •2. Каспий аумағының экологиялық жағдайлары.
- •3.Фотопериодизм
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •2.Экология ғылымы туралы мәлімет
- •22 Билет
- •2.Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды қандай экожүйелерге бөледі?
- •23 Билет
- •24 Билет.
- •25 Билет
Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы
Барлық тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік бірлігін жасуша құрайды. Жасушаның құрылысын және оның құрамындағы әрбір органоидтердің атқаратын қызметін естеріңе түсіріңдер.
Тірі организмдердің көбеюі
Тірі организмдер көбею арқылы ұрпақ қалдырып, өз түрінің тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі организмдердің көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір организмнің өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ-ның бір молекуласынан екі еселену аркылы бір-біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі орамды молекулалар тізбегі түзіледі. Тірі организмдердің көбеюі тікелей тұқым қуалаушылық касиетімен байланысты.
Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы
Тұкым куалаушылық аркылы тірі организмдер өздерінің белгілерін, қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына беріп отырады. Тірі организмдердің белгілері олардың түрлі тіршілік деңгейлеріндегі құрылыс ерекшеліктері арқылы айқындалады. Организмдердің касиеттері әрбір құрылымдық қосылыстардың атқаратын қызметі аркылы білінеді. Тұқым қуалаушылық касиет арнайы құрылымы бар заттардың (генетикалық аппарат) генетикалық коды арқылы беріледі. Генетикалық код ДНҚмолекуласындағы аминқышқылдарынан тұратын нуклеотидтердің орналасу ретіне тікелей байланысты болады.
Тірі организмдердің өзгергіштігі
Тірі организмдердің өзгергіштік қасиеті тікелей тұқым қуалаушылык касиетімен байланысты жүреді. Өзгергіштік кезінде тұқым қуалаушылықтың негізі болып саналатын гендердің құрылымы өзгереді. Тұқым қуалаушылық қасиет мүлде өзгермейтін болса, тірі организмдер қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделе алмайды. Өзгергіштік арқылы организмдердегендер құрылымының жаңа белгілері мен қасиеттері пайда болады. Сонымен қатар өзгергіштік арқылы табиғи сұрыпталуға жол ашылады. Организмдер қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделіп, тіршілік әрекетін әрі карай жалғастырады. Осылайша бірте-бірте жаңа түрлер пайда болады.
Тірі организмдердің өсуі мен дамуы
Тірі организмдерге тән қасиеттің бірі — олардың өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте-бірте ересектеріне айналады. Даму қасиеті тірі организмдерге және өлі табиғатқа тән кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Даму арқылы табиғатта жаңа қасиеттер пайда болады да, тірі организмдер мен өлі табиғаттың құрылымдық құрамы өзгереді. Тірі организмдердің жекелей дамуы — онтогенез, ал тарихи дамуы — филогенез деп аталады. Онтогенездік даму кезінде тірі организмдерде бірте-бірте белгілі реттілікпен жеке организмнің өзіне тән қасиеттері қалыптасады. Филогенездік даму — тірі организмдерге тән әрі белгілі бір бағыт бойынша жүретін, кері кайталанбайтын процесс. Бұл кезде жаңа түрлер пайда болып, тіршілік күрделене түседі.
Тірі организмдердің тітіркенгіштігі
Кез келген тірі организм сыртқы орта жағдайларымен және басқа да организмдермен өзара тығыз байланыста болады. Тірі организмдер қоршаған орта жағдайларының әр түрлі тітіркендіргіштеріне түрліше жауап қайтарады. Көп жасушалы жануарлар тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі аркылы жауап қайтарады. Олардың орта жағдайларының тітіркендіргіштеріне жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруын рефлекс дейді. Жүйке жүйесі болмайтын бір жасушалы қарапайым жануарлар мен өсімдіктердің қозғалысында немесе өсуінде тітіркендіргіштердің әсерінен болатын өзгерісті таксис немесе тропизм дейді. Мысалы, өсімдіктердің жарыққа карап қозғалуын фототаксис дейді.