- •1 Билет
- •1.Абиотикалық факторлар дегеніміз не ?
- •3.Бергман ережесі туралы түсінік ?
- •2 Билет
- •1.Биотикалық факторлар дегеніміз не?
- •2.Аллен ережесі туралы түсінік ?
- •3.А.Лотканың жасаған тұжырымы ?
- •5 Билет
- •1.Экологиялықваленттілік дегеніміз не ?
- •3.Климакс ұғымы нені білдіреді және оны кім енгізген ?
- •1.Альбедо дегеніміз не?
- •3. Биосфера туралы түсінік және оны еңгізген ғалым ?
- •8 Билет
- •9 Билет
- •2.Оттегінің циклі?
- •11 Билет
- •1.Агрожүйе дегеніміз не ?
- •2.Тірі затқа тән қасиеттер ?
- •Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)
- •Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы
- •Тірі организмдердің көбеюі
- •Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы
- •Тірі организмдердің өзгергіштігі
- •Тірі организмдердің өсуі мен дамуы
- •Тірі организмдердің тітіркенгіштігі
- •Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі
- •3.Оңтүстік Қазақстанның су ресурстары
- •2. Экологиялық білім беру дегеніміз не ?
- •3.Альбедо туралы түсінік
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •3.Уэбстер жүйесінің үш тұжырымын көрсет
- •16 Билет
- •3.А. Хопкинс зерттеуі туралы қысқаша мәлімет
- •17 Билет
- •17 Билет
- •2.Рекреациялық ормандарға жасалатын зақымдануды кеміту үшін қандай іс шаралар жүргізіледі ?
- •3.Экологияның негізгі қызметі
- •18 Билет
- •1. Қазақстанның қазба байлықтары туралы қысқаша мәлімет
- •2. Каспий аумағының экологиялық жағдайлары.
- •3.Фотопериодизм
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •2.Экология ғылымы туралы мәлімет
- •22 Билет
- •2.Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды қандай экожүйелерге бөледі?
- •23 Билет
- •24 Билет.
- •25 Билет
2.Оттегінің циклі?
Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғасырдың 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғасырдың басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников,С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғасырдың орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі,радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.
Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп клеткалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір клеткалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2 мен Н2О пайдаланылса углевод түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік углевод түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил спиртін) пайдаланады.
3.Вернадскийдің қандай очерктері бар ?В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар н/е болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады.Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атайды. Қазіргі жаратылыстану ғылымдары жүйесінде биосфера туралы ілім негізгі орын алады. Биосфера туралы ілімнің дамуы В.И.Вернадскийдің есімімен тығыз байланысты, оның басталу тарихы одан ертерек уақытқа Ж.Б.Ламарктың «Гидрология» еңбегінің жа-зылған кезіне (180?) жыл кетеді. Бұл еңбегінде Ламарк тірі организ-мдердің геологияль.іқ процестерге тигізетін әсері туралы жазған бола-тын. Одан кейін А.Гумбольдтың «Космос» атты көп томдық еңбегінде (алғашқы томы 1845 жылы шықты) тірі организмдердің өздері енетін жер қабықтарымен байланысы туралы тезис нақты дәлелдермен берілген. Ал 1875 жылы Австрия геологы Ә. Зюсс «биосфера» тер-минін өзінің «Альпі тауының геологиясы» атты еңбегінде қолданды және оны жеке қабық ретінде қарастырған болатын. Ол биосфераға кеңістік пен уақытта шектелген Жер бетінде тіршілік ететін организ-мдердің жиынтығы деп анықтама берді.
Бірақ ол кездерде биосфераның геологиялық рөлі туралы, оның Жердің планетарлық факторларына тәуелділігі туралы еш нәрсе ай-тылмады. Ең алғаш рет тірі заттардың геологиялық қызметі туралы, барлық органикалық дүниенің біртутастығы туралы ой айтқан акаде-мик В.И.Вернадский болатын. Оның биосфера туралы концепциялары көптеген еңбектерінде біртіндеп жарық көре бастады. Ол еңбектеріне «Дала топырағының кемірушілер арқылы өзгеруі» (1884), «Тірі заттар» (20-шы жылдардағы қолжазба), «Биосфера» (1926), «Биогеологиялық очерктер» (1940), «Жер биосферасының химиялық құрылысы», «Табиғат зерттеушінің философиялық ойлары» атты еңбектері жатады. № 10 билет 1.Ауру туғызатын заттар мен факторлар. Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа,топалаң және т. б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректену, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).
Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.
Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тарамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеле неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.
Бактериялар.
Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиология өнеркәсібінде микробтармен күресу шаралары табылды. Ауру туғызатын бактерияларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға қарсы қолданылатын дәрілер алынды. Ауырған кезде адам түрлі дәріні пайдаланады. Дәрі адам денесіндегі бактерияларды өлтіреді, сөйтіп адамның ағзасын жұқпалымикробтардан тазартады. Қазіргі кезде жұқпалы ауруларға арналған дәрілердің жаңа түрлері өндірілуде.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны тынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т. б. (Ауасы тазартылған бөлмеле бактериялар саны 13 есе азаяды.)
Бактерияның басқа түрлері сары ауру, қызамық, қуздама (ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.
Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл аурулы қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.
Қантышқақ (дизентерия) ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғарғы температурада қайнатқаннан кейін де сақталады. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да, улы заттар бөледі. Мұндай тағам адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адам қазаға ұшырауы да мүмкін.
Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пенициллин, ампициллин,бисептол сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол аурулы антибиотиктердің көмегімен 2-24 сағат арасында жазып жіберуге болады. Ертеде (VI ғасырда) Қытайдан басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен қалаларда) он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.
Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол аурулы бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдал, зор нұқсан келтіреді.Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары - тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.
2.Адам эволюциясы ? Қазіргі кездегі көзқарастар бойынша қазіргі адам неандерталдық африкандық бұтағынан Homo sapiens ретінде пайда болды. Қазіргі барлық адамзат шартты түрде бір еркек пен бір әйелдің генотипінен тарайтын тұтас генотиптен тұрады. Шығыс Африка жерінде кездескен деген болжамдар бар. Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.
Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),
ертедегі адамдар (палеоантроптар) және
қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.
3.Көміртегінің айналымы қалай жүреді ? Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5 – 40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4 – 46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органик. қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмір қышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ көміртек, зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмір қышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы К. а., оның Жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмір қышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органик. немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді; қ. Биосинтез, Биосфера.
Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырағындағы лептесік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл аурулы болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен өңдеп отыру керек.
Ғалымдар грек жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетінін анықтаған. Сондықтан үйде мал қораның жанына ағаш отырғызып, өсімдіктер егу қажет.
Адам, өсімдіктер мен жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар, олар ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Ауру туғызатын бактериялар ауада, сула, тағамда тіршілік етеді. Адамға солар арқылы оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, қантышқақ, құздама ауруы жұғады. Адамның жаппай ауруы індет деп аталады. Ал өсімдіктердің бактериялық ауруы - бактериоз, мақтаның бактериялық ауруы - гоммоз (шайыр ағу). Аурудан сақтану жолы - тазалық сақтау.
Қазақтың біртума шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауруларға өзінше атау берген. Оның ұсынуы бойынша: тышқақ - сатқа, қантышқақ - сатқақ, құздама - сорбуын.[
