Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEU.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.23 Кб
Скачать

8 Билет

1. Биолюминесценция дегеніміз тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі.Бұл қоршаған ортадан түсетін тітіркендірулерге жауап ретінде катализатордың әсерінен күрделі органикалық заттардың тотығуынан болады.Балықтар,бесаяқты былқылдақденелердің шығаратын жарықтық сигналдары қарама қарсы жыныс дарасының назарын аудару,жемтігін аулау үшін қажет.

2 . Энергия[1] (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші.

Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әр түрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “ Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияныңсақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды. Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия, ядролық энергия, т.б.) Физиканың даму процесінде энергия ұғымы нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Энергия туралы ілімнің дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы энергия қозғалысы мен “ энергия ағыны” туралы ұғымның енгізілуі болды. Энергия ағыны деп энергия тығыздығы мен берілген ортадағы орын ауыстыру жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторды айтады.

3. Гомотиптік реакциялар. Биотикалық факторлардың екі тобы белгілі: түрішілік (гомотиптік, грек тілінен аударғанда homoios - бірдей) және түраралық (гетеротиптік, грек тілінен аударғанда heteros - әр түрлі).Гомотиптік реакциялар бір түрдің дараларының арасында байқалады. Гомотиптік реакциялардың ішінен экологиялық маңызды түрлеріне топ пен масса, түршілік бәсекелестік эффектісін атауға болады. Гомотиптік реакцияларға түршілік бәсеке де жатады. Себебі, неғұрлым бәсекелестердің қажеттіліктері ұқсас болса, бәсекелестік жоғары болады.

Бәсекелестік. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы, түраралық азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер қоршаған ортаға қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Белгілі бір биологиялық белсенділігі бар бұл заттар басқа ағзаларға әсер етеді.

9 Билет

1. 1.Судың эвтрофикациясы дегеніміз не ?

Судың эвтрофикациясы деп судың

биогенді элементтермен,әсіресе азотпен, фосформен н/е құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация грек тілінен аударғанда эу − жаксы,трофе – қоректену яғни судың бай қоректенуі. Э. мысалында экологияның маңызды құбылыстары,тізбекті табиғи реакциялар, шектеуші факторлардың әсері және басқа жуйелік қағидаларды көруге болады. Э.ның нәтижесі – балдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі, су қоймасында органикалық заттар мен басқада ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]