Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEU.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.23 Кб
Скачать

23 Билет

1. .Дж.Андерсон гетеротрофтарды 3 категорияға бөледі: некротрофтар,биотрофтар,сапротрофтар.

Некротрофтар-(грек тіл. өлі )-қоректену объектісін өлтіреді (адам,жыртқыш)

Биотрофтар(грек тіл. тірі) –басқа тірі ағзалар есебінен қоректенетін ағзалар (паразиттер)

Сапротрофтар (грек тіл.шірік)- өлген органикалық заттармен қоректенеді.

Жерде алғаш пайда болған ағзалар гетеротрофтар болған.егер автотрофтар пайда болмағанда олар өз өзін жойып жіберер еді.Автотрофтар органикалық заттарды синтездейді,ал гетеротрофтар оларды пайдаланады.Бұл процесс барысында органикалық затың ыдырауы болады.Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотрофтар пайдаланса,онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі.Гететрофтар органикалық заттарды бастапқы компоненттерге:көмірқышқыл газы,су,нитраттар,фосфаттар т.б.ыдырата отырып,химиялық энергияны босатып шағарады.

2) Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп - қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (гр. bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологи Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын, организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан организмдер кешеңі деп Қарауға болады.

3) Мезоклимат  - бұл орманның, егіс даласының, шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты.ол климатқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді.орманда күндіз даламен  салыстырғанда әрдайым салқындау және ылғалдырақ.

24 Билет.

1)Н.А. Воронков: “Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет. Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым”.

2)Экологиялық қойма дегеніміз – ағзаның табиғаттағы орнын және бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орнын, яғни қоршаған ортаға, қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жиынтығы. Бұл түсінік «мекен ету орнынан» көлемді және мазмұнды ұғым. Одумның түсіндіру бойынша мекен ету орны ағзаның  «мекен жайы» (адрес), ал экологиялық қойма оның «мамандығы» болып табылады. Бір жерде әдетте әр түрге жататын көптеген ағзалар тіршілік етеді. Мысалы: орманда жүздеген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендейді, бірақ олардың әрқайсысының өзінің мамандануы – экологиялық қоймасы болады.

Әрбір экожүйеде бір экологиялық қойманы не оның элементтерін қажет ететін (қорек, баспана және т.б.) түрлер болады. Мұндай жағдайда экологиялық  қойма үшін бәсеке міндетті түрде орын алады.

Гаузе принципі (1930-1934) бойынша экологиялық жағдайлары ұқсас екі түр ұзақ уақыт бір экологиялық қоймада тіршілік ете алмайды.

3)Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен байланысты:  өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]