Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEU.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

20 Билет

21 Билет

1.Микроклимат (грек. mіkros – кіші және климат) – жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың ормандыалқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқанклиматынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклиматерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау,өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет

2.Экология ғылымы туралы мәлімет

Экология –тірі ағзалардың өзішілік және оларды  қоршаған  органикалық емес табиғатпен. органикалық жүйелермен байланысы, олардың құрылысы мен жүйелердің  қалыптасуы туралы ғылым.

Экология ғылым ретінде жер бетіндегі тірі ағзалардың әртүрлілігі мен олардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың  ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген тер кология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен «экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель 1866ж. Экология термині гректің «тұрақ, мекен туралы ғылымы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.  минді алғаш рет белгілі неміс  зоологі Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.

3.Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланыты мәселелер

Қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі Вена конгресінің қорытынды құжатында атмосферада, су мен топырақта экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және сақтау, күкірт, азот тотықтарын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 30%-ға уақтылы және тиімді азайту атап көрсетілген.  ЕЭК мүшелері мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдаланудың аймақтық стратегиясының маңыздылығы туралы баса айтылған. 

     Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық  қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық дағдарыстан шығу жолындағы тынымсыз ізденістер тұрақты даму концепциясына алып келді. Тұрақты дамудың анықтамасы бойынша экология мен экономика әріптес болуы тиіс.

     Тұрақты даму - бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.

      Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

      - қаржы ресурстары және оларды  пайдалану механизмі;

     - экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;

     - тұрақты дамуды ғылыми және  ақпараттық қамтамасыз ету. 

     Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде  маңызы ерекше.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]