- •1 Билет
- •1.Абиотикалық факторлар дегеніміз не ?
- •3.Бергман ережесі туралы түсінік ?
- •2 Билет
- •1.Биотикалық факторлар дегеніміз не?
- •2.Аллен ережесі туралы түсінік ?
- •3.А.Лотканың жасаған тұжырымы ?
- •5 Билет
- •1.Экологиялықваленттілік дегеніміз не ?
- •3.Климакс ұғымы нені білдіреді және оны кім енгізген ?
- •1.Альбедо дегеніміз не?
- •3. Биосфера туралы түсінік және оны еңгізген ғалым ?
- •8 Билет
- •9 Билет
- •2.Оттегінің циклі?
- •11 Билет
- •1.Агрожүйе дегеніміз не ?
- •2.Тірі затқа тән қасиеттер ?
- •Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)
- •Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы
- •Тірі организмдердің көбеюі
- •Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы
- •Тірі организмдердің өзгергіштігі
- •Тірі организмдердің өсуі мен дамуы
- •Тірі организмдердің тітіркенгіштігі
- •Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі
- •3.Оңтүстік Қазақстанның су ресурстары
- •2. Экологиялық білім беру дегеніміз не ?
- •3.Альбедо туралы түсінік
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •15 Билет
- •3.Уэбстер жүйесінің үш тұжырымын көрсет
- •16 Билет
- •3.А. Хопкинс зерттеуі туралы қысқаша мәлімет
- •17 Билет
- •17 Билет
- •2.Рекреациялық ормандарға жасалатын зақымдануды кеміту үшін қандай іс шаралар жүргізіледі ?
- •3.Экологияның негізгі қызметі
- •18 Билет
- •1. Қазақстанның қазба байлықтары туралы қысқаша мәлімет
- •2. Каспий аумағының экологиялық жағдайлары.
- •3.Фотопериодизм
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •2.Экология ғылымы туралы мәлімет
- •22 Билет
- •2.Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды қандай экожүйелерге бөледі?
- •23 Билет
- •24 Билет.
- •25 Билет
2. Каспий аумағының экологиялық жағдайлары.
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды. Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды.
