Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEU.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

14 Билет

  1. Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады.

Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады.Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен ХХ ғасырдың ортасында өтіп кетті.

Екінші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.

Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын.

Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

  1. Планктон (гр. plаnktos— кезбе) — теңіздің, су айдындарының әр түрлі тереңдігінде мекендейтін және суда қалқып тіршілік ететін, су ағынына төтеп бере алмайтын организмдер жиынтығы. Тұщы су планктоны — көл планктоны (лимнопланктон) және өзен планктоны (потамопланктон) деп ажыратылады. Тұщы су зоопланктонында ескекаяқты және бұтақмұртты шаяндар мен коловреткалар көп болады. Теңіз зоопланктонында негізінен шаянтәрізділер, қарапайымдар, ішекқуыстылар, моллюскалар, т.б. омыртқасыздар басым келеді. Фитопланктон фотосинтез процесі жақсы жүретін судың жоғары қабатын, негізінде 50 — 100 м тереңдікті мекендейді. Ал бактериялар және зоопланктондар судың барлық қабатында кездеседі. Теңіз фитопланктоны диатомдық балдырлардан, талшықтылардан; ал тұщы суда диатомдық, көк-жасыл, жасыл балдырлардың кейбір түрлерінен тұрады. Фитопланктон — судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат. Бұлардың су айдындарында көп болуы — су қабаттарындағы биогенді заттарға (фосфат, азотты қосылыстар, т.б.) байланысты. Судағы планктон мөлшері олармен қоректенетін жануарлар, су ағысы, жыл мерзімі, т.б. көптеген жағдайларға байланысты бірнеше км-ден бірнеше м-ге дейін өзгеріп отырады. Планктон шектен тыс көбейіп кетсе, су көк түске боялады, кейде улы заттар да түзіледі. Көптеген планктон жануарлар тұрақты түрде қоныс аударады (миграция), соның нәтижесінде судың беткі қабатындағы қоректік заттар су түбіне ауысады. Кейбір планктонды организмдер су айдындарының ластануының индикаторы болып есептеледі. Араларында кәсіптік маңызы бар түрлері де жеткілікті. Мысалы, креветкалар,мизидтер, крильдер (эвфаузиидті шаян), т.б.

  2. Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін және бір - біріне әсер ететін ӛсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің жиынтығы. Биоценоз ҧғымын алғаш ҧсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877ж.), латын тілінен аударғанда «биос»- ӛмір, тіршілік, «ценоз»- жалпы деген мағынаны білдіреді. Биоценоз қҧрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценологиялық тҧрғыда қарастыру қажет. Кез-келген биоценоз абиотикалық параметрлердің айқын ҥйлесімімен сипатталатын бейорганикалық субстратта дамиды. Яғни, биотоп- организмдердің тіршілік ортасы. Биоценоз бен биотоп бірігіп жоғарғы рангідегі макрожҥйе – биогеоценозды қҧрайды. Алғаш бҧл терминді ғылымға орыс ғалымы В.Н Сукачев (1942) енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз+ биотоптың (экотоп) динамикалық бірлестігі. Сукачев бойынша биогеоценоздың қҧрылымы 2 блоктан: биоценоз және биотоп, 6 звенодан тҧрады: зооценоз – жануарлар популяциясы, фитоценоз- ӛсімдіктер популяциясы, микроценоз- микроорганизмдер, гидротоп- су ортасы, климатоп- қҧрлық-әуе ортасы және эдафотоп- топырақ тіршілік ортасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]